Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации учета детей дошкольного и школьного возраста до получения ими среднего образования

Бұйрық · № 33 · қабылданған 15.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99205/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации учета детей дошкольного и школьного возраста до получения ими среднего образования Күшін жойған Бұйрық ·№ 33 ·15.01.2016
11.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации учета детей дошкольного и школьного возраста до получения ими среднего образования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 33 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации учета детей дошкольного и школьного возраста до получения ими среднего образования
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33
Қабылданған күні
15.01.2016
Көрсетілген редакция
11.07.2017 99205_217732.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013115
ЭКБ идентификаторы
99205
Редакция идентификаторы
99205_217732
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:08

0 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (А.М. Мәкенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________________Қ.Қасымов
2016 жылғы 19 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33
бұйрығымен бекітілген
Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2 2. Балаларды есепке алуды жүзеге асырудың негізгі міндеттері балалардың міндетті тегін білім алу құқығын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалуының профилактикасы болып табылады.

3 3. Қағидаларда мынадай ұғынымдар пайдаланылады:

1

1) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алу – бұл тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін балаларға аула аралау (пәтер аралау) арқылы санақ жүргізу;

2 2) білім беру ұйымына бекітілген аумақ – қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдердің шешімі бойынша білім беру ұйымына оның шекарасы нақты белгіленген бекітілген аумақ;

3

3) ұйымдастырушылық жағдайлар – мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды іске асыру бойынша нақты орындаушыларды анықтау, олардың басқа мүдделі органдар мен ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіру және жылсайынғы есепке алуға жататын балалар туралы мәлімет базасын қалыптастыру (жергілікті атқарушы органдардың бұйрығы).

4 4. Тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағында тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін 0 жастан 18 жасқа (олар орта білім алғанға дейін) дейінгі барлық балалар міндетті дербес есепке алуға жатады.

5 5. Балаларды есепке алу жылына екі рет әр ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан, тамыз-қыркүйек айларында жүзеге асырылады.

Әр жаңа оқу жылында 5 қыркүйектен кешіктірмей балалардың есепке алуы сынып-комплектілерді жинақтауға дейін аяқталады.

6

6. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды анықтау және есепке алу мүдделі ұйымдармен, адамдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесiндегі органдар мен мекемелердің өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырылады.

7 7. Балаларды есепке алуға:

1 1) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – білім беру органдары);

2 2) мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ММ);

3 3) өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары (келісім бойынша);

4 4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (келісім бойынша);

5 5) заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыратын басқа да органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) қатысады.

8 8. Балаларды есепке алу балалардың бірыңғай мәлімет базасын құру және енгізу арқылы жүргізіледі.

9 9. Білім беру органдары мен ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымдар ведомстволық бағыныстағы аумақта тұратын мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды іске асыру үшін ұйымдастырушылық жағдайлар жасайды.

10

10. Қыркүйек айында білім беру органдары және ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымдар балалардың бастапқы есеп тізімі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың тізімдері бойынша білім беру ұйымдарында балалардың қатысуын қадағалайды, балаларды оқумен қамту бойынша қажетті іс-шаралар өткізіледі.
ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары білім органдарына балалардың қатысуы туралы мәліметтерді әр жылдың 5 қыркүйегіне жолдайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім органдары білім саласындағы уәкілетті органға мәліметтерді әр жылдың 10 қыркүйегіне жолдайды.

11 11. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін жылсайынғы оларды есепке алу қорытындылары білім беру органдары мен ұйымдарының мәжілістерінде қаралады.

