Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Текели
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Текели
- Атауы (қаз.)
- Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44-289
- Қабылданған күні
- 22.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2018 98337_338562.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DC003683
- ЭКБ идентификаторы
- 98337
- Редакция идентификаторы
- 98337_338562
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:51
0 Текелі қаласы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызметін Текелі қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Нұрғалиев Қ. Д.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Текелі қалалық мәслихатының
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 44-289 «Текелі қаласы бойынша
бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін
белгілеу туралы» шешіміне қосымша
Қызметін Текелі қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Рет №
Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерінің мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
3
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
3
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
3
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
5