Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Жалагашского районного маслихата

Өзге акт · № 49-11 · қабылданған 23.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98269/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Жалагашского районного маслихата Күшін жойған Өзге акт ·№ 49-11 ·23.12.2015
01.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Жалагашского районного маслихата

Күшін жойған Өзге акт ·№ 49-11 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Жалагашского районного маслихата
Атауы (қаз.)
Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49-11
Қабылданған күні
23.12.2015
Көрсетілген редакция
01.08.2016 98269_694519.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15LF005314
ЭКБ идентификаторы
98269
Редакция идентификаторы
98269_694519
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:44

0 Жалағаш аудандық мәслихатының

кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жалағаш аудандық мәслихатының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір шешімдерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
“Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы” мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________________ М.Дельмуханов
“23” желтоқсан 2015 жыл

3 Жалағаш аудандық мәслихатының

2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№49-11 шешімімен бекітілген
Жалағаш аудандық мәслихатының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №11-8 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4328 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 03 қарашадағы “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған):

көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
2-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
“Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленді.”.

2

2. “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі №31-5 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4679 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 31 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған):
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
2-тармақтың 3) және 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
“3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – “Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті” Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;”;
“9) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы;”;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 10-1), 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
“6-1) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - уәкілетті орган үміткермен бірлесіп жұмыспен қамтуға және (немесе) әлеуметтік бейімделуге ықпал ету жөнінде әзірлеген кешенді іс-шаралар;
6-2) отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарты - шартты ақшалай көмекті белгілеу үшін отбасы атынан еңбекке қабілетті жеке тұлға және уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін келісім;
10-1) үміткер – шартты ақшалай көмек белгілеу үшін өзі және отбасы атынан өтініш білдірген тұлға;
10-2) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) - мемлекет отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарты талаптарымен жеке тұлғаларға немесе жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен отбасыларға ақшалай түрде беретін төлем;”;
6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
“1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;”;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
“3-1. Әлеуметтік келісім-шарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек
23-1. Әлеуметтік келісім-шарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек (ШАК) отбасының (тұлғаның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға ықпал етудің мемлекеттік шараларына қатысу және қажет болған жағдайда еңбекке қабілеттілерді қоса алумен отбасы (тұлға) мүшелерінің әлеуметтік бейімделуден өту шартымен және отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарттың күшінде болу мерзіміне отбасыға (тұлғаға) көрсетіледі және ай сайын төленеді.
23-2. Отбасының әрбір мүшесіне (тұлғаға) арналған ШАК мөлшері отбасының (тұлғаның) жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады және отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
23-3. Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 (үш) айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және 3 (үш) айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
23-4. Үміткер ШАК тағайындау үшін жеке өзінің не отбасының атынан уәкілетті органға немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Үміткер ШАК тағайындауға келісім берген жағдайда осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес әңгімелесу парағын толтырумен әңгімелесу жүргізіледі.
23-5. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер ШАК тағайындау туралы өтінішті, осы Қағиданың 5, 6-қосымшаларына сәйкес отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнаманы толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат;
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы.
23-6. Егер өтініш беруші жүгінген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылса, Қағиданың 23-5-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
23-7. Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
23-8. Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру актісін жасайды, осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оны уәкілетті органға береді.
23-9. Әлеуметтік келісім-шарт негізінде ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін “Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №88 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылдың 17 наурызында №10474 тіркелген)  бекітілген нысан бойынша отбасыға көмектің жеке жоспарын әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.
23-10. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады.
23-11. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ скринингтік тексеруден өтуге, әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейімділігі, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу бойынша міндеттемелерді қамтиды.
23-12. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты 6 (алты) айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай 6 (алты) айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда шартты әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.
23-13. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа тұлғалардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
23-14. Уәкілетті орган “Е - Әлеуметтік қамтамасыз ету” немесе “Әлеуметтік көмек” автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдаланумен әлеуметтік көмек ұсынылуына мониторинг және есеп жүргізеді.
23-15. ШАК төлеуді уәкілетті орган алушылардың банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырады.
23-16. Уәкілетті орган ШАК төлеуді мынадай жағдайларда тоқтатады:
1) “Өрлеу” жобасына қатысушының отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;
2) жалған мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартының бұзылуы;
3) алушының банктiк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыстардың болмауы;
4) ШАК алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтердің, оның ішінде “Жеке тұлғалар” мемлекеттік дерекқорынан анықталуы;
5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтердің, оның ішінде “Жеке тұлғалар” мемлекеттік дерекқорынан келіп түсуі;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтіп кетуі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздеуде жүрген адамдар фактісінің, оның ішінде “Жеке тұлғалар” мемлекеттік дерекқорынан анықталуы;
8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтердің түсуі.
Бұл ретте, ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда адамға (отбасына) ШАК төлеу оның тағайындалу кезеңіне тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.”;
Қағида осы шешімнің 1,2,3,4-қосымшаларына сәйкес 4,5,6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.

