Об упразднении некоторых населенных пунктов Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении некоторых населенных пунктов Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерін тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 451
- Қабылданған күні
- 11.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2015 98191_44835.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15C0004697
- ЭКБ идентификаторы
- 98191
- Редакция идентификаторы
- 98191_44835
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:06
0 Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерін тарату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Әйтеке би, Алға және Ырғыз аудандарының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтын келесі ауылдар таратылсын:
Әйтеке би ауданы бойынша:
Сарат ауылдық округінің Қырыққұдық ауылы,
Комсомол ауылдық округінің Бөгеткөл және Тасқожа ауылдары;
Алға ауданы бойынша:
Тоқмансай ауылдық округінің Өлетті ауылы;
Ырғыз ауданы бойынша:
Тәуіп ауылдық округінің Қаракөл ауылы.