Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в городе Текели
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в городе Текели
- Атауы (қаз.)
- Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 02.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2016 98982_49394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DC003706
- ЭКБ идентификаторы
- 98982
- Редакция идентификаторы
- 98982_49394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:40
0 Текелі қаласында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесу үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Констититуциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Текелі қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3
3. Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Мұханов Арман Тұрсыновичке осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Белдібеков Болат Далабаевичке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы
2 ақпандағы «Текелі қаласында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және кандидаттарға
сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар
беру туралы» № 14 қаулысына 1-қосымша
Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1 1. Текелі қаласы бойынша:
1 1) Дінмұхамед Қонаев көшесі, № 102, «Жетісу Газ» корпорациясы» акционерлік қоғамының «Текелі газсервис» филиалы ғимаратының жанындағы тақта;
2 2) Тәуелсіздік көшесі, № 11, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта;
3 3) Мұхтар Әуезов көшесі, № 33, қалалық базар жанындағы тақта;
4 4) Қаныш Сәтпаев көшесі, № 44, Спорт сарайы ғимаратының жанындағы тақта.
2 2. Рудничный ауылдық округі бойынша:
1 1) Бейбітшілік көшесі, № 55, пошта байланысы бөлімшесінің жанындағы тақта.
14 Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы
2 ақпандағы «Текелі қаласында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және кандидаттарға
сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар
беру туралы» № 14 қаулысына 2-қосымша
Текелі қаласында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандадаттарға берілетін үй-жайлар