Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации и проведения экспертизы проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности

Бұйрық · № 720 · қабылданған 31.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98626/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации и проведения экспертизы проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 720 ·31.12.2015
10.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации и проведения экспертизы проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 720 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации и проведения экспертизы проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности
Атауы (қаз.)
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
720
Қабылданған күні
31.12.2015
Көрсетілген редакция
10.09.2021 98626_539009.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012974
ЭКБ идентификаторы
98626
Редакция идентификаторы
98626_539009
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:19

0 Ғылыми және (немесе) ғылыми-

техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру жобаларына
сараптама ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е.Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 720 бұйрығымен бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 31 қазандағы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒТҚН) коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) ҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша оператор (бұдан әрі – оператор) – уәкілетті орган айқындайтын ҒТҚН коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша қажетті тәжірибесі бар заңды тұлға;

2

2) ҒТҚН коммерцияландыру жобасы (бұдан әрі – жоба) – зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатындағы ҒТҚН практикалық қолдануға бағытталған болжанып отырған жұмыстың мазмұнын қамтитын құжат;

3 3) ҒТҚН коммерцияландыруға арналған грант (бұдан әрі – грант) – экономиканың басым секторлары шеңберінде ҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;

4 4) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

5 5) кешендік сараптама – өтінім 3 немесе одан да көп экономика салалары бойынша ұсынылған жағдайда, оператордың экономиканың түрлі салаларында мамандар болып табылатын сарапшылар тобын тарту жолымен жүргізілетін сараптама;

6 6) конкурс – ҒТҚН коммерцияландыруға бағытталған және конкурс шеңберінде мәлімделген неғұрлым перспективалы жобаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар;

7 7) конкурстық құжаттама – уәкілетті органның келісімімен оператор әзірлейтін және бекітетін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты жүргізудің шарттарын, тәртібі мен мерзімін айқындайтын құжаттама;

8

8) қазақстандық сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сол мемлекетте тұрақты тұру құқығы бойынша құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде уақытша шетелде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс мемлекеттік қызметте жүрген сарапшы;

9 9) өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес қатаң түрде ресімделген құжаттарды қоса отырып, конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;

10

10) өтінім беруші – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 718 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген №12775) (бұдан әрі – Қаржыландыру қағидалары) грант алу үшін өтінімді қарастыруға ұсынған жеке немесе заңды тұлға;

11 11) сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, жоғары білімі, кемінде он жыл немесе сол қызмет саласында сарапшы ретінде қорытынды жасайтын ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі бар болған жағдайда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға;

12 12) технологиялық сараптама (бұдан әрі – ТС) – жобаның өзектілігін, ғылыми-техникалық әлеуетін, коммерцияландыруға даярлығын, техникалық және өндірістік тәуекелдерін бағалаумен байланысты қызмет;

13 13) ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – ҰҒК) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес уәкілетті орган құратын және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет бағыттары бойынша алқалы органдар;

14 14) шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, сондай-ақ шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығы бойынша құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сарапшы;

15 15) экономикалық (маркетингтік) сараптама (бұдан әрі – ЭМС) – жобаның коммерциялық тартымдылығын және ұсынылған қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің негізділігін бағалаумен байланысты қызмет.

3 3. Конкурсқа қатысатын ҒТҚН коммерцияландыру жобаларының сараптамасына технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама кіреді.

4 4. Жобаларға сараптаманы оператордың әрбір сарапшымен Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінде қарастырылған тәртіпте жасаған шарт негізінде тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

5 5. Кешендік сараптама өтінім 3 немесе одан да көп экономика салалары бойынша ұсынылған жағдайда жүргізіледі. Жобаға кешендік сараптама жүргізу кезінде құрамында үштен тоғызға дейін сарапшысы бар (тақ санда) сараптамалық топ құрылады.

6 6. Оператор конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдерге технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама жүргізуді Қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтінімдердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей ұйымдастырады.

2 2 тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

7 7. Оператор:

1 1) қазақстандық және шетелдік сарапшылар базасын қалыптастырады;

2 2) қалыптастырылған қазақстандық және шетелдік сарапшылар базасын тұрақты негізде толықтырып отырады (жаңартады);

3 3) конкурсқа келіп түскен өтінімдердің электрондық нұсқасының мәліметтер базасын қалыптастырады;

4 4) әрбір өтінім бойынша экономиканың басым секторы шеңберінде ұсынылған өтінімге байланысты мәліметтер базасынан сарапшыларды таңдайды;

5 5) өтінімдердің электрондық нұсқасын ТС жүргізу үшін екіден кем емес (қазақстандық және (немесе) шетелдік) сарапшыларға, немесе кешендік сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды;

6 6) өтінімдердің электрондық нұсқасын ЭМС жүргізу үшін екіден кем емес қазақстандық сарапшыларға немесе кешендік сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды.