2 2. Білім беру органдарының балаларды есепке алуды іске асыру тәртібі

12

12. Білім беру органдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды іске асырады және ведомстволық бағыныстағы аумақта тұратын балаларды жыл сайын есепке алу жүйесін іске асыру үшін ұйымдастырушылық жағдай жасайды және мәліметтер базасына енгізуге (алып тастауға) жататын балалар туралы ақпаратты тұрақты қабылдауды ұйымдастырады, ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарынан алған ақпаратқа сәйкес толықтырулар мен өзгерістерді оған уақытылы енгізеді және:

1 1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында білім алушы;

2 2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленуші және білім алушы;

3 3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйде оқытылатын білім алушы;

4 4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша);

5 5) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген аумақта тұратын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың;

6 6) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың;

7 7) осы Қағидаға 7, 8 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған, орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған оқушыларды оқумен қамту бойынша қабылданған шаралар туралы.

Аталған мәліметтер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), (аудан, қала, қаладағы аудан) ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметімен келісіледі және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдарымен білім саласындағы уәкілетті органға әр айдың 15-не қарай, қалалардың, аудандардың білім органдарымен облыстардың білім органдарына әр айдың 5-не қарай жолданады.

8 8) осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу жылы бойы (жартыжылдық қорытындысы бойынша және әр жылдың 5 қыркүйегіне) орта білім беру ұйымына келген (шыққан);

9 9) осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешкі орта білім беру ұйымдарына, экстернатқа, сырттай, қашықтықтан оқуға ауыстырылған білім алушы;

10 10) осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешкі орта білім беру ұйымдарынан шыққан;

11 11) осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша одан әрі білім алуды растайтын тиісті құжаттары қоса берілген 9 - сыныпты аяқтаған балалардың мәлімет базасын жүргізеді.

13

13. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың, аудандардың білім беру органдары 13-қосымшаға сәйкес тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін 0 жастан 18 жасқа дейінгі (олардың орта білім алғанға дейін) балалардың мәліметтер базасын, осы Қағидағаға 14, 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша балаларды есепке алу қорытындысы туралы мәліметтерді, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық мәліметтерін қосымша жүргізеді.

14

14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдары осы Қағидаға 14, 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша балаларды есепке алудың қорытындылары туралы мәліметті, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық мәліметтерін жинақтауды іске асырады, сондай-ақ:

1 1) осы Қағидаға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың;

2 2) осы Қағидаға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі білім базасымен түскен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан шыққан (ауысқан) білім алушылардың мәліметтер базасын жүргізеді.

15

15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдары жыл сайын 15 қыркүйекке және әр ағымдағы жылдың 5 ақпанға дейінгі кезеңде мәліметтер базасын оқуға қабылданған және осы оқу жылында оқуды нақты бастаған балаларды тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында білім алушыларды нақты тізімдік есепке алу деректерімен, сондай-ақ одан әрі орта білім беру ұйымдарында білім алуын жалғастыру мәніне негізгі орта білім базасымен түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аяқтамаған балалар туралы деректерімен салыстырып тексереді.
Негізгі орта білім базасымен түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан шығарылған балаларды білім алумен қамтуды бақылау олардың орта білім алғанға дейін жүзеге асырылады.

16

16. Қалалардың, аудандардың білім беру органдары жыл сайын 10 қыркүйекке дейінгі және әр ағымдағы жылдың 30 қаңтарына дейінгі кезеңде мәліметтер базасын оқуға қабылданған және осы оқу жылында оқуды нақты бастаған балаларды тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында білім алушыларды нақты тізімдік есепке алу деректерімен, сондай-ақ одан әрі білім беру ұйымдарында білім алуын жалғастыру мәніне орта білім беру ұйымдарынан шығарылған балалар туралы деректерімен салыстырып тексереді.

17 17. Білім беру органдары мен ұйымдары білім беру ұйымдарында білім алмайтын анықталған балаларды орналастыру бойынша шаралар қабылдайды және мәліметтер базасына тиісті өзгертулер енгізеді.

18 18. Осы Қағидалардың 10, 12-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қалалардың, аудандардың білім беру органдарының басшылары электрондық түрде және қағаз тасымалдағышта, басшының қолы қойылып және білім беру органының мөрімен куәландырып облыстардың білім беру органдарына ұсынады.

3 3. Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдардың балаларды есепке алуды іске асыру тәртібі

19 19. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдары бекітілген аумақ шегінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды жүргізеді.

Осы Қағидаға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аула аралау (пәтер аралау) дәптерінде тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін балалар туралы мәлімет белгіленеді.
Балалардың мәліметтері бар тізімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың, аудандардың білім беру органдарымен келісіледі және қала (аудан, кент, ауыл) әкімдері бекітеді.

20 20. ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары азаматтардан бекітілген аумақта (шағынаудан) тұратын балалар туралы ақпаратты қабылдауды ұйымдастырады және:

1 1) осы Қағидаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін 0 жастан 18 жасқа дейінгі (олардың орта білім алғанға дейін);

2 2) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында білім алушы;

3 3) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленуші және білім алушы;

4 4) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйде оқытылатын білім алушы;

5 5) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша);

6 6) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген аумақта тұратын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың;

7 7) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың;

8

8) осы Қағидаға 7, 8 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған, орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған оқушыларды оқумен қамту бойынша қабылданған шаралар туралы (аталған мәліметтерді республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың, аудандардың білім беру органдарына әр айдың 5-не жолдайды);

9 9) осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу жылы бойы (жартыжылдық қорытындысы бойынша және әр жылдың 5 қыркүйегіне) орта білім беру ұйымына келген (шыққан);

10 10) осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешкі орта білім беру ұйымдарына, экстернатқа, сырттай, қашықтықтан оқуға ауыстырылған білім алушы;

11 11) осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешкі орта білім беру ұйымдарынан шыққан;

12 12) осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша одан әрі білім алуды растайтын тиісті құжаттары қоса берілген 9 - сыныпты аяқтаған балалардың мәлімет базасын жүргізеді.

21 21. осы Қағидаға 14, 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдары балаларды есепке алудың қорытындылары туралы мәліметті, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық мәліметтерін қалыптастырады.

22 22. Білім алушылардың сабаққа қатысуын күнделікті бақылауды іске асырады (мониторинг), мінез-құлқында, білім алуында, дамуында және әлеуметтік бейімделуінде проблемалары бар білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізеді.

23

23. ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымының басшысы орта білім беру ұйымынан шыққан білім алушының одан әрі білім алуын бақылауды оның одан әрі білім алуын растайтын құжатты жеке іс-қағаздарына қоса отырып (әрі қарай білім алуын растайтын күні және шығыс нөмірі бар анықтама, басқа білім беру ұйымына қабылданғаны туралы күні және нөмірі бар бұйрығы) іске асырады.
Білім алушыны қабылдаған ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымының басшысы үшкүндік мерзімде білім алушы шығып кеткен орта білім білім беру ұйымына шығыс нөмірі және күні көрсетілген растау анықтаманы, орта білім беру ұйымына қабылдау туралы нөмірі және күні көрсетілген бұйрықты жолдайды.

24 24. Шығып кеткен оқушылардың одан әрі білім алуы туралы растайтын анықтама онда шығыс нөмірі және күні, басқа білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық нөмірі және күні болған жағдайда қабылданады.

25 25. Балаларды есепке алудың талдауы және жаңа оқу жылы басының алдында оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы бұйрық негізінде 5 қыркүйектен кешіктірілмей оқушыларды сыныптар бойынша қабылдау туралы бұйрық шығарылады. Қабылдау туралы бұйрық негізінде оқу сабақтарының журналы толтырылады.

26 26. Өз балаларының білім алуына кедергі жасаған және (немесе) өз балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша тиісінше міндеттемелерді орындамаған отбасыны анықтаған жағдайда ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары:

1 1) кәмелетке толмағандарды оқытуды ұйымдастыру үшін ата-аналармен (заңды өкілдермен) өзара іс-қимыл жасау бойынша шұғыл шаралар қабылдайды;

2 2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау үшін ол туралы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға хабарлайды;

3 3) анықталған балалар және көрсетілген балалар үшін оқытуды ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралар туралы білім органдарына хабарлайды.

