О повышении ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46-298
- Қабылданған күні
- 28.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2016 99216_70185.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DC003732
- ЭКБ идентификаторы
- 99216
- Редакция идентификаторы
- 99216_70185
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:47
0 Жер салығының
мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Текелі қаласы мен Рудничный ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының мөлшерлемелерін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.
2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Нұрғалиев Қ. Д.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер
комитеті Алматы облысы
бойынша Мемлекетік кірістер
департаментінің Текелі қаласы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Нұрғалиев Қанабек Досжанұлы
28 қаңтар 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Текелі қаласының жер
қатынастар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Есболатов Болат Бүркітбайұлы
28 қаңтар 2016жыл
5 Текелі қалалық мәслихатының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
«Жер салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы» № 46-298
шешіміне қосымша
Жоғарылатылған жер салығының мөлшерлемелері
Аймақтың нөмірі
Жер салығының мөлшерлемелерінің жоғарылату (+) пайызы
I
Базалық мөлшер (6.75)
II
+10 %
III
+20 %
IV
Базалық мөлшерлемесі (6.75)