8 8. Жобаның ТС сараптамалық (кешендік) қорытындысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

9 9. Жобаның ЭМС сараптамалық (кешендік) қорытындысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

10 10. Сараптамалық қорытындыда әр бағалау өлшемшарты бойынша қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшылармен ҒТҚН коммерцияландыру жобасын сараптамалық бағалау жүйесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балл қойылады.

11 11. Оператор ТС және ЭМС қорытындыларының негізінде әрбір жоба бойынша қорытынды балдары қойылған жиынтық сараптамалық қорытындыны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және оларды күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде уәкілетті органға жолдайды.

12 12. Уәкілетті орган жобаларға сараптаманың жинақтық қорытындысын алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде сараптаманың жиынтық қорытындыларын ҒТҚН коммерцияландыру жобасын қаржыландыруға мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешім қабылдау үшін Ұлттық ғылыми кеңестерге (бұдан әрі – ҰҒК) ұсынады.

1 Ғылыми және (немесе)

ғылыми-техникалық қызмет
нәтижелерін коммерцияландыру
жобаларына сараптама ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­ры­ның ата­уы
Бал­дар
( 1-ден 9-ға дей­ін)
Са­рап­шы­ның тү­сін­дір­ме­сі
(бар­лық өл­шем­шар­ттар бой­ын­ша ке­мін­де 500 сөз)
1. Өзек­ті­лі­гі
1.1
Әлем­дік эко­но­ми­ка үшін жо­ба­ны іс­ке асы­ру ма­ңы­зды­лы­ғы­ның дә­ре­же­лік ба­ға­сы
1.2
Ұлт­тық эко­но­ми­ка үшін жо­ба­ны іс­ке асы­ру ма­ңы­зды­лы­ғы­ның дә­ре­же­лік ба­ға­сы
1.3
ҒТҚН ком­мер­ци­я­лан­ды­ру жо­ба­сы­ның ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық про­грес­стің үр­ді­сі мен ба­сым­дық­та­ры­на сәй­кест­ік ба­ға­сы
1-өл­шем­шарт бой­ын­ша ор­та­ша балл
2. Жо­ба­ның ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық әле­уе­ті
2.1
Жо­ба­ның ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық жа­ңа­шыл­ды­ғы­ның дә­ре­же­сі
2.2
На­рық­та ұқса­стығы бар өнім­нің (қыз­мет­тің) са­лы­стыр­ма­лы ба­ға­сы
2.3
Жо­ба­да қой­ы­л­ған мақ­сат­тар­ға же­ту үшін іс-ша­ра­лар­дың тех­но­ло­ги­я­лық (тех­ни­ка­лық) іс­ке асы­ры­луы
2-өл­шем­шарт бой­ын­ша ор­та­ша балл
3. Жо­ба­ның ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­ға да­яр­лы­ғы
3.1
ҒТҚН ком­мер­ци­я­лан­ды­ру жо­ба­сы­ның мақ­са­ты­на жос­пар­лан­ған іс-ша­ра­лар ар­қы­лы же­ту мүм­кін­ді­гі­нің ба­ға­сы
3.2
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру үшін ко­ман­да­ның құ­зы­рет­ті­лі­гі­нің жет­кі­лік­ті­лі­гі
3.3
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру­да жос­пар­ла­на­тын ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ба­за­ның ба­ға­сы
3-өл­шем­шарт бой­ын­ша ор­та­ша балл
4. Тех­ни­ка­лық және өн­ді­рі­стік тәу­е­кел­ді­лік­тің ба­ға­сы
4.1
Тех­ни­ка­лық іс­ке асы­ру­дың мүм­кін еме­сті­гін қо­сқан­да­ғы, тех­ни­ка­лық/тех­но­ло­ги­я­лық ше­шім­дер­ді ен­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық тәу­е­кел­дер
4.2
Эко­ло­ги­я­лық про­бле­ма­лар­ды анық­тау, қа­жет­ті ши­кі­зат ба­за­сы­ның жоқ­тығ­ын қо­сқан­да­ғы, өн­ді­рі­сті ұй­ым­да­сты­ру­мен бай­ла­ны­сты өн­ді­рі­стік тәу­е­кел­дер
4-өл­шем­шарт бой­ын­ша ор­та­ша балл
Қо­ры­тын­ды балл (өл­шем­шарт ба­ға­сы бой­ын­ша ор­та­ша бал­дар жиын­тығы)
Кү­ш­ті жақ­та­ры
Әл­сіз жақ­та­ры
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ___________________
Сараптаманың мерзімі __________________

