Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача паспорта готовности отопительным котельным всех мощностей и тепловых сетей (магистральных, внутриквартальных) к работе в осенне-зимних условиях»

Қаулы · № 477 · қабылданған 29.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98217/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача паспорта готовности отопительным котельным всех мощностей и тепловых сетей (магистральных, внутриквартальных) к работе в осенне-зимних условиях» Күшін жойған Қаулы ·№ 477 ·29.10.2015
28.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача паспорта готовности отопительным котельным всех мощностей и тепловых сетей (магистральных, внутриквартальных) к работе в осенне-зимних условиях»

Күшін жойған Қаулы ·№ 477 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача паспорта готовности отопительным котельным всех мощностей и тепловых сетей (магистральных, внутриквартальных) к работе в осенне-зимних условиях»
Атауы (қаз.)
«Барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
477
Қабылданған күні
29.10.2015
Көрсетілген редакция
28.07.2020 98217_477839.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15D0035891
ЭКБ идентификаторы
98217
Редакция идентификаторы
98217_477839
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:50

0 «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 - бабы 3 - тармағына, «Электр энергетика саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің № 281 бұйрығына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Тәнекенов) басшысына осы қаулыны аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындаған интернет-ресурсында және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М. Бигелдиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіргелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылдың 29 қарашадағы
№ 477 қаулысымен бекітілген
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не Стандарттың

10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ресімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

1

1) құжаттарды қабылдау және тіркеу (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтініштін көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады), көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;

2 2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3 3) қызметті берушінің жауапты орындаушының паспортты рәсімдеу және қол қоюға жолдау. Нәтижесі – паспортты қол қоюға жолдау;

6 6) паспортқа қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау. Нәтижесі – паспортты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

7 7) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға паспортты беру.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде тапсырылған кұжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Стандарттың 9 тармағына сәйкес, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелденген бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4 4) комиссия.

7

7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.

4 4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауды және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі;

3 3) электрондық сұрауды және құжаттарды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

4 4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

31 «Энергия өндіруші және энергия

беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің, порталдың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары;

Қолданыстағы