27 27. Балаларды есепке алуды жүргізу барысында анықталған балалар оқу сабақтары журналында жинақтау сызығынан кейін жазылады.

28

28. Осы қағиданың 20-тармағында көрсетілген мәліметтер ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарының басшылары электрондық түрде және қағаз тасымалдағышта, ұйым басшысының қолы қойылып және аталған орта білім беру ұйымының мөрімен куәландырып республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың, аудандардың білім беру органдарына әр жылдың 5 қыркүйегіне және 25 қаңтарына ұсынады.

1 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
нысан
Орта білім беру ұйымдарында білім алушы балалардың
мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Қала, аудан
Орта білім беру ұйымның атауы
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
ЖСН
Сынып
Үй мекенжайы, телефоны
ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8
9

2 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
нысан
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленуші және білім алушы балалардың мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Қала, аудан
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының атауы
Тәрбиеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
ЖСН
Топ
Тұрғылықты мекен-жайы, телефоны
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8
9

3 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
нысан
Үйде оқытылатын білім алушы балалардың мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Қа­ла, аудан
Ор­та бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ата­уы
Бі­лім алушы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Туы­л­ған кү­ні, айы, жы­лы
Ди­а­гно­зы
Мү­ге­дек­ті­гі бар ма (көр­се­ту қа­жет)
Оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
Же­ке оқы­ту­дың ке­зе­ңі
Үй ме­кен жайы, те­ле­фо­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9

4 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
нысан
Оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша) балалардың
мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Қала, аудан
Орта білім беру ұйымының атауы
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
ПМПК қорытындысы
(растайтын құжаттың шығыс №, күні)
Үй мекенжайы, телефоны
1
2
3
4
5
6
7

5 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
нысан
Бекітілген аумақта тұратын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың балаларының мәлімет базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7

6 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
нысан
Орта білім беру ұйымдарында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың балаларының мәлімет базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Оқумен қамту туралы мәлімет
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7

7 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша
нысан
Орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған балалардың мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
аудан­дар­дың, қа­ла­лар­дың ата­у­ла­ры
мек­теп са­ны
он­да­ғы оқу­шы­лар
10 және одан да көп күн се­беп­сіз ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на кел­ме­ген кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар анық­тал­ды
Мек­теп­ке қай­та­рыл­ды
оқу жы­лы­ның ба­сы­нан
соң­ғы есеп­тік ай­да
оқу жы­лы­ның ба­сы­нан
соң­ғы есеп­тік ай­да
бар­лы,ы
оның ішін­де қай­та­дан
бар­лы­ғы
оның ішін­де қай­та­дан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Кестенің жалғасы
мек­теп­ке кел­ме­уді жал­ға­сты­ру­шы­лар
соң­ғы есеп­тік ай­да бар­лы­ғы
оның ішін­де тұ­ра­ды
мек­теп­ке бар­маудың се­бе­бі
жоқ
жағ­дайы тө­мен от­ба­сы­лар­да
Аз қам­ты­л­ған және қо­лай­сыз от­ба­сын­да
бас­қа от­ба­сы­лар­да (ес­керт­пе­де көр­сет­сін)
ор­на­ла­суы
оқу­ға ни­е­ті жоқ
бел­гі­сіз ба­ғыт­та кө­шіп-қо­нуы
бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
та­сы­мал­дау
ки­ім, аяқ ки­ім, оқу ке­рек-жа­ра­ғы
КТ­БО-да
істе
із­де­уде
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
Білім беру органының басшысы ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) , қолы)
М.О.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), (қаланың, қаладағы ауданның)
ішкі істер органының жергілікті
полиция қызметінің басшысы________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) , қолы)
М.О.

