Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил рассмотрения и заверения приглашений граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи

Бұйрық · № 13 · қабылданған 13.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98846/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил рассмотрения и заверения приглашений граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи Қолданыста Бұйрық ·№ 13 ·13.01.2016
04.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил рассмотрения и заверения приглашений граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи

Қолданыста Бұйрық ·№ 13 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил рассмотрения и заверения приглашений граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасына біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
13
Қабылданған күні
13.01.2016
Көрсетілген редакция
04.08.2020 98846_475320.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013054
ЭКБ идентификаторы
98846
Редакция идентификаторы
98846_475320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:11

0 Қазақстан Республикасы

азаматтарының шетелдерде
тұратын этникалық қазақтардың
арасынан туыстарын Қазақстан
Республикасына отбасын біріктіру
мақсатында қоныстандыру
үшін шақыруларын қарау
және куәландыру қағидаларын
бекіту туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушының
13 қаңтардағы № 13
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру
үшін шақыруларын қарау және куәландыру
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру тәртібін айқындайды.

2

2. Осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарайды және куәландырады.

3 3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1 1) өтініш беруші – шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін өтініш білдіретін Қазақстан Республикасының азаматы;

2 2) туыстар – үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық қатынастағы адамдар;

3 3) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландырудың тәртібі мен мерзімі

4 4. Өтініш беруші шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Бұл ретте аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарыда отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
Өтінішке:

1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шақыру;

2 2) шақырушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

5 5. Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шақыруды куәландырады және өтініш берушіге хабарлайды.

Шақыру жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тегі мен аты-жөні көрсетілген және оның қолымен мөртаңба белгісі қойылған бір данада куәландырылады.

6

6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша негіздеме (ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жібереді.

1 ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
азаматтарының шетелдерде тұратын
этникалық қазақтардың арасынан
туыстарын Қазақстан Республикасына
отбасын біріктіру мақсатында
қоныстандыру үшін шақыруларын
қарау және куәландыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
______________________________________
(кімге)
______________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
______________________________________
(кімнен)
ӨТІНІШ
Шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарды Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін менің шақыруымды қарауды және куәландыруды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды:

1 1) шақыруды;

2 2) шақырушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беремін.

______________________________________ _________________________________________
(қолы) (күні)

2 ШАҚЫРУ

Қазақстан Республикасы
азаматтарының шетелдерде тұратын
этникалық қазақтардың арасынан
туыстарын Қазақстан Республикасына
отбасын біріктіру мақсатында
қоныстандыру үшін шақыруларын
қарау және куәландыру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
________________________________________
(кімге)
________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
________________________________________
(кімнен)
ШАҚЫРУ
Шақырушы: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________________________
Туған жылы: ____________________________________________________________________________________________
Азаматтығы: ____________________________________________________________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________________________________________________________________
Шақыру мақсаты: ________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында болу мерзімі: ___________________________________________________________________
Шақырылып отырған адамдардың тізімі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туыстық дәрежесі
Азаматтығы
Туылған күні
Тұрғылықты жерінің мекен-жайы
_________________________
(қолы)
«Куәландырылды»
Жергілікті атқарушы органның
лауазымды адамы _____________ _________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________
(Мөр орны)

Қолданыстағы