Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Безымянный по логу Силькова и ручья Артемьев Ключ в створе ствола Воздухоподающий-клетевой Артемьевского месторождения в Шемонаихинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Безымянный по логу Силькова и ручья Артемьев Ключ в створе ствола Воздухоподающий-клетевой Артемьевского месторождения в Шемонаихинском районе
- Атауы (қаз.)
- Шемонаиха ауданындағы Сильков сайындағы Безымянный бұлағы мен Артемьев кен орнындағы Ауа бергіш-клетті оқпанының тұстамасындағы Артемьев Ключ бұлағының су қорғау аймақтарын және су қорғау белдеулерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 364
- Қабылданған күні
- 30.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2015 98419_45126.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15V0004360
- ЭКБ идентификаторы
- 98419
- Редакция идентификаторы
- 98419_45126
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:20
0 Шемонаиха ауданындағы Сильков сайындағы Безымянный бұлағы мен Артемьев кен орнындағы Ауа бергіш-клетті оқпанының тұстамасындағы Артемьев Ключ бұлағының су қорғау аймақтарын және су қорғау белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шемонаиха ауданындағы Сильков сайындағы Безымянный бұлағы мен Артемьев кен орнындағы Ауа бергіш-клетті оқпанының тұстамасындағы Артемьев Ключ бұлағының су қорғау аймақтарын және су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шемонаиха ауданындағы Сильков сайындағы Безымянный бұлағы мен Артемьев кен орнындағы Ауа бергіш-клетті оқпанының тұстамасындағы Артемьев Ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шемонаиха ауданындағы Сильков сайындағы Безымянный бұлағы мен Артемьев кен орнындағы Ауа бергіш-клетті оқпанының тұстамасындағы Артемьев Ключ бұлағының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2 2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М. М. Құсаинов) «Шемонаиха ауданындағы Сильков сайындағы Безымянный бұлағы мен Артемьев кен орнындағы Ауа бергіш-клетті оқпанының тұстамасындағы Артемьев Ключ бұлағының су қорғау
аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонаиха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға берсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Р. Сүлейменов
2015 жылғы «31» желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2015 жылғы «31» желтоқсан
7 Шемонаиха ауданындағы Сильков сайындағы Безымянный бұлағы мен Артемьев кен орнындағы Ауа бергіш-клетті оқпанының тұстамасындағы Артемьев Ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы «30» желтоқсандағы
№ 364 қаулысына
қосымша
Шемонаиха ауданындағы Сильков сайындағы Безымянный бұлағы мен Артемьев кен орнындағы Ауа бергіш-клетті оқпанының тұстамасындағы Артемьев Ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі
Қаралып отырған ұзындық, км
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
бұлақтардың
жағалау сызығының
шекарасының
ұзындығы, км
ауданы, га
ені, м
шекарасының ұзындығы,
км
ауданы,га
ені,м
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Безымянный бұлағы
0,8
0,8
екі бұлақ үшін ортақ 0,8
екі бұлақ үшін ортақ39,8
екі бұлақ үшін ортақ420-520
0,9
3,1
35-50
Артемьев Ключ бұлағы
1,8
1,8
1,2
51,0
500
1,7
9,3
40-35-80-35-55
Соның ішінде барлығы
2,6
2,6
2,0
90,8
420-520
2,6
12,4
35-80
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген «Шемонаиха ауданындағы Сильков сайындағы Безымянный бұлағы мен Артемьев кен орнындағы Ауа бергіш-клетті оқпанының тұстамасындағы Артемьев Ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасының картографиялық материалында көрсетілген.