8 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша
нысан
Орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған оқушыларды оқумен қамту бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

Аудан, қа­ла­ның ата­уы
Оқу­шы­ның
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Туы­л­ған кү­ні, айы, жы­лы
Мек­теп
Сы­ны­бы
Тұр­ғы­лық­ты ор­ны, те­ле­фон
От­ба­сы­ның әле­умет­тік жағ­дайы
Қай күн­нен ба­стап са­б­ақ­қа кел­мей­ді
Се­бе­бі
Қа­был­дан­ған ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Білім беру органының басшысы басшысы ________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) , қолы)
М.О.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), (қаланың, қаладағы ауданның)
ішкі істер органының жергілікті
полиция қызметінің басшысы __________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) , қолы)
М.О.

9 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
9-қосымша
нысан
Оқу жылы бойы (жартыжылдық қорытындысы бойынша және әр жылдың 5 қыркүйегіне) орта білім беру ұйымына (-нан) келген (шыққан)
балалардың мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Көрсеткіш атауы
1- тоқсан
1- жарты
жылдық
3 тоқсан
2 жарты
жылдық
Оқу жылы (есептік кезең)
1
Оқу жылының басына оқушылар саны
2
Барлық келгендер
оның ішінде
3
Басқа орта білім беру ұйымдарында оқыған:
3.1
қалалардың (аудандардың)
3.2
облыстардың
3.3
республиканың
3.4
басқа мемлекеттердің
Оның ішінде:
4
жекеменшік білім беру ұйымдарынан
5
арнайы білім беру ұйымдарыннан
6
кешкі білім беру ұйымдарынан
7
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан
8
қосымша қамту
9
Барлығы шыққандар
оның ішінде
10
басқа білім беру ұйымдарына
10.1
қалалар (аудандар)
10.2
облыстар
10.3
республикалар
10.4
басқа мемлекеттер
Оның ішінде:
11
жекеменшік білім беру ұйымдарына
12
арнайы білім беру ұйымдарына
13
кешкі білім беру ұйымдарына
14
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына
15
мектепке дейінгі білім беру ұйымы
16
денсаулығы бойынша
17
қайтыс болуына байланысты
18
сотталды
19
еш жерде жұмыс істемейді және оқымайды
20
тек жұмыс істейді
21
басқа себептер
22
Барлық оқушылар
Ескертпе:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдары үшін – қала, аудан бөлінісінде сандық мәліметтер.
Қалалардың, аудандардың білім беру органдары үшін – орта білім беру ұйымдары бөлінісінде білім беру ұйымдары туралы мәліметтерді қоса бере отырып сандық мәліметтер.
Орта білім беру ұйымдары үшін – басқа білім беру ұйымдарына қабылданғандығын растайтын нөмірі, күні көрсетілген бұйрық және шығыс нөмірі, күні көрсетілген құжаты қоса берілген, аты-жөні көрсетілген тізімдер.
Орта білім беру ұйымдары аталған мәліметтерді жартыжылдық қорытындысы бойынша және әр жылдың 5 қыркүйегіне білім беру органдарына жолдайды.

10 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
10-қосымша
нысан
Кешкі орта білім беру ұйымдарына, экстернатқа, сырттай, қашықтықтан оқуға ауыстырылған білім алушы балалардың мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Қандайорта білім беру ұйымдарында білім алды, сыныбы, оқыту түрі
Қандай орта білім беру ұйымдарынан келді, сынып, оқыту түрі, қабылданғандығы туралы бұйрықтың нөмірі және күні
Ауыстырудың негізі және себебі
Үй мекенжайы, телефоны
1
2
3
4
5
6
7
8

11 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
11-қосымша
нысан
Кешкі орта білім беру ұйымдарынан шыққан балалардың
мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Қала, аудан
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, айы, жылы
Үй мекенжайы, телефоны
Кетудің негізі және себебі
Қайда кетті (растайтын құжаттың шығыс нөмірі, күні және бұйрықтың нөмірі мен күні
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8

12 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
12-қосымша
нысан
Одан әрі білім алуды растайтын тиісті құжаттары қоса берілген
9 - сыныпты аяқтаған балалардың мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдайы бойынша
№ р/с
Қа­ла­лар­дың/аудан­дар­дың ата­уы
_____­жы­лы
9- сы­нып тү­лек­те­рі­нің жал­пы са­ны
оқу­ды жал­ға­стыр­ды
Оның ішін­де бі­лім алу ор­ны
Оқы­май­ды
мек­теп­тер­де
оның ішін­де кеш­кі мек­теп­тер­де, экс­тер­нат­тық, сырт­тай, қа­шық­тық­тан оқу­да
кол­ле­дж­дер­де
жұ­мыс іс­тей­ді
ден­са­улық жағ­дайы бой­ын­ша
оқы­май­ды, жұ­мыс іс­те­мей­ді
Ескертпе:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдары үшін – қала, аудан бөлінісінде сандық мәліметтер.
Қалалардың, аудандардың білім беру органдары үшін – орта білім беру ұйымдары бөлінісінде білім беру ұйымдары туралы мәліметтерді қоса бере отырып сандық мәліметтер.
Орта білім беру ұйымдары үшін – 9 сыныпты бітірушілердің аты-жөні көрсетілген тізімдер

13 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
13-қосымша
нысан
Тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына
қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін 0 жастан 18 жасқа дейінгі (олардың орта білім алғанға дейін) балалардың мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Облыс, аудан, қала (орта білім беру ұйымының №___
шағын учаскесі)
Көше
Үй нөмірі
Пәтері
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, ____
(күні, айы, жылы) толық жасы
Білім алуы туралы мәлімет
Білім алуын растау(шығыс нөмірі, күні)
1
2
3
4
5
6
7
8
9

14 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
14-қосымша
нысан
Балаларды есепке алудың қорытындылары туралы мәлімет
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
Облыс (қала, аудан, орта білім беру ұйымы)
Жасы
Балалардың жалпы саны
Балабақша ғабаратындар
үйде тәрбиеленушілер
0-1 жас
2 жас
3 жас
4 жас
5 жас
6 жас
7 жас
8 жас
9 жас
10 жас
11 жас
12 жас
13 жас
14 жас
15 жас
16 жас
17 жас
18 жас орта білім алғанға дейін
оқуға жарамсыз науқастар
0-6 жас
7-18 жас
Барлығы
Кестенің жалғасы
Оның ішін­де:
күн­діз­гі жал­пы ор­та мек­теп­тер­де
оның ішін­де же­ке мен­шік мек­теп­тер­ді
ар­найы тү­зе­ту мек­теп­тер­де
кеш­кі мек­теп­тер­де
кол­ле­дж­дер­де
18 жас­қа дей­ін ЖОО-нда
қа­шық­тық­тан оқы­ту
жа­бық тип­ті ме­ке­ме
Кестенің жалғасы
Үйде оқытылады
Оқытумен қамтылған балалар саны
қамтылу %
Оқумен қамтылмағандар
оқуға жарамсыз науқастар
оқуға жарамды науқастар
көшіп-қону
оқуға ниеті жоқ
жұмыс істейді
басқалары

15 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
15-қосымша
нысан
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық мәліметтері
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
қа­ла­ның, аудан­ның ата­уы
Ба­ла­лар­дың са­ны
Оның ішін­де
Бас­қа са­нат­тар (ес­керт­пе­де көр­сет­сін)
бар­лы­ғы
0-жастан 18 жас­қа дей­ін ор­та бі­лім ал­ған­ға дей­ін
оның ішін­де, қы­здар
оның ішін­де ұл­ты қа­зақ
мек­теп­ке дей­інг­жа­сын­да(0-ден 6 (7)жас­қа дей­ін)
мек­теп жа­сын­да (6 (7) - 18 жас ор­та бі­лім ал­ған­ға дей­ін)
оқы­ты­ла­ды
мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да
ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да(18 жас­та­ғы­лар­ды қо­са ал­ған­да, олар ор­та бңл­ңм ал­ған­ға дей­ін)
тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тіт бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да (18 жас­та­ғы­лар­ды қо­са ал­ған­да, олар ор­та бңл­ңм ал­ған­ға дей­ін)
ЖОО-нда(18 жас­та­ғы­лар­ды қо­са ал­ған­да)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

