Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере недропользования

Қаулы · № 479 · қабылданған 29.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98422/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере недропользования Күшін жойған Қаулы ·№ 479 ·29.10.2015
31.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере недропользования

Күшін жойған Қаулы ·№ 479 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере недропользования
Атауы (қаз.)
Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
479
Қабылданған күні
29.10.2015
Көрсетілген редакция
31.07.2019 98422_416515.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15D0003594
ЭКБ идентификаторы
98422
Редакция идентификаторы
98422_416515
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:50

0 Жер қойнауын пайдалану

саласындағы мемлекеттік
қызмет көрсету регламенттерін
бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 және «Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрықтарына сәйкес Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса ұсынылған:

1 1) «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

2 2) «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

3 3) «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

4 4) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

5 5) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

6 6) «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

7 7) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 163 «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 8 маусымдағы № 2753 тіркелген, «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде 2014 жылдың 24 мамырдағы № 46 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3

3. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулы әділет органдарында тіркеуден өткеннен кейін ресми және жариялымды басылымдарға шығаруды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жауапкершілігі жүктелсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

13 Алматы облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы «29» қазан
№ 479 қаулысымен бекітілген
«Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны –қағаз түрiнде.

3 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру.

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 бұйрығымен бекітілген «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркеуге алады және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қолын қою үшін жiбереді.

Құжаттарды қабылдау және тiркеуге рұқсат етілетін шекті уақыт – 30 (отыз) минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қолын қояды және құрылымдық бөлiмшенiң басшысына жiбереді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн жауапты орындаушыны анықтайды.

5

5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп, нәтижесінде дәлелдi бас тартуды дайындайды немесе жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органына келісуге хат жолдайды. Келісімді алғаннан кейін құрылымдық бөлiмшенiң басшысына құжаттарды береді.
Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 10 (он) жұмыс күні;

6 6) Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органы құжаттардың толықтығын тексеріп, нәтижесінде дәлелдi бас тартуды дайындайды немесе келісімін береді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 4 (төрт) жұмыс күні;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы құжаттарды қарастырып дәлелдi бас тартуды немесе келісімшартты беруді растайды.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады. Қарастыру нәтижесінде дәлелдi бас тарту немесе қол қойылған келісімшартты береді.

9 9) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы келісімшартты немесе дәлелдi бас тартуды алу туралы тiркеу журналына жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау әдістемесі бойынша карточканы толтырады.

8

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімнің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды басшылыққа жіберу, құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу, құжаттарды орындау үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысына жіберу. Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысының құжаттардың толықтығын тексеру және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органына келісуге жолдау. Келісімді алу. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.

10 10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында өзара рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және бұрыштама қолын қою үшін басшылыққа жіберу. 30 (отыз) минуттан аспайды;

2 2) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы, орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтауы және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беруі. 1 (бір) сағаттан аспайды;

3 3) құрылымдық бөлімшенің басшысының ұсынылған құжаттарды қарауы және орындау үшін жауапты орындаушыны анықтауы. 1 (бір) сағаттан аспайды;

4 4) құжаттардың толықтығын тексеру, нәтижесінде дәлелді бас тартуды дайындау немесе жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органына келісуге жолдау, келісімді алғаннан кейін құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беру. 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган құжаттардың толықтығын тексеру, нәтижесінде дәлелді бас тартуды дайындау немесе келісім беру. 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды;

5 5) құрылымдық бөлімшенің басшысының құжаттарды қарауы және келісімшартты немесе дәлелді бас тартуды беру туралы растауды ұсыну. 1 (бір) сағаттан аспайды;

6 6) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы. Қарау нәтижесінде дәлелді бас тартуды ұсыну немесе қол қойылған келісімшартты көрсетілетін қызметті алушыға беру. 1 (бір) сағаттан аспайды.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшада келтірілген.

47 «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер

қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ
немесе оның аз мөлшерде екендігі
туралы қорытынды беру» мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентiне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

48 Алматы облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы «29» қазан
№ 479 қаулысымен бекітілген
«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны –қағаз түрiнде.

3 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру.

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркеуге алады және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қолын қою үшін жiбереді.

