Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств
- Атауы (қаз.)
- Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 27.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2023 99031_619214.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16D0003725
- ЭКБ идентификаторы
- 99031
- Редакция идентификаторы
- 99031_619214
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:51
0 Профилактикасы мен
диагностикасы бюджет
қаражаты есебінен жүзеге
асырылатын жануарлардың
энзоотиялық ауруларының
тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
2
2. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 498 «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 3592 тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 (18126) «Жетісу», 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 (17075) «Огни Алатау» газеттерінде, 2015 жылғы 18 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. І. Бескемпіровке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Облыс әкімдігінің
2016 жылғы «____»________
№____қаулысымен бекітілген
Профилактикасы мен
диагностикасы бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
№
Жануарлардың энзоотиялық ауруларының атауы
1
Жылқының сақауы
2
Жылқының сальмонеллезді іш тастауы
3
мүйізді ірі қараның
пироплазмидозы (бабезиоз, тейлериоз)