Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и правительствами государств Бенилюкс об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических паспортов

Қаулы · № 598 · қабылданған 29.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99140/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и правительствами государств Бенилюкс об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических паспортов Қолданыста Қаулы ·№ 598 ·29.07.2015
06.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и правительствами государств Бенилюкс об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических паспортов

Қолданыста Қаулы ·№ 598 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и правительствами государств Бенилюкс об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических паспортов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
598
Қабылданған күні
29.07.2015
Көрсетілген редакция
06.05.2025 99140_762654.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000598
ЭКБ идентификаторы
99140
Редакция идентификаторы
99140_762654
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:53

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 2 наурызда Брюссельде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📌 Ескерту.
Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімінің мәтіні ресми
болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және
сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады 

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің Үкіметтері арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 598 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің Үкіметтері арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері (бұдан әрі бірлесе «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп аталатын);
1960 жылғы 11 сәуірде Брюссельде қол қойылған Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі арасындағы көшіп келушілерге бақылау жасауды Бенилюкстің сыртқы шекарасына ауыстыруға қатысты келісімге сәйкес Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері бірге әрекет ететінін тани отырып;
Қазақстан Республикасының азаматтары мен Бенилюкс мемлекеттері азаматтарының – жарамды ұлттық дипломатиялық немесе ұлттық қызметтік/ресми паспорттар иелерінің тиісті мемлекеттерге кіруін жеңілдетуге ниеттене отырып;
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Анықтамалар
Егер мәнмәтінде өзгеше көзделмесе, осы Келісімде:
«Бенилюкс мемлекеттері» – Бельгия Корольдігін, Люксембург Ұлы Герцогтігін және Нидерланд Корольдігін білдіреді.
«Бенилюкс аумағы» Еуропада Бельгия Корольдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің және Нидерланд Корольдігінің біріккен аумағын білдіреді.

2 2-бап

Құзыретті органдар
Аталған келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар:
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі; және
Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері атынан: Бельгия Корольдігінен Сыртқы істер, сыртқы сауда және ынтымақтастықты дамыту федералдық мемлекеттік қызметі, Люксембург Ұлы Герцогтігінен – Сыртқы істер және иммиграция министрлігі және Нидерланд Корольдігінен – Сыртқы істер министрлігі.

3 3-бап

Визалық талаптардан босату

1 1. Жарамды ұлттық дипломатиялық немесе ұлттық қызметтік паспорттардың иелері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары әрбір 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге Бенилюкс мемлекеттерінің аумағына визасыз кіре алады және онда қала алады.

2

2. Жарамды ұлттық дипломатиялық немесе ұлттық ресми/қызметтік паспорттардың иелері болып табылатын Бенилюкс мемлекеттерінің азаматтары күнтізбелік 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына визасыз кіре алады және онда қала алады.

4 4-бап

Аккредиттелген өкілдер

1

1. Бір Тарап мемлекетінің жарамды ұлттық дипломатиялық немесе жарамды ұлттық қызметтік/ресми паспорттары бар, екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің не халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің мүшесі болып табылатын азаматтары аккредиттеудің бүкіл мерзімінде қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағына визасыз кіре алады, одан кете алады және онда бола алады.

2 2. Тараптар осы баптың 1-тармағында атап өтілген адамдардың келуі туралы бір-бірін хабардар етеді және аталған адамдар басқа Тараптың аккредиттеу қағидаларын сақтауы тиіс.

5 5-бап

Келуден бас тарту
Осы Келісімнің 3 және 4-баптарының ережелеріне қарамастан, Тараптардың әрқайсысы болуы ұнамсыз немесе оның мемлекетінде заңға және қоғамдық тәртіпке немесе ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіруші ретінде қарастырылатын кез келген адамның өз мемлекетінің аумағына келуінен бас тарту құқығын сақтайды.

6 6-бап

Заңнамалардың қолданылуы
Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің аумағына шетелдіктердің келуін, болуы мен шығарып жіберуді және кез келген қызмет түрлерін реттейтін қолданыстағы заңнамаларын қозғамайды.

7 7-бап

Реадмиссия
Тараптардың әрқайсысы Тараптар мемлекеттерінің билігі берген жарамды ұлттық дипломатиялық паспортпен немесе жарамды ұлттық қызметтік/ресми паспортпен өз мемлекетінің аумағына кірген адамдарды кез келген уақытта әрі шарттылықсыз аталған аумақта қабылдауға міндеттенеді.

8 8-бап

Құжаттама
Тараптар өздерінің жаңа немесе өзгертілген ұлттық дипломатиялық немесе қызметтік/ресми паспорттарының үлгілерін, сондай-ақ осы паспорттарды пайдалануға қатысты толық мәліметтерді оларды енгізілген күнге дейін мүмкіндігінше күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы жібереді.

9 9-бап

Дауларды реттеу
Осы Келісімнің ережелерін қолдану немесе түсіндіру кезінде туындайтын кез келген даулар Тараптар арасындағы бейбіт консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

10 10-бап

Өзгерістер мен толықтырулар
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша дипломатиялық арналар арқылы Тараптар арасында ноталар алмасу негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

11 11-бап

Депозитарий
Бельгия Корольдігінің Сыртқы істер, сыртқы сауда және ынтымақтастықты дамыту федералдық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – депозитарий) Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері үшін осы Келісімнің депозитарийі болып саналады. Депозитарий Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтеріне осы Келісімнің куәландырылған көшірмесін береді.

12 12-бап

Күшіне ену, қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату

1 1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен кейінгі келесі екінші айдың бірінші күні күшіне енеді.

2 2. Осы Келісім бір жыл мерзімге жасалады, ол мерзім өткеннен кейін Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламаны депозитарийге жолдағанша бұл кезең өткенге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін күшінде қалады.

3 3. Бастапқы бір жылдық мерзім өткеннен кейін Тараптардың кез келгені дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнен шығу ниеті туралы жазбаша хабарламаны болжалды шығу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жолдап, осы Келісімнен шыға алады.

4 4. Кез келген Тараптың Осы келісімнен шығуы барлық Тарап үшін оның қолданысының тоқтатылуына әкеп соқтырады.

5 5. Депозитарий Тараптарды осы бапта аталған кез келген хабарламаны алғаны туралы хабардар етеді.

13 13-бап

Қолданысын тоқтата тұру
Кез келген Тарап осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұруға құқылы. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру туралы өз шешімін Тарап дипломатиялық арналар арқылы Депозитарийге жедел хабарлайды. Депозитарий осындай хабарламаны алғаны туралы басқа Тараптарға хабарлайды. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұруды жою кезінде де осындай тәртіп қолданылады.

14 14-бап

Нидерланд Корольдігінде қолданылуы
Осы Келісім Нидерланд Корольдігіне қатысты алғанда Арубаға, Курасаоға, Әулие Мартин аралына және Нидерланд Корольдігінің Кариб бөлігіне (Бонайре, Әулие Эстатиус және Саба аралдары) қолданылуы мүмкін.
Осыны куәландыра отырып, өз үкіметтері тиісінше уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
2015 жылғы «2» наурызда Брюссель қаласында, әрқайсысы қазақ, француз, нидерланд және ағылшын тілдерінде бірдей күші бар екі данада жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
____________________________
Бельгия Корольдігінің
Үкіметі үшін
__________________________________
Люксембург Ұлы Герцогтігінің
Үкіметі үшін
__________________________
Нидерланд Корольдігінің
Үкіметі үшін
_______________________________

Қолданыстағы