Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»

Бұйрық · № 6-4/1072 · қабылданған 08.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98641/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям» Күшін жойған Бұйрық ·№ 6-4/1072 ·08.12.2015
11.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 6-4/1072 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-4/1072
Қабылданған күні
08.12.2015
Көрсетілген редакция
11.09.2020 98641_481070.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012933
ЭКБ идентификаторы
98641
Редакция идентификаторы
98641_481070
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:14

0 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ А. Исекешев
2015 жылғы 15 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы
____________ М. Құсайынов
2015 жылғы 31 желтоқсан

0 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 6-4/1072 бұйрығымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру
қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан
әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толығымен автоматттандырылған).

6

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық почтаның мекенжайына жолданады.

7 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

8

8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсынады.
Порталда өтінімнің қабылдағанын растау - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

10 10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы

№ 6-3/597 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11 11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мыналардың:

1 1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

2 2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымның қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) растайды.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық шағым жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы

1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1 1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2 2) Министрліктің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары» деген кіші бөлімінде орналастырылған.

14 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

15 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

1 Субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы № _____ хабарлама

«Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы
№ _____ хабарлама
20 ____ жылғы « ___ » _________
__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Жүгіну мақсаты ____________________________________________________
(субсидияланатын бағыт)
Жүгінген күні 20 ____ жылғы «____» _______________
Шешім:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

2 20 __ жылдың ____________ айы үшін су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім

«Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Облыстың (Астана, Алматы, Шымкет
қалаларының) Ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы
______________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 __ жылдың ____________ айы үшін су беру жөніндегі көрсетілетін
қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім

1 1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші

____________________________________________________________
(атауы)

2 2. Орналасқан жері: __________________________________________

(облыс, аудан, кент, көше)

3 3. Өтінім беруші туралы мәліметтер:


Де­ректер кө­зі
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер
Де­ректер
1.
Заң­ды тұл­ға үшін – мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма
тір­кеу нө­мі­рі
мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні
кім бер­ді
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
2.
Же­ке тұл­ға үшін – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат
же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат нө­мі­рі
же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН)
кім бер­ді
бе­рі­л­ген кү­ні
3.
Же­ке тұл­ға үшін – да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
тір­кел­ген кү­ні
кім бер­ді
бе­рі­л­ген кү­ні
же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН)
4.
Өті­нім бе­ру­ші­ге жер пай­да­ла­ну неме­се же­ке мен­шік құқы­ғын­да ти­е­сі­лі жер учас­ке­сіне сәй­кестен­ді­ру­ші және (неме­се) құқық бел­гі­ле­у­ші құ­жат
ка­дастр­лық нө­мі­рі
бар­лық ала­ңы, гек­тар
оның ішін­де су­ар­ма­лы жер­лер
ны­са­на­лы мақ­са­ты
сәй­кестен­ді­ру­ші құ­жат­тың нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
жер учас­ке­сі ие­сі­нің неме­се жер пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
5.
Су кө­зі
су кө­зі­нің ата­уы (өзен, бұ­лақ, су­лан­ды­ру жүй­е­сі, су та­рат­қыш, су бөл­гіш)
су бе­ру­ші­нің та­ри­фі (тең­ге­мен)
су бе­ру­ші­мен жа­сал­ған су бе­ру жө­нін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­ну ту­ра­лы жа­сал­ған шар­ттың нө­мі­рі және кү­ні
6.
Өң­деп өсі­рі­ле­тін ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша су­а­ра­тын су­ды тұ­ты­ну кө­ле­мі
егі­ле­тін да­қыл
егіс ала­ңы, гек­тар
су­лан­ды­ру нор­ма­сы (бір гек­тар­ға тек­ше метр)
су тұ­ты­ну кө­ле­мі (мың тек­ше метр)
су­а­ру тә­сі­лі
7.
Ағым­да­ғы шо­ты­ның бар-жо­ғы ту­ра­лы ақ­па­рат
банк­тің неме­се Ұлт­тық поч­та опе­ра­то­ры­ның де­ректе­ме­ле­рі: банк­тің неме­се Ұлт­тық поч­та опе­ра­то­ры­ның ата­уы:
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру ко­ды (БСК)
кор­ре­спон­дент­тей­тін шот (К/Ш)
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
Бе­не­фи­ци­ар ко­ды (Кбе)
8.
Алын­ған су­а­ра­тын су­ға ба­стап­қы тө­лем құ­жат­та­ры
тө­лем со­ма­сы, тең­ге
тө­лен­ген су­а­ра­тын су­дың кө­ле­мі, мың м3 (тек­ше метр)
су бе­ру­ші­нің заң­ды ме­кен­жайы
нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Өтінім беруші 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Облыс басқармасы 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

Қолданыстағы