О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Аркалыка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Аркалыка
- Атауы (қаз.)
- Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40
- Қабылданған күні
- 29.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2016 98599_116784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NC000040
- ЭКБ идентификаторы
- 98599
- Редакция идентификаторы
- 98599_116784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:43
0 Арқалық қаласы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Занының 21-1-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге байланысты Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір:
«Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» 2008 жылғы 31 қантардағы № 29а (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 12 науырызда № 9-3-80 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 науырызда № 12 (189) «Арқалық хабары» газетінде жарияланған);
«Қала әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29а «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы № 94 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 14 науырызда № 4495 болып тіркелген, 2014 жылғы 04 сәуірде № 13 (503) «Арқалық хабары» газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.