Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня заболеваний, для которых установлен срок временной нетрудоспособности более двух месяцев

Бұйрық · № 1033 · қабылданған 28.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98371/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня заболеваний, для которых установлен срок временной нетрудоспособности более двух месяцев Қолданыста Бұйрық ·№ 1033 ·28.12.2015
28.12.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня заболеваний, для которых установлен срок временной нетрудоспособности более двух месяцев

Қолданыста Бұйрық ·№ 1033 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня заболеваний, для которых установлен срок временной нетрудоспособности более двух месяцев
Атауы (қаз.)
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1033
Қабылданған күні
28.12.2015
Көрсетілген редакция
28.12.2015 98371_113542.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012733
ЭКБ идентификаторы
98371
Редакция идентификаторы
98371_113542
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:25

0 Екі айдан астам еңбекке уақытша

жарамсыздық мерзімі белгіленген
аурулардың тізбесін бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесі бекітілсін.

2

2. «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11048 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1033 бұйрығымен бекітілген
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген
аурулардың тізбесі

1 1. Ішектiң пенетрациясымен және iштен қан өтумен асқынған iш сүзегi мен паратифтер

2 2. Сальмонеллездiк септицемия

3 3. Ботулизм, асқынған нысаны

4 4. Амебиаз, асқынған нысаны

5 5. Бактериологиялық және гистологиялық расталған тыныс ағзаларының туберкулезi

6 6. Бактериологиялық және гистологиялық расталмаған тыныс алу ағзаларының туберкулезi

7 7. Басқа ағзалардың туберкулезi

8 8. Милиарлық туберкулез

9 9. Оба

10 10. Туляремия

11 11. Түйнеме, өкпелiк нысаны

12 12. Декомпенсация сатысындағы созылмалы өткiр және ауыр дәрежедегі өткiрге жуық бруцеллез

13 13. Асқынған нысандағы сап және мелиоидоз

14 14. Бүйректердi зақымдайтын лептоспироз

15 15. Алапес (Гасен ауруы)

16 16. Асқынған нысандағы листериоз

17 17. Дифтерия, уытты нысаны

18 18. Менингококкалық инфекция

19 19. Стрептококколық септицемия

20 20. Басқа септицемия

21 21. Миокардитпен асқынған бөртпе сүзегi

22 22. Өткiр полиемиелит

23 23. Орталық жүйке жүйесiнiң баяу вирустық инфекциялары

24 24. Құтыру

25 25. Маса вирустық энцефалит

26 26. Кене вирустық энцефалит

27 27. Басқа айдарларда жiктелмеген, басқа да вирустық энцефалиттер

28 28. Анықталмаған вирустық энцефалиттер

29 29. Вирустық менингит

30 30. Орталық нерв жүйесiнiң басқа айдарларда жiктелмеген, басқа да вирустық инфекциялары

31 31. Орталық нерв жүйесiнiң вирустық инфекциясы

32 32. Бүйрек синдромымен асқынған геморрагикалық безгек

33 33. Герпетикалық менингит

34 34. Герпетикалық энцефалит

35 35. Ауыр дәрежедегi А вирустық гепатитi

36 36. Ауыр дәрежедегi В вирустық гепатитi

37 37. Комамен анықталмаған вирустық гепатит

38 38. Адамның иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ) туғызатын ауру

