Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил составления и доведения до государственных органов перечня организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма

Бұйрық · № 576 · қабылданған 20.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98963/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил составления и доведения до государственных органов перечня организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма Күшін жойған Бұйрық ·№ 576 ·20.11.2015
15.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил составления и доведения до государственных органов перечня организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма

Күшін жойған Бұйрық ·№ 576 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил составления и доведения до государственных органов перечня организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма
Атауы (қаз.)
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
576
Қабылданған күні
20.11.2015
Көрсетілген редакция
15.11.2020 98963_490918.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500013007
ЭКБ идентификаторы
98963
Редакция идентификаторы
98963_490918
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:32

0 Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидаларын бекіту туралы

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылдың
28 тамызындағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу тәртібі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада бекітілген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет»

ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2016 жылдың 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

0 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің
2016 жылғы 25 қантардағы
№ 34
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2016 жылғы 20 қантардағы
№ 6
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 576
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 11-1-2/539
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 14 қантардағы
№ 17
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 962
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен
байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау
және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен   байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылды:

1 1) құзыретті мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер

министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;

2 2) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) – Заңның

12-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган жасаған терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі (бұдан әрі – тізім);

3 3) уәкілетті орган – қаржы мониторингін жүзеге асырушы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шаралар қабылдаушы мемлекеттік орган.

3 3. Уәкілетті орган дереу:

1 1) Заңның 12-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздердің бар болуы туралы құзыретті мемлекеттік органдардан ақпарат алған жағдайда тізбеге ұйымдар мен тұлғаларды енгізеді немесе одан

шығарады;

2 2) мұндай мәліметтердің өзгерісі немесе толықтырылуы туралы құзыретті мемлекеттік органдардан ақпарат алған жағдайда тізбеде тұрған ұйымдар мен тұлғалар туралы мәліметтерге өзгерістер енгізеді;

3 3) қаржы мониторингі субъектілерінің және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тыйым салу бойынша шаралар қабалдаулары үшін тізбені, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің ресми

интернет-ресурсына орналастырады.

2 2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу тәртібі

4 4. Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен жеке тұлғаларды тізбеге енгізу(шығару) туралы

ақпарат, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органға элекронды түрде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Microsoft Office Excel форматында:

1 1) электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі немесе мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы;

2 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдермен ақпаратты жіберу мүмкіндігі болмаған жағдайда ақпаратты электронды тасымалдағыш арқылы жіберіледі

5 5. Заңның 12-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздердің бірі пайда болғанда құзыретті мемлекеттік органдар уәкілетті органға дереу тиісті ақпарат жібереді.

6 6. Заңның 12-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша тізбеге енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдары Заңның 12-бабының

6-тармағында көрсетілген мәліметтерді көрсете отырып, террористік және экстремистік қызметке қатысты ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы деректерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жібереді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Заңның
12-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан алған деректер негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасаған террористік және экстремистік қызметке қатысты ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізіміне ұйымдарды және/немесе жеке тұлғаны енгізу туралы шешім қабылдайды.

7 7. Құзыретті мемлекеттік органдар мәліметтерді толықтай бермеген жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан қосымша ақпарат үшін өтініш жасайтын жағдайларды қоспағанда, дереу берілетін қажетті ақпаратты қосымша сұратады.

8 8. Тізбеге ұйымдар мен тұлғаларды енгізу және одан шығару, сондай-ақ тізбеде тұрған ұйымдар мен тұлғалар туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу уәкілетті органға құзыретті мемлекеттік органдардан тиісті ақпарат түскен бойда жүзеге асырылады.

9 9. Уәкілетті орган дереу тізбе жасалған, сондай-ақ оған өзгерістер енгізілген сәттен бастап тиісті мемлекеттік органдарға осы Қағиданың

4-тармағында көрсетілген тәсілдермен электронды түрде жібереді.

10 10. Тізбеге қателесіп енгізілген, не тізбеден алынып тастауға жататын, бірақ алынбаған ұйымдар мен жеке тұлғаларды шығару туралы шешімді уәкілетті орган Заңның 12-бабының 7-тармағына сәйкес қабылдайды.

11 11. Уәкілетті органға берілген, соның негізінде тізбеге ұйым немесе жеке тұлға енгізілген ақпараттың дұрыстығы және негізділігі үшін осы ақпаратты берген мемлекеттік орган қамтамсыз етеді.

1 Терроризмді және экстремизмді

қаржыландырумен байланысты
ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін
жасау және оны мемлекеттік
органдардың назарына жеткізу
қағидасына
Нысан
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйым мен жеке тұлғаны тізбеге енгізу (шығару) туралы ақпарат
Тұлғалар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Т е г і
А т ы
Әкесі-нің аты
(бар болса)
Туы­л­ған кү­ні
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі*
Же­ке ба­сын ку­әлан -
ды­ра­тын құ­жат
(құ­жат нө­мі­рі, кім
және қа­шан бер­ді)
Төл­құ-жат де­ректе-рі (төл­құж
ат нө­мі­рі,
кім бер­ді)
Аза­мат-тығы
Ту­ған же­рі
(бар бол­са)
Тұрғы-лықты жері
Заң­ды тұ­лға­лар­ға, фи­ли­ал­дар мен өкіл­дік­тер­ге қа­ты­суы және да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­кел­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер*
Жы­л­жы­ма­лы және жы­л­жы­май­тын мүл­кі­нің бар
екен­ді­гі
ту­ра­лы мә­лі­мет­тер*
Ен­гі­зу/шы-ға­ру негіз­де­ме­сі
(Заң нор­ма­сы)
Ұйымдар
1
2
3
4
5
6
7
8
Атауы
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі *
Орналасқан жері туралы мәліметтер
Ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны
(бар бол­са)
Мем­ле­кет­тік тір­кеу ор­ны мен ор­на­ла­су мә­лі­мет­тер
Ла­у­а­зым­ды адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, құ­ры­л­тай­шы­лар ту­ра­лы де­ректер*
Ба­ста­ма­шы
ел
Ен­гі­зу/шы­ға­ру негіз­де­ме­сі
(Заң нор­ма­сы)
* Шетелдік ұйымдарға және азаматтарға қатысты бағандар мәліметтер бар болғанда толтырылады

Қолданыстағы