Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39-2
- Қабылданған күні
- 18.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2020 99165_434008.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SB003629
- ЭКБ идентификаторы
- 99165
- Редакция идентификаторы
- 99165_434008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:06
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16 бабы 4) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсанда 6,5 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Мынадай тәртіп айқындалсын:
1
1) үйде оқытылатын кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі;
2 2) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзімі аяқталғанына дейін өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
3
3) шығындарды өндіріп алу қаржыландыруға сәйкес ағымдағы тоқсан үшін жүргізіледі. Шығындарды төлеуді тоқтатуын туғызатын жағдайлар басталған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.