39 39. Менингитпен асқынған эпидемиялық паротит

40 40. Кандидоздық менингит

41 41. Кандидоздық септицемия

42 42. Plasmodium falciparum тудыратын малярия, асқынған нысаны

43 43. Plasmodium vivax тудыратын малярия, асқынған нысаны

44 44. Plasmodium malariae тудыратын малярия, асқынған нысаны

45 45. Лейшманиоз, висцеральдық нысаны

46 46. Токсоплазмалық менингоэнцефалит

47 47. Басқа ағзаларды зақымдайтын токсоплазмоз

48 48. Экинококкоз

49 49. Цистицеркоз

50 50. Ерiннiң қатерлi iсiгi

51 51. Тілдiң қатерлi iсiгi

52 52. Қызыл иектiң қатерлi iсігi

53 53. Ауыз қуысы түбiнiң қатерлi iсiгi

54 54. Қызыл иектiң iшкi бөлiгiнiң қатерлi iсiгi

55 55. Ауыздың басқа да анықталмаған бөлiгiнiң қатерлi iсiгi

56 56. Құлақ маңы сiлекей безiнiң қатерлi iсiгi

57 57. Анықталмаған үлкен сiлекей бездерiнiң басқа да қатерлi iсiктерi

58 58. Бадамша бездiң қатерлi iсiгi

59 59. Жұтқыншақтың қатерлi iсiгi

60 60. Аңқаның қатерлi iсiгi

61 61. Алмұрт тәрiздi синустың қатерлi iсiгi

62 62. Жұтқыншақтың төменгi бөлiгiнiң қатерлi iсiгi

63 63. Ерiннiң, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың басқа және таралуы дәл белгiленбеген қатерлi аурулары

64 64. Өңештiң қатерлi iсiгi

65 65. Асқазанның қатерлi iсiгi

66 66. Ащы iшектiң қатерлi iсiгi

67 67. Тоқ iшектiң қатерлi iсiгi

68 68. Ректосигмоидтық қосылыстың қатерлi iсiгi

69 69. Тiк iшектiң қатерлi iсiгi

70 70. Құйрық пен тiк iшектің қатерлi ісiгі

71 71. Бауыр мен бауыр ішiлiк өт жолдарының қатерлi iсiгi

72 72. Өт қабының қатерлi iсiгi

73 73. Өт шығару жолдарының басқа да анықталмаған бөлiктерiнiң қатерлі iсiгi

74 74. Ұйқы безiнiң қатерлi iсiгi

75 75. Ас қорыту органдарының басқа да таралуы дәл белгiленбеген қатерлi iсiгi

76 76. Мұрын мен орта құлақ қуысының қатерлi iсiгi

77 77. Қосымша қуыстардың қатерлi iсiгi

78 78. Көмей мен кеңiрдектiң қатерлi iсiгi

79 79. Қолқа мен өкпенiң қатерлi iсiгi

80 80. Айырша бездiң қатерлi iсiгi

81 81. Жүректiң, көкiрек қуысы мен өкпе қабының қатерлi iсiгi

82 82. Тыныс алу органдары мен кеуденiң ішкі органдарының басқа да таралуы дәл белгiленбеген қатерлi iсiгi

83 83. Сүйектiң және буын шемiршектерiнiң қатерлi iсiгi

84 84. Терiнiң қатерлi меланомасы

85 85. Терiнiң басқа да қатерлi iсiктерi

86 86. Мезотелиома

87 87. Капоша саркомасы

88 88. Шеткi нервтер мен вегетативтiк нерв жүйесiнiң қатерлi iсiгi

89 89. Шарбы асты кеңiстiгi мен шарбының қатерлi iсiгi

90 90. Бiрiктiрушi және жұмсақ тiндердiң басқа да үлгiлерiнiң қатерлi iсiгі

91 91. Сүт безiнiң қатерлi iсiгi

92 92. Әйелдiң сыртқы жыныс мүшесiнiң қатерлi iсiгi

93 93. Қынаптың қатерлi iсiгi

94 94. Жатырдың қатерлi iсiгi

95 95. Жатыр мойны қатерлi iсiгi

96 96. Анабездiң қатерлi iсiгi

97 97. Шарананың қатерлi iсiгi

98 98. Ер адамдардың жыныс мүшелерiнiң қатерлi iсiгi

99 99. Бүйректiң, бүйрек түбекшесiнiң қатерлi iсiгi

100 100. Зәр жолының, зәр қабының қатерлi iсiгi

101 101. Көздiң және оның қосымша аппаратының қатерлi iсiгi

102 102. Мидың және ми қабықтарының қатерлi iсiгi

103 103. Жұлынның, бас сүйегi нервтерiнiң және орталық нерв жүйесi бөлiктерiнiң қатерлi iсiгi

104 104. Қалқанша бездiң қатерлi iсiгi

105 105. Бүйрек үстi безiнiң қатерлi iсiгi

106 106. Басқа да эндокриндiк бездер мен туыстас құрылымдардың қатерлi iсiгi

107 107. Басқа да дәл белгiленбеген орналасулардың қатерлi iсiгi

108 108. Лимфатикалық түйiндердiң екiншi және анықталмаған қатерлi iсiгi

109 109. Тыныс алу және ас қорыту органдарының екiншi қатерлi iсiгi

110 110. Басқа орналасулардың екiншi қатерлi iсiгi

111 111. Ходжкин ауруы (лимфогранулематоз)

112 112. Фолликулярлық ходжкиндiк емес лимфома

113 113. Диффуздық ходжкиндiк емес лимфома

114 114. Шеткi және терiлiк т-клеткалық лимфомалар

115 115. Ходжкиндiк емес лимфоманың басқа да анықталмаған үлгiлерi, лимфосаркома

116 116. Қатерлi иммунопролиферативтiк аурулар

117 117. Көпше миелома және қатерлi плазмоклеткалық iсiктер

118 118. Лимфолейкоз

119 119. Миелолейкоз

120 120. Моноцитарлық лейкоз

121 121. Анықталған жасушалық үлгiдегi басқа да лейкоздар

122 122. Анықталмаған жасушалық үлгiдегi лейкоз

123 123. Лимфоидтық, қан жасаушы және оларға туыстас тіндердiң басқа да және анықталмаған қатерлi iсiктерi

124 124. Дербес (бiрiншi) көпше орналасулардың қатерлi iсiгi

125 125. Ауыз қуысының, өңештiң және асқазанның карцинома in situ

126 126. Басқа да анықталмаған ас қорыту органдарының карцинома in situ

127 127. Орта құлақ пен тыныс органдарының карцинома in situ

128 128. Терiнiң карцинома in situ

129 129. Сүт безiнiң карцинома in situ

130 130. Жатыр мойнының карциномасы

131 131. Басқа да және анықталмаған жыныс ағзаларының карцинома in situ

132 132. Басқа да және анықталмаған орналасулардың карцинома in situ

133 133. Ауыздың, жұтқыншақтың, сiлекей бездерінiң қатерсiз iсiгi

134 134. Тоқ iшектiң, тiк iшектiң және құйрықтың қатерсiз iсiгi

135 135. Орта құлақтың және тыныс алу ағзаларының қатерсiз iсiгi

136 136. Сүйектердiң және буын шемiршектерiнiң қатерсiз iсiгi

137 137. Сүт безiнiң қатерсiз iсiгi

138 138. Анабездiң қатерсiз iсiгi

139 139. Ер адамдардың жыныс ағзаларының қатерсiз iсiгi

140 140. Көздiң және оның қосымша аппаратының қатерсiз iсiгi

141 141. Мидың және орталық нерв жүйесi бөлiктерiнiң қатерсiз iсiгi

142 142. Қалқанша бездiң қатерсiз iсiгi

143 143. Феохромоцитома және басқа нейроэндокриндiк iсiктер

144 144. В 12 витаминi және фолиево тапшылығы анемиясы

145 145. Гемолитикалық анемиялар

146 146. Апластикалық анемиялар

147 147. Қанның ұйығыштығының бұзылуы, пурпура және басқа геморрагикалық жағдайлар

148 148. Агранулоцитоз

149 149. Көкбауыр аурулары

150 150. Эссенциалдық тромбоцитоз

151 151. Метгемоглобинемия

152 152. Гистиоцитоз

153 153. Құрама иммун тапшылығы

154 154. Саркоидоз

155 155. Гипотиреоз

156 156. Мойын ағзаларын қысу синдромымен IV-V дәрежедегi уытты емес алқым iсiгi (зоб)

157 157. Тиреотоксикоз (гипертиреоз)

158 158. Тиреодит

159 159. Қант диабетi

160 160. Гипопаратиреоз, гиперпаратиреоз

161 161. Гипофиздiң гиперфункциясы

162 162. Гипофункция және гипофиз функцияларының басқа да бұзылулары

163 163. Иценко-Кушинттiң синдромы

164 164. Адреногенитальдық бұзылулар

165 165. Бүйрек сырты жетiмсіздігі

166 166. Гиперальдостеронизм

167 167. Бүйрек сырты функцияларының басқа да бұзылулары

168 168. Айырша бездiң тұрақты гиперплазиясы

169 169. Айырша бездiң абсцесi

170 170. Карциноидтық синдром

171 171. Амилоидоз

172 172. Шизофрения

173 173. Асқынған менингит

174 174. Өрескел неврологиялық түсулермен энцефалит, миелит және энцефаломиелит

175 175. Өрескел неврологиялық түсулерi бар бас сүйек iшiндегi және омыртқа iшiндегi абцесс пен гранулема

176 176. Айқын неврологиялық синдромы бар орталық нерв жүйесiнiң қабынуы ауруларының бөлектелген зардаптары

177 177. Паркинсон ауруы, екiншi паркинсонизм

178 178. Айқын функционалдық бұзылулары бар басқа да экстрапирамидтiк және қимылдық бұзылулар

179 179. Жаңғалақтық склероз

180 180. Ес-түсiнен айырылатын қояншық

181 181. Қызметтерiнiң өрескел бұзылулары бар иық тұтасуларының зақымдануы

182 182. Басқа айдарларда жiктелген аурулар кезiндегi нерв түбiршектерi мен тұтасуларының қысылуы

183 183. Қолдың мононевропатиясы

184 184. Аяқтың мононевропатиясы

185 185. Тұқым қуалайтын және идиопатиялық невропатия

186 186. Қабынған полиневропатия

187 187. Басқа да полиневропатиялар

188 188. Басқа айдарларда жiктелген аурулар кезiндегi полиневропатия

189 189. Myasthenia gravis және нервтiк-бұлшық еттiк синапстың басқа да бұзылулары

190 190. Декомпенсация сатысында жиi ұшығулары бар басқа да миастениялар

191 191. Балалардың церебриалдық параличi

192 192. Гемиплегия

193 193. Параплегия мен тетраплегия

194 194. Басқа да параличтiк синдромдар

195 195. Гидроцефалия

196 196. Уытты энцефалопатия

197 197. Мидың басқа да зақымданулары

198 198. Жұлынның басқа да аурулары

199 199. Басқа өткiр конъюнктивиттер

200 200. Көз пемфигоиды

201 201. Склерит

202 202. Көз қабығының жарасы, ірiңдi нысаны

203 203. Интерстициалдық және терең кератит

204 204. Жабысқақ лейкома

205 205. Буллездiк кератопатия

206 206. Қарапайым ұшықтың вирусы негiзiндегi кератит және кератоконъюнктивит

207 207. Басқа айдарларда жiктелген, басқа да жұқпалы және паразитарлық аурулар кезiндегi кератит пен кератоконъюнктивит

208 208. Басқа да иридоциклиттер

209 209. Мөлдiр қабықтың және цилиарлық дененiң басқа да анықталған аурулары

210 210. Афакия

211 211. Хориоретинальдық қабыну

212 212. Қан құйылу және көздiң қан тамыры қабығының жарылуы

213 213. Көз торын шел басуы және оның жарылуы

214 214. Көз торы қан тамырларының бiтелуi

215 215. Ретинальдық қан құйылу

216 216. Көздiң қабынып ауруы салдарынан болған қайталама глаукома

217 217. Шыны тәрiздес денеге қан құйылу

218 218. Эндофтальмит

219 219. Көру нервiсiнiң невритi

220 220. Ретробульбарлық неврит және басқа айдарларда жiктелген ауру

221 221. Мастоидит және емiзiк тәрiздi өсiндiнiң басқа да аурулары

222 222. Орта құлақтың холестеатомасы

223 223. Вестибулярлық функцияның бұзылулары және бас айналу синдромы

224 224. Жүрекке әсер ететiн ревматикалық безгек

225 225. Ревматикалық хорея

226 226. Ревматикалық миокардит

227 227. Созылмалы ревматикалық перикардит

228 228. Бүйректiк жетiмсiздiгi бар бүйректi негiзiнен зақымдайтын гипертензивтiк (гипертониялық) ауру

229 229. Негiзiнен жүрек пен бүйректердi зақымдайтын гипертензивтiк (гипертониялық) ауру

