О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкiмдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 08.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2016 98537_46405.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16T000001A
- ЭКБ идентификаторы
- 98537
- Редакция идентификаторы
- 98537_46405
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:14
0 Атырау облысы әкiмдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Атырау облысы әкiмдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) 2009 жылғы 7 шiлдедегi №162 «Атырау облысының елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi қағидасын, жер учаскелерiне, ғимараттар мен құрылыстарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2551 болып тіркелген, 2009 жылы 8 қыркүйекте «Атырау» газетінде жарияланған);
2
2) 2011 жылғы 9 ақпандағы №27 «Облыс әкімиятының 2009 жылғы 7 шілдедегі №162 «Атырау облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2584 болып тіркелген, 2011 жылы 22 ақпанында «Атырау» газетінде жарияланған);
3
3) 2014 жылғы 12 наурыздағы №65 «Атырау облыстық әкiмиятының 2009 жылғы 7 шiлдедегi №162 «Атырау облысының елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi қағидасын, жер учаскелерiне, ғимараттар мен құрылыстарға реттiк нөмiрлер беру талаптарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2878 болып тіркелген, 2014 жылы 8 сәуірде «Атырау» газетінде жарияланған).