О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата Актогайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата Актогайского района
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 21.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2016 98696_48026.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16PD00003A
- ЭКБ идентификаторы
- 98696
- Редакция идентификаторы
- 98696_48026
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:00
0 Ақтоғай ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 21-1 және 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «21» қаңтардағы
№ 3 қаулысына қосымша
Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
қаулыларының тізбесі
№
Нормативтік құқықтық актінің атауы
Тіркелген және жарияланған күні
1
2
3
1.
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 96 «Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 мамырда № 4467 тіркелген;
2015 жылғы 30 мамырда № 21 «Ауыл тынысы» және № 21 «Пульс села» аудандық газеттерінде жарияланған
2.
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 «Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» қаулысы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 наурызда № 3724 тіркелген,
2014 жылғы 29 наурызда № 12 «Ауыл тынысы» және № 12 «Пульс села» аудандық газеттерінде жарияланған
3.
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 336 «Ақтоғай ауданының ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 қаңтарда № 4263 тіркелген;
2015 жылғы 24 қаңтарда № 3 «Ауыл тынысы» және № 3 «Пульс села» аудандық газеттерінде жарияланған
4.
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 64 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 наурызда № 3741 тіркелген,
2014 жылғы 29 наурызда № 12 «Ауыл тынысы» және № 12 «Пульс села» аудандық газеттерінде жарияланған