16 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
16-қосымша
нысан
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Қала, аудан
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы атауы
Білім алушының аты-жөні
Туылған күні, айы, жылы
ЖСН
Курс, мамандығы
Үй мекенжайы, телефоны
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8
9

17 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
17-қосымша
нысан
Негізгі білім базасымен түскен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан шыққан (ауысқан) білім алушылардың мәліметтер базасы
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ата­уы
Бі­лім алушы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Туы­л­ған кү­ні, айы, жы­лы
Үй ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны
Қай кур­стан, бұй­рық­тың нө­мі­рі және кү­ні, қай­да кет­ті,
Ауы­сты­ру­дың негі­зі және се­бе­бі
Рас­тай­тын анық­та­ма (шы­ғыс нө­мі­рі, кү­ні)
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
9

18 Мектепке дейінгі жастағы және мектеп

жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына
18-қосымша
нысан
Аула аралау (пәтер аралау) дәптері
20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша
№ р/с
Көше
Үй нөмірі
Пәтері, телефоны
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туылған күні, ____
(күні, айы, жылы)
толық жасы
Білім алуы туралы мәлімет
Білім алуын растау (шығыс нөмірі, күні)
1
2
3
4
5
6
7
8
қа­ла­ның, аудан­ның ата­уы
Ба­ла­лар­дың са­ны
Оның ішін­де
Бас­қа са­нат­тар (ес­керт­пе­де көр­сет­сін)
бар­лы­ғы
0-жастан 18 жас­қа дей­ін ор­та бі­лім ал­ған­ға дей­ін
оның ішін­де қы­здар
мек­теп­ке дей­інг­жа­сын­да(0-ден 6 (7)жас­қа дей­ін)
мек­теп жа­сын­да (6 (7) - 18 жас, олар ор­та бі­лім ал­ған­ға дей­ін)
оқы­ты­ла­ды
мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да
ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да(18 жас­та­ғы­лар­ды қо­са ал­ған­да, олар ор­та бңл­ңм ал­ған­ға дей­ін)
тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тіт бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да (18 жас­та­ғы­лар­ды қо­са ал­ған­да, олар ор­та бңл­ңм ал­ған­ға дей­ін)
ЖОО-нда(18 жас­та­ғы­лар­ды қо­са ал­ған­да)
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
Барлығы: 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар - ... адам,
- 0-1 жас (____ т.ж.) - .. адам., - 10 жас (____ т.ж.) - .. адам.,
- 2 жас (____ т.ж.) - .. адам., - 11 жас (____ т.ж.) - .. адам.,
- 3 жас (____ т.ж.) - .. адам., - 12 жас (____ т.ж.) - .. адам.,
- 4 жас (____ т.ж.) - .. адам., - 13 жас (____ т.ж.) - .. адам.,
- 5 жас (____ т.ж.) - .. адам., - 14 жас (____ т.ж.) - .. адам.,
- 6 жас (____ т.ж.) - .. адам., - 15 жас (____ т.ж.) - .. адам.,
- 7 жас (____ т.ж.) - .. адам., - 16 жас (____ т.ж.) - .. адам.,
- 8 жас (____ т.ж.) - .. адам., - 17 жас (____ т.ж.) - .. адам.,
- 9 жас (____ т.ж.) - .. адам., - 18 жас (____ т.ж.) - .. адам.

Қолданыстағы