Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Хромтауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Хромтауского района
- Атауы (қаз.)
- Хромтау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 26.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2016 98510_48173.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CL004726
- ЭКБ идентификаторы
- 98510
- Редакция идентификаторы
- 98510_48173
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:53
0 Хромтау ауданының шалғайдағы
елді мекендерінде тұратын балаларды
жалпы білім беру мектептеріне
тасымалдау схемалары мен тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14 бабы 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Хромтау аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Хромтау ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру мектептеріне тасымалдау схемалары 1, 2, 3, 4, қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2 2. Хромтау ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру мектептеріне тасымалдау тәртібі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Аспеновке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Хромтау аудан әкімдігінің
26 қаңтардағы 2016 жылғы № 17
қаулысына 1 қосымша
Жазық бекеті елді мекенінде тұратын балаларды, Ақжар ауылында орналасқан Ақжар орта мектебіне тасымалдау схемасы.
6 Хромтау ауданы әкімдігінің
26 қаңтардағы 2016 жылғы № 17
қаулысына 2 қосымша
Көктерек елді мекенінің аумағында тұратын балаларды Майтөбе ауылында орналасқан
жалпы білім беру мектебіне тасымалдау схемасы.
7 Хромтау аудан әкімдігінің
26 қаңтардағы 2016 жылғы № 17
қаулысына 3 қосымша
Шалғайдағы Подхоз елді мекенінде тұратын балаларды Хромтау қаласының жалпы білім беру
мектептеріне тасымалдау схемасы
8 Хромтау аудан әкімдігінің
26 қаңтардағы 2016 жылғы № 17
қаулысына 4 қосымша
Шалғайдағы Жаңа станция елді мекенінде тұратын балаларды Хромтау қаласының жалпы білім беру
мектептеріне тасымалдау схемасы
9 Хромтау ауданы әкімдігінің
26 қаңтардағы 2016 жылғы № 17
қаулысына 5 қосымша
Хромтау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымылдау тәртібі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Хромтау ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес әзірленген және Хромтау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібін (әрі қарай - Тасымалдау тәртібі) айқындайды.
2 2. Балаларды тасымалдау тәртібі
2 2. Балаларды тасымалдау қолданыстағы заңнама және осы Тасымалдау тәртібі талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгісі орнатылады.
Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
3 3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.
4 4. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.
Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
Күзгі –қысқы кезеңде алаңшылар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
5 5. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде ( айына кемінде бір рет) тексереді.
6 6. Балалар топтарын 22:00 ден бастап 06:00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай–ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар ) рұқсат етілмейді.
Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауы керек.
7 7. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен тапсырыс беруші келіседі.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүзгізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетіледі. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлайды, ол баларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
3 3. Балалардың тасымалдауын жүзеге асыратын жүргізушілерге қойылатын талаптар
8 8. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргізушілерге рұқсат етіледі:
1 1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізгізушінің бес жылдың кем емес жұмыс өтілі бар;
2 2) автобутың жүргізушісі ретінде кемінде соңғы үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар;
3 3) соңғы жылдары еңбек тәртібін және қозғалыс ережесін өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жіберген ұйымдағы жүргізушінің жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы тиіс.