230 230. Миокардтың өткiр инфарктiсi

231 231. Миокардтың қайталама инфарктiсi

232 232. Миокардтың өткiр инфарктiсiнiң кейбiр ағымдағы асқынулары

233 233. Жүректiң (бұрын миокардтың инфарктiсi болған) созылмалы ишемиялық ауруы

234 234. Жүректiң аневризмасы

235 235. Өкпе эмболиясы

236 236. Өкпе артериясының аневризмасы

237 237. Өткiр перикардит

238 238. Өткiр және өткiрiрек эндокардит

239 239. Өткiр миокардит

240 240. Кардиомиопатия

241 241. Жүректiк жетiмсiздiк

242 242. Субарахноидалдық қан құйылу

243 243. Миға қан құйылу

244 244. Шағын нысандарын қоспағандағы ми инфарктiсi

245 245. Қолқаның аневризмасы және шарбылануы

246 246. Аневризманың басқа нысандары

247 247. Шеткi қан тамырларының басқа аурулары (Лериш синдромы)

248 248. Эмболия және артерияның трамбозы

249 249. Бронхоэктатикалық ауру

250 250. Өкпенiң және көкiрек қуысының абсцессi

251 251. Өңештiң басқа аурулары (күйгеннен кейiнгi тарылулар)

252 252. Терең жарамен асқынған гангренасы бар, кетпейтiн бiр жақты немесе анықталмаған шаттағы жарық

253 253. Терең жарамен асқынған гангренасы бар кiндiктiң жарығы

254 254. Терең жарамен асқынған алдыңғы iш қабырғасының гангренасыз бiтелген жарығы

255 255. Терең жарамен асқынған алдыңғы iш қабырғасының жарығы

256 256. Терең жарамен асқынған, гангренасыз бітелген диафрагмалық жарық (параэзофагеальдық)

257 257. Терең жарамен асқынған, гангренамен бiтелген диафрагмалық жарық

258 258. Крон ауруы

259 259. Жаралы колит

260 260. Ішектiң өткiр қантамырлық аурулары

261 261. Тесiлулермен асқынған перитонит

262 262. Басқа айдарларда жiктелген жұқпалы аурулар кезiндегi шарбының зақымдануы

263 263. Бауырдың уытты зақымдануы

264 264. Басқа айдарларда жіктелген бауырлық жетімсіздік

265 265. Басқа айдарларда жіктелген созылмалы гепатит

266 266. Бауырдың циррозы

267 267. Кәдiмгi, жасанды өт тесiлуiмен асқынған өттегi тас ауруы (холелитиаз)

268 268. Шарбы iшi флегмоносымен және панкреонекрозбен асқынған өткiр панкреатит

269 269. Денеге жайылған пустулездiк псориаз

270 270. Артропатикалық псориаз

271 271. Уытты эпидермалдық некролиз (Лайелла)

272 272. Серопозитивтiк ревматоидтық артрит

273 273. Коксартроз (жамбас сан буындарының артрозы)

274 274. Түйiндi полиартериит және сол тектес жағдайлар

275 275. Жүйелi қызыл жегi

276 276. Дерматополимиозит

277 277. Бiрiктiрушi тканьдердiң басқа да жүйелi зақымдануы

278 278. Шорбуындаушы спондилит

279 279. Остеомиелит

280 280. Сүйек туберкулезi

281 281. Айқын неврологиялық түсулерi бар миелопатиялы мойын бөлiгi омыртқааралық дискiсiнiң зақымдануы

282 282. Бел және айқын түбiршектi синдромы бар миелопатиялы басқа бөліктер мен омыртқааралық дискiлердің зақымдануы

283 283. Өткiр нефриттiк синдром

284 284. Жедел өршитiн нефриттiк синдром

285 285. Нефротикалық синдром

286 286. Өткiр бүйректiк жетiмсiздiк

287 287. Созылмалы бүйректiк жетiмсiздiк

288 288. Эндометриоз

289 289. Ұрықтың белгiленген немесе болжалды патологиялық басқа жағдайлары кезiнде анаға көрсетiлетiн медициналық көмөк

290 290. Шараналық бұзылулар

291 291. Жалған толғақтар (түсiк тастау қауiптерi)

