Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета в городах Балхаш, Жезказган, Шахтинск, поселках Сарышаган, Шашубай Актогайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета в городах Балхаш, Жезказган, Шахтинск, поселках Сарышаган, Шашубай Актогайского района
- Атауы (қаз.)
- Балқаш, Жезқазған, Шахтинск қалаларындағы, Ақтоғай ауданының Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 02/01
- Қабылданған күні
- 15.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2016 98976_49963.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16K0003655
- ЭКБ идентификаторы
- 98976
- Редакция идентификаторы
- 98976_49963
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:08
0 Балқаш, Жезқазған,
Шахтинск қалаларындағы,
Ақтоғай ауданының Сарышаған,
Шашубай кенттеріндегі есепке алу
аспаптары жоқ тұтынушылар үшін
жылумен жабдықтау бойынша
коммуналдық қызметті тұтыну
нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Балқаш, Жезқазған, Шахтинск қалаларындағы Ақтоғай ауданының Сарышаған және Шашубай кенттеріндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қарағанды облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
«15» қаңтар
№ 02/01 қаулысына
қосымша
Балқаш, Жезқазған, Шахтинск қалаларындағы, Ақтоғай ауданының Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық
қызметті тұтыну нормалары
№
р/с
Тұтынушылар санаты
Жылумен жабдықтау ұйымының атауы
Өлшеу бірлігі
Мағынасы
1
тұтынушылар Балқаш қаласы Балқаш жылуэлектрорталығынан жылынады
«Су Жылу Транс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Гигакалория/
шаршы метр
0,0445
2
тұтынушылар Балқаш қаласы Қоңырат шағын ауданы қазандығынан жылынады
Гигакалория/
шаршы метр
0,03
3
тұтынушылар Жезқазған қаласы Жезқазған жылуэлектрорталығынан жылынады
«Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» акционерлік қоғамы
Гигакалория/
шаршы метр
0,06
4
тұтынушылар Шахтинск қаласы Шахтинск жылуэлектрорталығынан жылынады
Шахтинсктеплоэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория/
шаршы метр
0,0664
5
тұтынушылар Ақтоғай ауданының Сарышаған кенті қазандықтарынан жылынады
«Тоқырауын Су Жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория/
шаршы метр
0,0356
6
тұтынушылар Ақтоғай ауданының Шашубай кенті қазандығынан жылынады
Гигакалория/
шаршы метр
0,0312