Құжаттарды қабылдау және тiркеуге рұқсат етілетін шекті уақыт – 30 (отыз) минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қолын қояды және құрылымдық бөлiмшенiң басшысына жiбереді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн жауапты орындаушыны анықтайды.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

5

5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп, нәтижесінде дәлелдi бас тартуды дайындайды немесе жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органына келісуге хат жолдайды. Келісімді алғаннан кейін құрылымдық бөлiмшенiң басшысына құжаттарды береді.
Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 5 (бес) жұмыс күні;

6 6) Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органы құжаттардың толықтығын тексеріп, нәтижесінде дәлелдi бас тартуды дайындайды немесе келісімін береді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 4 (төрт) жұмыс күні;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы құжаттарды қарастырып дәлелдi бас тартуды немесе келісімшартты беруді растайды.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады. Қарастыру нәтижесінде дәлелдi бас тарту немесе қол қойылған келісімшартты береді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

9 9) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы келісімшартты немесе дәлелдi бас тартуды алу туралы тiркеу журналына жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау әдістемесі бойынша карточканы толтырады.

8

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімнің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды басшылыққа жіберу, құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу, құжаттарды орындау үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысына жіберу. Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысының құжаттардың толықтығын тексеру және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органына келісуге жолдау. Келісімді алу. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.

10 10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында өзара рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және бұрыштама қолын қою үшін басшылыққа жіберу. 30 (отыз) минуттан аспайды;

2 2) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы, орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтауы және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беруі. 1 (бір) сағаттан аспайды;

3 3) құрылымдық бөлімшенің басшысының ұсынылған құжаттарды қарауы және орындау үшін жауапты орындаушыны анықтауы. 1 (бір) сағаттан аспайды;

4 4) құжаттардың толықтығын тексеру, нәтижесінде дәлелді бас тартуды дайындау немесе жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органына келісуге жолдау, келісімді алғаннан кейін құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беру. 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган құжаттардың толықтығын тексеру, нәтижесінде дәлелді бас тартуды дайындау немесе келісім беру. 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды;

5 5) құрылымдық бөлімшенің басшысының құжаттарды қарауы және келісімшартты немесе дәлелді бас тартуды беру туралы растауды ұсыну. 1 (бір) сағаттан аспайды;

6 6) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы. Қарау нәтижесінде дәлелді бас тартуды ұсыну немесе қол қойылған келісімшартты көрсетілетін қызметті алушыға беру. 1 (бір) сағаттан аспайды.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшада келтірілген.

82 «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс

салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты
құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

83 Алматы облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы «29» қазан
№ 479 қаулысымен бекітілген
«Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны –қағаз түрiнде.

3 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт.

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 бұйрығымен бекітілген «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркеуге алады және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қолын қою үшін жiбереді.

Құжаттарды қабылдау және тiркеуге рұқсат етілетін шекті уақыт – 15 (он бес) минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қолын қояды және құрылымдық бөлiмшенiң басшысына жiбереді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн жауапты орындаушыны анықтайды.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп, нәтижесінде дәлелдi бас тартуды дайындайды немесе келісімшартты рәсiмдейді. Құрылымдық бөлiмшенiң басшысына құжаттарды береді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 15 (он бес) күнтізбелік күні;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы құжаттарды қарастырып дәлелдi бас тартуды немесе келісімшартты беруді растайды.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады. Қарастыру нәтижесінде дәлелдi бас тарту немесе қол қойылған келісімшартты береді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы келісімшартты немесе дәлелдi бас тартуды алу туралы тiркеу журналына жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау әдістемесі бойынша карточканы толтырады.

8

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімнің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды басшылыққа жіберу, құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу, құжаттарды орындау үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысына жіберу. Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысының құжаттардың толықтығын тексеру және келісімшартты рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.

