Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об оказании на безвозмездной основе технической помощи (содействия) Вооруженным Силам Республики Казахстан

Қаулы · № 1169 · қабылданған 31.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99151/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об оказании на безвозмездной основе технической помощи (содействия) Вооруженным Силам Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1169 ·31.12.2015
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об оказании на безвозмездной основе технической помощи (содействия) Вооруженным Силам Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1169 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об оказании на безвозмездной основе технической помощи (содействия) Вооруженным Силам Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1169
Қабылданған күні
31.12.2015
Көрсетілген редакция
31.12.2015 99151_113609.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500001169
ЭКБ идентификаторы
99151
Редакция идентификаторы
99151_113609
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:17

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде
техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 12 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының

Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісім бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісім

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 қаңтардағы
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз
негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі
екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және олардың қарулы күштері арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Қытай тарапы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жарақтандыруда техникалық көмек (жәрдем) ретінде жалпы сомасы 30 миллион юань мүлікті өтеусіз негізде Қазақстан тарапының меншігіне береді, оның тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген.

2 2-бап

Қытай тарапы мүлікті Алашанькоу шекара пунктіне жеткізеді, онда Тараптардың уәкілетті органдарының өкілдері арасында тиісті актіге қол қойылып, оны қабылдау-беру жүзеге асырылатын болады.
Алашанькоу шекара пунктіне дейін мүлікті жеткізуге байланысты барлық шығыстарды Қытай тарапы көтереді, ал мүлікті Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға байланысты одан кейінгі шығыстарды Қазақстан тарапы көтереді.

3 3-бап

Қазақстан тарапы осы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мүлікті лицензиялау, кедендік декларациялау ресімдерін жүргізуді жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес кедендік төлемдер мен қосылған құн салықтарын төлеуден босатады.

4 4-бап

Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
Қытай тарапынан – Қытай Халық Республикасы Қорғаныс министрлігі болып табылады.

5 5-бап

Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6 6-бап

Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар жолымен шешеді.

7 7-бап

Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді және осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
2015 жылғы 12 қазанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін

Қолданыстағы