292 292. Басқа айдарларда жiктелген, бiрақ ананың жүктілiгiн, босануын және босанғаннан кейiнгi кезеңiн күрделендiретiн басқа да аурулар

293 293. Тернер синдромы

294 294. Басқа айдарларда жiктелмеген, жыныс хромосомаларының, әйелдер фенотиптерiнiң басқа да аномалиялары

295 295. Басқа айдарларда жiктелмеген, жыныс хромосомаларының, ер адамдар фенотиптерiнiң басқа да аномалиялары

296 296. Басқа айдарларда жiктелмеген, хромосомалардың басқа да аномалиялары

297 297. Бас сүйектiң және бет сүйектерiнiң сынуы

298 298. Бас сүйек қауашағының және негiзiнiң сынуы

299 299. Көз ұясы түбiнiң сынуы

300 300. Жақ сүйегiнiң, жоғары және төменгi иектердiң сынуы

301 301. Бас сүйегi мен бет сүйектерiнiң көп жерден сынуы

302 302. Көру нервiлерiнiң және көру жолдарының жарақаттануы

303 303. Көз қозғаушы нервтерiнiң жарақаты

304 304. Бөгет нервтерiнiң жарақаты

305 305. Үш тармақты нервтiң жарақаты

306 306. Бұру нервiсiнiң жарақаты

307 307. Бет нервiсiнiң жарақаты

308 308. Есту нервiсiнiң жарақаты

309 309. Қосымша нервтiң жарақаты

310 310. Бас сүйектiң басқа да нервтерiнiң жарақаты

311 311. Көз бен көз ұясының жарақаты

312 312. Көздiң iшiндегi еттiң ояңдауы немесе жоғалуымен көздiң жырық жарақаты

313 313. Бөгде затпен немесе олсыз, көз ұясының терең жарасы

314 314. Көз алмасының түсуi

315 315. Бас сүйектiң iшiндегi жарақат

316 316. Мидың жарақатты iсiгi

317 317. Мидың ошақтық және диффузиялық жарақаты

318 318. Эпидуральдық қан құйылу (жарақаттық)

319 319. Субдуральдық жарақатты қан құйылу

320 320. Ұзаққа созылған ес-түссiз жағдаймен бас сүйектiң iшiндегi жарақат

321 321. Бастың мылжалануы

322 322. Бастың бөлiгiн травматикалық кесу

323 323. Дабыл жарғағының травматикалық жарылуы

324 324. Бастың кеп жерден жарақаттануы

325 325. Көмейге, кеңiрдекке, қалқанша безге, жұтқыншаққа және өңештiң мойындық бөлiгiне тиетiн ашық жарақат

326 326. Омыртқаның мойындық бөлiгiнiң сынуы

327 327. Мойын деңгейiндегi омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы

328 328. Мойын омыртқаның шығуы

329 329. Мойын деңгейiндегi көп жерден шығулар

330 330. Нервтердiң және мойын деңгейiндегi жұлынның жарақаты

331 331. Омыртқа артериясының жарақаты

332 332. Мойын деңгейiндегi бiрнеше қан тамырының жарақаты

333 333. Кеуде омыртқаның сынуы

334 334. Омыртқаның кеуде тұсындағы көп жерден сынуы

335 335. Кеуде бөлiгiндегi омыртқааралық дискiнiң травматикалық жарылуы

336 336. Көкiрек қуысының басқа және анықталмаған бөлiгiнiң орнынан тайып шығуы

337 337. Кеуде тұсындағы нервтер мен жұлынның жарақаты

338 338. Қолқаның кеуделік бөлiгi мен жүректiң жарақаты

339 339. Көкiрек қуысының басқа және анықталмаған ағзаларының жарақаты

340 340. Көкiрек қуысының мылжалануы және көкiрек қуысының бiр бөлiгiн травматикалық кесу

341 341. Көкiрек қуысының көп жерден жарақаттануы

342 342. Iштiң, арқаның төменгi бөлiгiнiң және санның ашық жарақаты

343 343. Омыртқаның бел-құйымшақ бөлігінің және жамбас сүйектерiнiң сынуы

344 344. Бел-құйымшақ бөлiгiндегi омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы

345 345. Бел омыртқаның шығуы

346 346. Құйымшақ-мықын буынының және құйымшақ қосылысының шығуы

347 347. Қасаға буынының травматикалық жарылуы (қасағаның мүшеленуi)

348 348. Нервтердiң және iштiң деңгейiндегi жұлынның белдiк бөлiгiнiң, арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң жарақаты

349 349. Қолқаның iш бөлiгiнiң жарақаты

350 350. Мықын қан тамырларының жарақаты

351 351. Iштiң деңгейiндегi бiрнеше қан тамырларының, арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң жарақаты

352 352. Iш қуысы ағзалары мен жамбас ағзаларының жарақаты

353 353. Іш бөлiгiнiң, арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң мылжалануы және оларды травматикалық кесу

354 354. Iштiң және арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң басқа да және анықталмаған жарақаттары

355 355. Иық белдеуі мен иықтың деңгейiндегi сыну

356 356. Иық буынының шығуы, асқынған

357 357. Иық белдеуi мен иыктың деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттердiң және сiңiрлердiң жарақаты

358 358. Иық белдеуi мен иықтың мылжалануы

359 359. Иық белдеуi мен иықты травматикалық кесу

360 360. Жiлiншiк сүйектерiнiң сынуы

361 361. Кәрi жiлiк басының шығуы

362 362. Шынтақ буынындағы анықталмаған шығу, асқынған

363 363. Жiлiншiк деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттердiң және сiңiрлердiң жарақаты

364 364. Жiлiншiктiң мылжалануы

365 365. Жiлiншiктi травматикалық кесу

366 366. Қол басының қайық тәрiздес сүйегiнiң және бiлек сүйектерiнiң сынуы

367 367. Алақан сүйектерi мен қолдың басы саусақтарының көп жерден сынуы

368 368. Бiлек пен қолдың басы деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттер мен сiңiрлердiң жарақаты

369 369. Бiлек пен қол басының мылжалануы

370 370. Бiлек пен қолдың басын травматикалық кесу

371 371. Бiлек пен қол басының басқа да және анықталмаған жарақаттары, асқынған

372 372. Сан сүйектерiнiң сынуы

373 373. Санның шығуы, асқынған

374 374. Қабықтық-байланыс аппаратының, сан жамбас буынының шығуы, созылуы және оған артық күш түсуi, асқынған

375 375. Сан жамбас буыны мен санның аумағындағы нервтердiң, бұлшық еттер мен сiңiрлердiң жарақаты, асқынған

376 376. Сан жамбас буыны мен санның аумағының мылжалануы

377 377. Сан жамбас буыны мен санның аумағын травматикалық кесу

378 378. Сирақ табан буындарын қоса алғандағы, сирақ сүйектерiнiң сынуы

379 379. Тiзе үстiнiң шығуы, операция жасалған

380 380. Тiзе буынының шығуы, асқынған

381 381. Крест тәрiздес байланыстың (алдыңғы) (артқы) созылуы, жарылуы және оларға артық күш түсу

382 382. Сирақ деңгейiндегi нервтердiң жарақаты

383 383. Тізе асты артериясының жарақаты

384 384. Өкше (ахиллдiк) сiңiрiнiң жарақаты

385 385. Сирақтың мылжалануы

386 386. Сирақты травматикалық кесу

387 387. Өкше және таран сүйектерiнiң сынуы

388 388. Табанның басқа сүйектерiнiң сынуы

389 389. Табан сүйектерінің сынуы

390 390. Табанның көп жерден сынуы

391 391. Сирақ-табан буынының сынуы, асқынған

392 392. Сирақ-табан буыны мен жедел емдеуден кейiнгi табан деңгейiндегi байланыстардың ажырауы

393 393. Сирақ-табан буыны мен табан деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттер мен сiңiрлердiң жарақаты

394 394. Сирақ-табан буыны мен табанның мылжалануы

395 395. Сирақ-табан буыны мен табан деңгейiнде травматикалық кесу

396 396. Дененiң бiрнеше бөлiгiн қамтитын сынықтар

397 397. Дененiң бiрнеше бөлiгiн қамтитын қабықтық-байланыстық аппаратының шығуы, созылуы және оларға артық күш түсуi

398 398. Дененiң бiрнеше бөлiгiн қамтитын мылжаланулар

399 399. Дененiң бiрнеше бөлiгiн қамтитын травматикалық кесулер

400 400. Жұлынның мойын деңгейiндегi басқа да нервтердiң жарақаттарымен үйлескен мидың және бас сүйек нервтерiнiң жарақаттары

401 401. Дененiң бiрнеше бөлiгiне әсер еткен нервтер мен жұлынның жарақаттары

402 402. Дененiң бiрнеше бөлiгiне әсер еткен бұлшық еттер мен сiңiрлердiң жарақаттары

403 403. Iш қуысы мен жамбас органдарының жарақаттарымен ұштасқан кеуде жасушалары органдарының жарақаттары

404 404. Омыртқаның сынуы

405 405. Анықталмаған деңгейдегі омыртқаның және дененiң басқа да жарақаттары

406 406. Анықталмаған деңгейдегi қолдың сынуы

407 407. Анықталмаған деңгейдегi қолдың басқа да жарақаттары

408 408. Анықталмаған деңгейдегi аяқтың сынуы

409 409. Аяқты анықталмаған деңгейде травматикалық кесу

410 410. Дененiң анықталмаған бөлiгiнiң мылжалануы және оны травматикалық кесу

411 411. Бас пен мойынның термиялық және химиялық күюі

412 412. Дененiң термиялық және химиялық күюi

413 413. Бiлек пен қол басының үшiншi дәрежедегi күйiгін қоспағанда, иық белдеуi мен қол аумағының термиялық және химиялық күюi

414 414. Бiлек пен қол басының үшiншi дәрежедегi термиялық күйiгi

415 415. Бiлек пен қол басының үшiншi дәрежедегi химиялық күйiгi

416 416. Сирақ-табан буыны мен табанды қоспағандағы, жамбас-сан буыны мен аяқ аумағындағы үшiншi дәрежедегi термиялық күйiгi

417 417. Сирақ-табан буыны мен табанды коспағандағы, жамбас-сан буыны мен аяқ аумағындағы үшiншi дәрежедегi химиялық күйiгi

418 418. Сирақ-табан буыны мен табан аумағының үшiншi дәрежедегi термиялық күйiгi

419 419. Сирақ-табан буыны мен табан аумағының үшiншi дәрежедегi химиялық күйiгi

420 420. Көз алмасының жарылуына және бұзылуына алып келетiн термиялық күйiк

421 421. Көздiң басқа бөлiктерi мен оның қосымша аппаратының термиялық күйiгi

422 422. Көздiң мөлдiр қабығы мен дәнекер қабының екiншi және үшінші дәрежедегі химиялық күйігі

423 423. Көз алмасының жарылуына және бұзылуына алып келетiн химиялық күйік

424 424. Көздiң басқа бөлiктерi мен оның қосымша аппаратының химиялық күйiгі, асқынған

425 425. Тыныс жолдарының термиялық және химиялық күйiктерi

426 426. Басқа iшкi органдардың термиялық және химиялық күйiктерi

427 427. Дененiң бiрнеше бөлiгiнiң ең болмаса бiр үшiншi дәреже көрсетiлген термиялық күйiгi

428 428. Дененiң бiрнеше бөлiгiнiң ең болмаса бiр үшiншi дәреже көрсетiлген химиялық күйiгi

429 429. Анықталмаған орналасудың (дененiң >20% аумағының) үшiншi дәрежедегi термиялық күйiгi

430 430. Анықталмаған орналасудың (дененiң >20% аумағының) үшiншi дәрежедегi химиялық күйiгi

431 431. Тiндердiң өлi еттенуi арқылы, дененiң бiрқатар аумағын қамтитын үсу

432 432. Бас пен мойынның үшiншi дәрежедегi анықталмаған үсiгi

433 433. Органикалық ерiткiштердiң уытты әсерi

434 434. Галоген өндiрушi алифатикалық және хош иiстi көмiрсутектердiң уытты әсері

Қолданыстағы