3

3. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №46-10 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5173 нөмірімен тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2015 жылғы 21 қазанда жарияланған):
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:”.

7 Жалағаш аудандық мәслихатының

2015 жылғы 23 желтоқсандағы №49-11
шешіміне 1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидасына
4-қосымша
нысан
Шартты ақшалай көмекті тағайындау үшін әңгімелесу парағы
Өтініш берушінің Т.А.Ә.
___________________________________________________________________
“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік
мекемесі маманының Т.А.Ә._________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде
шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн______________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс
орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Отбасы мүшелері
Кәсібі
Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері
Жалпы жұмыс өтілі
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі
Еңбек дағдылары мен шеберлігі
Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы
Өтініш беруші
Зайыбы (жұбайы)
Басқа ересектер
Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші:_____________________________________________________
____________________________
Зайыбы (жұбайы):___________________________________________________
____________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері:________________________________
___________________________________________________________________
____________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас __________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________
Отбасындағы қиындықтар_____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі маманының бағасы_______________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі
келтіреді___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы_________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________
Басқа_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тараптардың қолы
“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту.
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімі” коммуналдық мемлекетік мекемесі Қатысушы(лар)
___________________ (қолы) _________________ (қолы)
___________________ (күні) _________________ (күні)

8 Жалағаш аудандық мәслихатының

2015 жылғы 23 желтоқсандағы №49-11
шешіміне 2-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидасына
5-қосымша
нысан
Шартты ақшалай көмекті тағайындауға өтініш
_________________________
(елді мекені, ауданы, облысы)
“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін
бөлімі” мемлекеттік мекемесіне
_________________________
(елді мекені, ауданы)
_________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
мекенжайы бойынша тұратын
_________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
жеке куәлік № _______________________________
_________________________
берілген күні _______________________________
ЖСН _____________________
Өтініш
Мені (менің отбасымды) жобаға қабылдауды және отбасының белсенділігін
арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек
тағайындауды сұраймын.
Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның
мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға,
сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке
келтіруге және жаңартуға келісім беремін. Мен берген ақпараттың құпия
екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана
пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады. Отбасы құрамында
өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға
міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық
туралы маған ескертілді. Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын)
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып
тексеруге келісемін.
Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір
мезгілде мынадай көмектерді көрсетуіңізді сұраймын:
тұрғын үй көмегі
арнайы әлеуметтік қызметтер
мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық,
протездік-ортопедиялық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен
қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік
қызметтерін көрсету
жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек
«____» __________20 ___ ж. ___________________
(күні) (өтініш берушінің қолы)
“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
қызметтік белгілері үшін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________
Құжаттар қабылданды «____» __________ 20___ ж._______________________
_____________________________________________________________________
______________(күні) (құжаттарды қабылдаған адамның (Т.А.Ә. және қолы)
Отбасының тіркеу нөмірі____
Өтініш қоса берілген құжаттармен «____» _______ 20 ___ ж. учаскелік
комиссияға берілді.
«____» _________ 20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы
___________________;
Өтініш берушінің қолы ____________________________________________
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттардың қабылданған күні туралы
уәкілетті органның белгісі «____»__________ 20___ ж.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық
туралы ескертілді.
Азамат _____________________________ өтініші қоса берілген ______
данадағы құжаттармен, отбасының ________ тіркеу нөмірімен «____»
__________ 20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
_____________________________________________

9 Жалағаш аудандық мәслихатының

2015 жылғы 23 желтоқсандағы №49-11
шешіміне 3-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидасына
6-қосымша
нысан
Өтініш иесінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама
Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Т.А.Ә.
Туған күні
Туыстық қатынасы
Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала)
Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны
15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі)
Өтініш беруші
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер
(зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары)
Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға
өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер
(табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған
деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады.
Р/с

Өтініш берушінің және отбасы мүше-лерінің Т.А.Ә.
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыз адам тіркеу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде растайды)
Құжаттармен расталған табыс сомасы
Өзге де мәлімделген табыстар
еңбек қызметінен түскен табыстар
зейнет-ақылар, жәрдем-ақылар
кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар
стипендия
алимент
өзге де табыстар
* Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: _______________;
ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _______;
тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда,
жөнделмеген);
қажеттісінің астын сызу
үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы
жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытшабаспана,
киіз үй);
қажеттісінің астын сызу
тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ,
жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
қажеттісінің астын сызу
_____________________________________________________________________
Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік
пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты
иеленуі туралы мәліметтер:
Мүліктің түрі
Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.)
Тиесілігі
Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы
(тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік
есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
___________________________
өтініш беруші_________________________________________________________
___________________________
зайыбы (жұбайы)_______________________________________________________
__________________________
балалар_______________________________________________________________
__________________________
басқа да туысқандар___________________________________________________
__________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын
арнаулы әлеуметтік қызметтер:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
__________________________
Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
тамақтануға да жетпейді;
тамақтануға ғана жетеді;
тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді;
балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен
қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ

Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш
берушінің пікірі)_____________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
_________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса
аласыз:
бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс
орындарына орналасу;
микрокредит беру;
кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
«Жастар практикасына» қатысу;
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және
экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________ ____________________ _________________
(күні) (Т.А.Ә.) (қолы)

10 Жалағаш аудандық мәслихатының

2015 жылғы 23 желтоқсандағы №49-11
шешіміне 4-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидасына
7-қосымша
нысан
Өтініш берушінің материалдық
жағдайын учаскелік комиссияның тексеру
АКТІСІ
20 ___ жылғы «____» ________________
____________________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.___________________________________________
2. Тұрғылықты жерінің мекенжайы______________________________________
3. Туған күні және жері______________________________________________
4. Жұмыс орны, лауазымы______________________________________________
5. Азаматтың орташа айлық табысы_____________________________________
6. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы_____________________
7. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есепке алынады)
______________ адам, оның ішінде:
Р/с

Т.А.Ә.
Туған күні
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Білімі
Жұмыспен қамту (жұмыс, оқу орны)
Өзін-өзі жұмыс-пен қамту
Жұмыс-сыздық себебі
Жұмыс-сыз ретінде жұмыспен қамту орган-дарында тіркел-гені туралы деректер
Қоғамдық жұмыс-тарға, кәсіптік даярлауға (қайта даярлау, біліктілікті арттыру) немесе жұмыспен қамтуға жәрдем-десудің белсенді шара-ларына қатысқан-дығы туралы мәліметтер
Еңбекке қабілетті барлығы ___________ адам.
Жұмыссыз ретінде тіркелгені __________ адам.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы 2-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген себептер бойынша
жұмыспен қамтылмағандар _________ адам.
Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан
айыру орындарында) __________ адам.
Кәмелетке толмаған балалардың саны _________ адам, оның ішінде:
мемлекеттің толық қамтамасыз етуімен оқитындар _________ адам;
ақылы негізде жоғары және орта арнаулы білім беру орындарында оқитындар
__________ адам, оқудың бір жылдық құны ____________ теңге.
8. Жұмыспен қамту орталығы бекіткен әлеуметтік келісімшарттың болуы:
_____ адам:
1. (Т.А.Ә.) _________________________________________________________
2. (Т.А.Ә.) _________________________________________________________
9. «Бота» қоғамдық қорынан берілетін шартты ақшалай жәрдемақыны алу:

жүкті және бала емізетін әйелдер _________ адам;

4-тен 6 жасқа дейінгі балалар __________ адам;
мүмкіндіктері шектеулі балалар ________ адам;
16-дан 19 жасқа дейінгі жастар ________ адам.
10. Баспана жағдайы (жатақхана, жалдамалы, жекешелендірілген тұрғын үй,
қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге)
қажеттісін көрсету_____________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
______________________
Ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны________________
Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар айына__________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
11. Отбасының табыстары:
Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.
Табыс түрі
Өткен жылғы табыс сомасы
Жеке қосалқы шаруашылық (аула шаруашылығы, мал және құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
12. Мыналардың:
автокөліктің (маркасы, шығарылған жылы, құқық белгілейтін құжат, оны
пайдаланудан түскен табыс)_____________________________________________
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
өзге тұрғын үйдің, қазіргі уақытта тұратын баспанадан басқа (оны
пайдаланудан түскен табыс)_____________________________________________
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
бар-жоғы.
13. Отбасының өзге де табыстары (түрі, сомасы, көзі):__________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
14. Мұқтаждықтың көрініп тұрған белгілері (жиһаздың, тұрғын үйдің электр
желілерінің жағдайы және т.б.)_________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
15. Әл-ауқатын көрсететін белгілер (жерсеріктік антенна тәрелкесі, ауа
баптағыш, қымбат жаңа жөндеу және т.б.)________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________
16. Санитариялық-эпидемиологиялық тұру жағдайлары______________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
17.Учаскелік комиссияның басқада байқағандары:_________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
____________________________ ___________________________
Комиссия мүшелері:

(қолы) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы _____________________________
Тексеру жүргізуден бас тартамын _______________________________
өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы,
күні (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

Қолданыстағы