Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов
- Атауы (қаз.)
- Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1163
- Қабылданған күні
- 04.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2020 98583_482817.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012967
- ЭКБ идентификаторы
- 98583
- Редакция идентификаторы
- 98583_482817
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:17
0 Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары айқындалсын.
2
2. «Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 219 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11458 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 23 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 25 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 10 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 18 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 29 желтоқсан
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№1163 бұйрығына
қосымша
Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары
1 1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.
2 2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
3 3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі, тамақ өнеркәсібіндегі және агрохимиядағы прогрессивтi технологиялар.
4 4. Фармацевтика саласындағы, медицина өнеркәсібіндегі, биотехнологиялардағы, биоинженериядағы, гендік инженериядағы прогрессивтi технологиялар.
5 5. Химияның және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.
6 6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.
7 7. Баламалы энергетика, жаңартылған энергия көздері.
8 8. Энергия тиімділігі технологиялары.
9 9. Инфокоммуникациялық технологиялар, оның ішінде:
ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласындағы технологиялар;
электрондық өнеркәсіп технологиялары.