2 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына

2-қосымша
Нысан

Ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­ры­ның ата­уы
Бал­дар
( 1-ден 9-ға дей­ін)
Са­рап­шы­ның тү­сін­дір­ме­сі
(бар­лық өл­шем­шар­ттар бой­ын­ша ке­мін­де 500 сөз)
1. Мар­ке­тинг­тік зерт­те­улер
1.1
ҒТҚН ком­мер­ци­я­лан­ды­ру үшін ұсы­ны­ла­тын биз­не­стің қа­жет еті­луі
1.2
Өнім­нің/қыз­мет­тің мүд­де­лі әле­ует­ті тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның бар бо­луы
1.3
Гео­гра­фи­я­лық, сек­то­рал­дық және бас­қа да бел­гі­лер бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­л­ген өнім­ді/қыз­мет­ті са­ту үшін мақ­сат­ты на­ры­ғы­ның пы­сық­тал­ған са­па­сы
1.4
На­рық кө­ле­мі бой­ын­ша рас­тал­ған мә­лі­мет­тер­дің бар бо­луы (Қа­зақ­стан­дық мен әлем­дік на­рық ше­гін­де)
1.5
Өнім неме­се қыз­мет­тің қол­да­ны­с­та­ғы ұқса­стық­тар­мен са­лы­стыр­ған­да­ғы бә­се­ке­ле­стік ар­тық­шы­лы­ғы
1-өл­шем­шарт бой­ын­ша ор­та­ша балл
2. Жо­ба­ның эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­те­рі
2.1
Жо­ба­ның биз­нес-үл­гі­сі­нің ба­ға­сы
2.2
Ұсы­ны­л­ған эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­тер­дің, оның ішін­де ұсы­ны­ла­тын өнім­нің/қыз­мет­тің өз құн­ды­лы­ғы мен іс­ке асы­ры­ла­тын ба­ға­сы­ның негіз­де­ме­лі­лі­гі
2.3
Ұсы­ны­ла­тын ко­ман­да мү­ше­ле­рі­нің са­нын тар­ту негіз­де­ме­лі­лі­гі
2.4
Ши­кі­заттың, ма­те­ри­ал­дар­дың және бас­қа­лар­дың қол же­тім­ді­лі­гі
2-өл­шем­шарт бой­ын­ша ор­та­ша балл
3. Жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың қар­жы­лық жос­па­ры
3.1
Жо­ба­ға сұ­ра­ла­тын қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі­нің негіз­де­ме­лі­лі­гі
3.2
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру бой­ын­ша шы­ғын­дар сме­та­сы­ның ба­ға­сы
3-өл­шем­шарт бой­ын­ша ор­та­ша балл
4. Қо­са қар­жы­лан­ды­ру­дың бар бо­луы
4.1
Қо­са қар­жы­лан­ды­ру­дың бар бо­луы (әр­бір 3% қо­са қар­жы­лан­ды­ру­ға 1 балл қой­ы­ла­ды, оның ішін­де ең жо­ға­ры балл - 9
4-өл­шем­шарт бой­ын­ша ор­та­ша балл
Қо­ры­тын­ды балл (өл­шем­шарт ба­ға­сы бой­ын­ша ор­та­ша бал­дар жиын­тығы)
Кү­ш­ті жақ­та­ры
Әл­сіз жақ­та­ры
Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ры­лу­ға ұсы­ны­ла­тын со­ма
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ___________________
Сараптаманың мерзімі __________________

3 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларына

3-қосымша
Нысан
Шек­ті ба­ға
Балл
Ба­ға
Опи­са­ние оце­нок с ука­за­ни­ем­силь­ных и сла­бых сто­рон
Жо­ға­ры
9
Ерекше
Әл­сіз тұ­ста­ры жоқ ерекше кү­ш­ті тұ­ста­ры­мен
8
Бір­ту­ар
Сәл әл­сіз тұ­ста­ры бар кү­ш­ті тұ­ста­ры­мен
7
Үз­дік
Ма­ңы­зды емес әл­сіз тұ­ста­ры бар кү­ш­ті тұ­ста­ры­мен
Ор­та­ша
6
Өте жақ­сы
Кө­пте­ген ма­ңы­зды емес әл­сіз тұ­ста­ры бар кү­ш­ті тұ­ста­ры­мен
5
Жақ­сы
Кей­бір кү­ш­ті тұ­ста­ры­мен және аз­да­ған әл­сіз тұ­ста­ры­мен
4
Қа­на­ғат­та­нар­лық
Кей­бір кү­ш­ті тұ­ста­ры­мен, алай­да ма­ңы­зды әл­сіз тұ­ста­ры­мен
Тө­мен
3
Әл­сіз
Сәл кү­ш­ті тұ­ста­ры­мен және кө­пте­ген әл­сіз тұ­ста­ры­мен
2
Қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
Кү­ш­ті тұ­ста­ры жоқ және ма­ңы­зды әл­сіз тұ­ста­ры­мен
1
Өте қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
Кү­ш­ті тұ­ста­рын­сыз әл­сіз тұ­ста­ры бар

4 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларына

4-қосымша
Нысан

Ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­ры­ның ата­уы
Бал­дар
( 1-ден 9-ға дей­ін)
Са­рап­шы­лар­дың тү­сі­нік­те­ме­ле­рі
1-са­рап­шы
2-са­рап­шы
1
2
3
4
5
6
7
8
Кү­ш­ті жақ­та­ры
Әл­сіз жақ­та­ры
Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру­ға ұсы­ны­ла­тын со­ма
Қо­ры­тын­ды балл (ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­ры бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы)
Оператор ___________________
Сараптаманың мерзімі __________________

Қолданыстағы