О переименовании Республиканского государственного казенного предприятия "Казахский научно-исследовательский институт кардиологии" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании Республиканского государственного казенного предприятия "Казахский научно-исследовательский институт кардиологии" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1163
- Қабылданған күні
- 06.09.2001
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI9901_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010001163_
- ЭКБ идентификаторы
- 9901
- Редакция идентификаторы
- AI9901_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:35
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлімдегі реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты".
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.