Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Панфиловском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Панфиловском районе
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 01.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2017 98864_149058.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DP003704
- ЭКБ идентификаторы
- 98864
- Редакция идентификаторы
- 98864_149058
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:42
0 Панфилов ауданында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Панфилов аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3
3. «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Гүлмира Сәрсенқызы Сариковаға осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Роза Азаматқызы Мағруповаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Панфилов ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «___»____________
«Панфилов ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және кандидаттарға
сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар
беру туралы» №____қаулысына 1-қосымша
Панфилов ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1 1. Жаркент қаласы бойынша:
1 1) Жаркент қаласы, Лутфуллин көшесіндегі стенд (Розыбакиев және Головацкий көшелерінің аралығы);
2 2) Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, Жаркент перзентханасы ғимаратының жанындағы стенд;
3 3) Жаркент қаласы, Розыбакиев және Жмутский көшелерінің қиылысындағы стенд;
4 4) Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, № 51б, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының Панфилов аудандық бөлімі ғимаратының жанындағы стенд.
2 2. Басқұншы ауылдық округі бойынша:
1 1) Басқұншы ауылы, Қарабалаев көшесі, № 77, Басқұншы ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Алмалы ауылы, Елтінді батыр көшесіндегі стенд (Алмалы пошта байланыс бөлімшесінің жанында).
3 3. Пиджим ауылдық округі бойынша:
1 1) Пиджим ауылы, Уәлиханов көшесі, № 37, Пиджим дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Пиджим ауылы, оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Пиджим дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
3 3) Төменгі Пиджим ауылы, Мухамади көшесі, № 1, Төменгі Пиджим фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
4 4) Қорғас ауылы, Жібек Жолы көшесі, № 22, Қорғас медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
5 5) Ават ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 1, Ават фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
4 4. Бірлік ауылдық округі бойынша:
1 1) Алтыүй ауылы, Желтоқсан көшесі, № 21, Алтыүй ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Надек ауылы, Асанова көшесі, № 11, Надек ауылдық клубы ғимаратының жанындағы стенд;
3 3) Шежін ауылы, Қастеев көшесі, № 29/1, Шежін медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
5 5. Талды ауылдық округі бойынша:
1 1) Лесновка ауылы, Пащенко көшесі, № 57, Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Еңбекші ауылы, Жаңалық көшесі, Еңбекші ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
3 3) Нағарашы ауылы, Нұржеке батыр көшесі, № 10, Нағарашы фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
6 6. Сарыбел ауылдық округі бойынша:
1 1) Сарыбел ауылы, Сатай батыр көшесі, Сарыбел дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Садыр ауылы, Тохтамов көшесі, Садыр фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3 3) Тұрпан ауылы, Уәлиханов көшесі, Тұрпан фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
7 7. Үшарал ауылдық округі бойынша:
1 1) Үшарал ауылы, Абай көшесі, № 62, Үшарал дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Ақарал ауылы, Уәлиханов көшесі, № 9/1, Ақарал медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
8 8. Үлкен Шыған ауылдық округі бойынша:
1 1) Үлкен Шыған ауылы, Сатай батыр көшесі, № 29/2, Үлкен Шыған дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Кіші Шыған ауылы, Бегімбетов көшесі, № 53, Кіші Шыған дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
3 3) Қырыққұдық ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 7, Қырыққұдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
4 4) Ақкент ауылы, Ақкент көшесі, Ақкент медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
9 9. Көктал ауылдық округі бойынша:
1 1) Көктал ауылы, Желтоқсан көшесі, № 1, Көктал ауылдық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Көктал ауылы, Уәлиханов және Ә.Ыбыраймолдұлы көшелерінің қиылысындағы стенд;
3 3) Ақжазық ауылы, Кітапбек көшесіндегі стенд (Ақжазық пошта байланыс бөлімшесінің жанында);
4 4) Аққұдық ауылы, Орталық көшесі, № 4/1, Аққұдық медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
10 10. Айдарлы ауылдық округі бойынша:
1 1) Айдарлы ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, Айдарлы дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Дарбазақұм ауылы, Мәметова көшесі, Дарбазақұм медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3 3) Сарпылдақ ауылы, Бейбітшілік көшесі, Сарпылдақ медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
11 11. Қоңырөлең ауылдық округі бойынша:
1 1) Қоңырөлең ауылы, Қожбанбет би көшесі, № 40, Қоңырөлең ауылдық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Ынталы ауылы, Қожбанбет би көшесі, № 13, Ынталы медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3 3) Бөрібай би ауылы, Қожбанбет би көшесі, № 1а, Бөрібай би медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
4 4) Сарытөбе ауылы, Абая көшесі, № 3, Сарытөбе медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
5 5) Керімағаш ауылы, Жастар көшесі, Керімағаш медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
12 12. Үлкенағаш ауылдық округі бойынша:
1 1) Әулиеағаш ауылы, Шәнті би көшесі, № 4, Әулиеағаш ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Көктал-Арасан ауылы, Уәлиханов көшесі, Көктал-Арасан медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
13 13. Шолақай ауылдық округі бойынша:
1 1) Шолақай ауылы, Шолақай көшесі, № 76, Шолақай дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Диханқайрат ауылы, Азимбаев көшесі, Диханқайрат фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
14 14. Жаскент ауылдық округі бойынша:
1 1) Головацкий ауылы, Домалақ ана көшесі, № 3, Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен ғимаратының жанындағы стенд;
2 2) Суптай ауылы, Абай көшесі, Суптай фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
65 Панфилов ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «____»_____________
«Панфилов ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»
№_____қаулысына 2-қосымша
Панфилов ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар