О признании утратившими силу некоторых решении Хромтауского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решении Хромтауского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 321
- Қабылданған күні
- 18.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2016 99152_53687.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16CL00321M
- ЭКБ идентификаторы
- 99152
- Редакция идентификаторы
- 99152_53687
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:26
0 Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заңының 40 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешім қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Хромтау аудандық мәслихатының
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 321 шешіміне қосымша
Хромтау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізбесі:
1
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 152 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3758 тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешімі;
2
2. Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 153 «Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3759 тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешімі;
3
3. Хромтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген, 2014 жылдың 18 наурызында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешімі;
4 4. Хромтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 309 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі;
5
5. Хромтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 282 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4522 тіркелген, 2015 жылдың 24 қыркүйегінде аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешімі.