Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств
- Атауы (қаз.)
- Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 27.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2023 99031_619214.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16D0003725
- ЭКБ идентификаторы
- 99031
- Редакция идентификаторы
- 99031_619214
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:51
0 Профилактикасы мен
диагностикасы бюджет
қаражаты есебінен жүзеге
асырылатын жануарлардың
энзоотиялық ауруларының
тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 498 «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 3592 тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 (18126) «Жетісу», 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 (17075) «Огни Алатау» газеттерінде, 2015 жылғы 18 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. І. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Облыс әкімдігінің
2016 жылғы «____»________
№____қаулысымен бекітілген
Профилактикасы мен
диагностикасы бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
№
Жануарлардың энзоотиялық ауруларының атауы
1
Жылқының сақауы
2
Жылқының сальмонеллезді іш тастауы
3
мүйізді ірі қараның
пироплазмидозы (бабезиоз, тейлериоз)