Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в городе Текели

Қаулы · № 14 · қабылданған 02.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98982/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в городе Текели Қолданыста Қаулы ·№ 14 ·02.02.2016
02.02.2016 редакциясы
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в городе Текели

Қолданыста Қаулы ·№ 14 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в городе Текели
Атауы (қаз.)
Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14
Қабылданған күні
02.02.2016
Көрсетілген редакция
02.02.2016 98982_49394.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16DC003706
ЭКБ идентификаторы
98982
Редакция идентификаторы
98982_49394
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:40

0 Текелі қаласында үгіттік баспа

материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесу үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Констититуциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Текелі қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.

3. Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Мұханов Арман Тұрсыновичке осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Белдібеков Болат Далабаевичке жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы

2 ақпандағы «Текелі қаласында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және кандидаттарға
сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар
беру туралы» № 14 қаулысына 1-қосымша
Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1. Текелі қаласы бойынша:

1) Дінмұхамед Қонаев көшесі, № 102, «Жетісу Газ» корпорациясы» акционерлік қоғамының «Текелі газсервис» филиалы ғимаратының жанындағы тақта;

2) Тәуелсіздік көшесі, № 11, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта;

3) Мұхтар Әуезов көшесі, № 33, қалалық базар жанындағы тақта;

4) Қаныш Сәтпаев көшесі, № 44, Спорт сарайы ғимаратының жанындағы тақта.

2. Рудничный ауылдық округі бойынша:

1) Бейбітшілік көшесі, № 55, пошта байланысы бөлімшесінің жанындағы тақта.

14 Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы

2 ақпандағы «Текелі қаласында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және кандидаттарға
сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар
беру туралы» № 14 қаулысына 2-қосымша
Текелі қаласында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандадаттарға берілетін үй-жайлар

1. Текелі қаласы Әбілхан Қастеев көшесі, № 8, «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акті залы.

2. Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 11, «Текелі қаласы әкімінің мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының акті залы.

3. Текелі қаласы, Жеңіс көшесі, № 10, «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 8 орта мектеп мектепке дейін шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акті залы.

4. Текелі қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі, № 10, «Текелі қаласы әкімінің Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны «Металлург» клубының акті залы.

5. Рудничный ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 58, «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 7 орта мектеп мектепке дейін шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акті залы.

6. Осы әділет органдарында стап күшіне енеді және алғашқы ресми ік он күн өткен соң енгізіледі.

Қолданыстағы