10 10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында өзара рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және бұрыштама қолын қою үшін басшылыққа жіберу. 15 (он бес) минуттан аспайды;

2 2) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы, орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтауы және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беруі. 1 (бір) сағаттан аспайды;

3 3) құрылымдық бөлімшенің басшысының ұсынылған құжаттарды қарауы және орындау үшін жауапты орындаушыны анықтауы. 1 (бір) сағаттан аспайды;

4 4) құжаттардың толықтығын тексеру, нәтижесінде дәлелді бас тартуды дайындау немесе келісімшартты рәсімдеу, құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беру. 15 (он бес) күнтізбелік күнінен аспайды;

5 5) құрылымдық бөлімшенің басшысының құжаттарды қарауы және келісімшартты немесе дәлелді бас тартуды беру туралы растауды ұсыну. 1 (бір) сағаттан аспайды;

6 6) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы. Қарау нәтижесінде дәлелді бас тартуды ұсыну немесе қол қойылған келісімшартты көрсетілетін қызметті алушыға беру. 1 (бір) сағаттан аспайды.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшада келтірілген.

116 «Барлаумен немесе өндірумен байланысты

емес жерасты құрылыстарын салуға
және (немесе) пайдалануға келісімшарттар
жасасу» мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентiне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

117 Алматы облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы «29» қазан
№ 479 қаулысымен бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 бұйрығымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркеуге алады және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қолын қою үшін жiбереді.
Құжаттарды қабылдау және тiркеуге рұқсат етілетін шекті уақыт – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қолын қояды және құрылымдық бөлiмшенiң басшысына жiбереді.
Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн жауапты орындаушыны анықтайды.
Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп, нәтижесінде дәлелдi бас тартуды дайындайды немесе келісімшартты рәсiмдейді. Құрылымдық бөлiмшенiң басшысына құжаттарды береді.
Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 15 (он бес) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы құжаттарды қарастырып дәлелдi бас тартуды немесе келісімшартты беруді растайды.
Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады. Қарастыру нәтижесінде дәлелдi бас тарту немесе қол қойылған келісімшартты береді.
Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
8) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы келісімшартты немесе дәлелдi бас тартуды алу туралы тiркеу журналына жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау әдістемесі бойынша карточканы толтырады.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімнің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды басшылыққа жіберу, құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу, құжаттарды орындау үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысына жіберу. Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысының құжаттардың толықтығын тексеру және келісімшартты рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.
10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында өзара рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және бұрыштама қолын қою үшін басшылыққа жіберу. 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы, орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтауы және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беруі. 1 (бір) сағаттан аспайды;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысының ұсынылған құжаттарды қарауы және орындау үшін жауапты орындаушыны анықтауы. 1 (бір) сағаттан аспайды;
4) құжаттардың толықтығын тексеру, нәтижесінде дәлелді бас тартуды дайындау немесе келісімшартты рәсімдеу, құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беру. 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды;
5) құрылымдық бөлімшенің басшысының құжаттарды қарауы және келісімшартты немесе дәлелді бас тартуды беру туралы растауды ұсыну. 1 (бір) сағаттан аспайды;
6) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы. Қарау нәтижесінде дәлелді бас тартуды ұсыну немесе қол қойылған келісімшартты көрсетілетін қызметті алушыға беру. 1 (бір) сағаттан аспайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшада келтірілген.

121 «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

122 Алматы облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы «29» қазан
№ 479 қаулысымен бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру,барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – қағаз түрiнде.

3

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – «Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалануд туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларда Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат.

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 бұйрығымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру,барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде Стандарттың 7 - тармағына сәйкес көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркеуге алады және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қолын қою үшін жiбереді.

Құжаттарды қабылдау және тiркеуге рұқсат етілетін шекті уақыт – 30 (отыз) минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қолын қояды және құрылымдық бөлiмшенiң басшысына жiбереді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн жауапты орындаушыны анықтайды.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп, нәтижесінде дәлелдi бас тартуды дайындайды немесе хабарлама-хатты рәсiмдейді. Құрылымдық бөлiмшенiң басшысына құжаттарды береді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 15 (он бес) күнтізбелік күні;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы құжаттарды қарастырып дәлелдi бас тартуды немесе хабарлама-хатты беруді растайды.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады. Қарастыру нәтижесінде дәлелдi бас тарту немесе қол қойылған хабарлама-хатты береді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы хабарлама-хатты немесе дәлелдi бас тартуды алу туралы тiркеу журналына жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау әдістемесі бойынша карточканы толтырады.

8

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімнің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды басшылыққа жіберу, құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу, құжаттарды орындау үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысына жіберу. Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысының құжаттардың толықтығын тексеру және хабарлама-хатты рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.

10 10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында өзара рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және бұрыштама қолын қою үшін басшылыққа жіберу. 30 (отыз) минуттан аспайды;

2 2) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы, орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтауы және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беруі. 1 (бір) сағаттан аспайды;

3 3) құрылымдық бөлімшенің басшысының ұсынылған құжаттарды қарауы және орындау үшін жауапты орындаушыны анықтауы. 1 (бір) сағаттан аспайды;

4 4) құжаттардың толықтығын тексеру, нәтижесінде дәлелді бас тартуды дайындау немесе хабарлама-хатты рәсімдеу, құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беру. 15 (он бес) күнтізбелік күнінен аспайды;

5 5) құрылымдық бөлімшенің басшысының құжаттарды қарауы және хабарлама-хатты немесе дәлелді бас тартуды беру туралы растауды ұсыну. 1 (бір) сағаттан аспайды;

6 6) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы. Қарау нәтижесінде дәлелді бас тартуды ұсыну немесе қол қойылған хабарлама-хатты көрсетілетін қызметті алушыға беру. 1 (бір) сағаттан аспайды.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшада келтірілген.

155 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген

жағдайларда, кең таралған пайдалы
қазбаларды барлауды және өндіруді
жүргізу, барлауға немесе өндіруге
байланысты емес құрылыс және
(немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

156 Алматы облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы «29» қазан
№ 479 қаулысымен бекітілген
«Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – қағаз түрiнде.

3

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – барлау мен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қосымшаға сәйкес белгіленген келісімшарт; мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 бұйрығымен бекітілген «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау» (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуғажәне (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу актісі.

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну негіздеме болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркеуге алады және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қолын қою үшін жiбереді.

Құжаттарды қабылдау және тiркеуге рұқсат етілетін шекті уақыт – 30 (отыз) минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қолын қояды және құрылымдық бөлiмшенiң басшысына жiбереді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшiн жауапты орындаушыны анықтайды.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп, нәтижесінде дәлелдi бас тартуды дайындайды немесе актіні рәсiмдейді. Құрылымдық бөлiмшенiң басшысына құжаттарды береді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 15 (он бес) жұмыс күні;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы құжаттарды қарастырып дәлелдi бас тартуды немесе актіні беруді растайды.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады. Қарастыру нәтижесінде дәлелдi бас тарту немесе қол қойылған актіні береді.

Барынша рұқсат етілетін шекті уақыт – 1 (бір) сағат;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы актіні немесе дәлелдi бас тартуды алу туралы тiркеу журналына жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау әдістемесі бойынша карточканы толтырады.

8

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімнің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды басшылыққа жіберу, құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу, құжаттарды орындау үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысына жіберу. Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысының құжаттардың толықтығын тексеру және актіні рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.

10 10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында өзара рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және бұрыштама қолын қою үшін басшылыққа жіберу. 30 (отыз) минуттан аспайды;

2 2) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы, орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтауы және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беруі. 1 (бір) сағаттан аспайды;

3 3) құрылымдық бөлімшенің басшысының ұсынылған құжаттарды қарауы және орындау үшін жауапты орындаушыны анықтауы. 1 (бір) сағаттан аспайды;

4 4) құжаттардың толықтығын тексеру, нәтижесінде дәлелді бас тартуды дайындау немесе актіні рәсімдеу, құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды беру. 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды;

5 5) құрылымдық бөлімшенің басшысының құжаттарды қарауы және актіні немесе дәлелді бас тартуды беру туралы растауды ұсыну. 1 (бір) сағаттан аспайды;

6 6) басшының ұсынылған құжаттарды қарауы. Қарау нәтижесінде дәлелді бас тартуды ұсыну немесе қол қойылған актіні көрсетілетін қызметті алушыға беру. 1 (бір) сағаттан аспайды.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшада келтірілген.

188 «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

189 Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 29 қазандағы №479
қаулысымен бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;

2 2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;

4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

5 5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7

7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы:

1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат;

2 2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған құжаттарды жолдайды;

3 3) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.

10 10. Жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жолдайды;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады;

3 3) сұрау салуды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

218 «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне қосымша

Қолданыстағы