Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Шарбакты Щербактинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Шарбакты Щербактинского района
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданының Шарбақты ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 22.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2016 98777_84000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PMP04920
- ЭКБ идентификаторы
- 98777
- Редакция идентификаторы
- 98777_84000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:00
0 Шарбақты ауданының
Шарбақты ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн – өзi басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, Шарбақты ауданының мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 2-19/77 ұсынымы негізінде, жануарлардың құтырық ауруларының алдын алу және жою мақсатында Шарбақты ауданының Шарбақты ауыл әкімі ШЕШТI:
1
1. Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында ірі қара малдың құтырықпен ауруы пайда болуына байланысты, Ленин көшесінің Орджоникидзе көшесімен қиылысына дейін солтүстік жағынан, 9 Май көшесіне дейін оңтүстік жағынан, Вокзальный көшесінен 1 Май көшесімен қиылысына дейін батыс жағынан және Садовый көшесіне дейін шығыс жағынан шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар өткізсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Дәулетбаев
2016 жылғы 22 қаңтар
Келісілді:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шарбақты
аудандық аумақтық инспекция басшысы Г. Фисенко
2016 жылғы 22 қаңтар
Келісілді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Шарбақты ауданының тұтынушылардың құқығын қорғау
жөніндегі басқармасының басшысы М. Айғазинов
2016 жылғы 22 қаңтар