О признании утратившими силу некоторых решений Туркестанского городского маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Туркестанского городского маслихата
- Атауы (қаз.)
- Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 53/299-V
- Қабылданған күні
- 03.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2016 98625_47977.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16UD53299M
- ЭКБ идентификаторы
- 98625
- Редакция идентификаторы
- 98625_47977
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:39
0 Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына және Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №2-26-3/472 хатына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Түркістан қалалық
мәслихатының 2016 жылғы
03 ақпандағы №53/299-V
шешіміне қосымша
Түркістан қалалық мәслихатының күші
жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №45/256-V «Түркістан қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3363 тіркелген, 2015 жылғы 28 қазандағы «Түркістан» газетінде №43 жарияланған),
2
2. Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №45/257-V «Б» корпусындағы Түркістан қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3349 тіркелген, 2015 жылғы 16 қазандағы «Түркістан» газетінде №42 жарияланған).