О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Бокейординского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Бокейординского района
- Атауы (қаз.)
- Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 18.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2016 98715_Some(47485).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16ZD00002A
- ЭКБ идентификаторы
- 98715
- Редакция идентификаторы
- 98715_Some(47485)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:05
0 Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсiн.
3 2016 жылғы 18 қаңтардағы №2
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі
1 1. 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3797 тіркелген, 2015 жылғы 24 ақпандағы «Орда жұлдызы» газетінде жарияланған).
2 2. 2015 жылғы 16 қаңтардағы №7 «Бөкей ордасы ауданы бойынша
2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3814 тіркелген, 2015 жылғы 10 наурыздағы «Орда жұлдызы» газетінде жарияланған).
3
3. 2015 жылғы 18 тамыздағы №107 «Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы» Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4034 тіркелген, 2015 жылғы 13 қазандағы «Орда жұлдызы» газетінде жарияланған).