О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Успенского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Успенского района
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4/1
- Қабылданған күні
- 29.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2016 99269_53309.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16PL00041A
- ЭКБ идентификаторы
- 99269
- Редакция идентификаторы
- 99269_53309
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:43
0 Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) Успен ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі «Успен ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы» № 283/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 16 қыркүйекте № 4022 болып тіркелген, «Апта айнасы» газетінде 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 38 номерінде жарияланған);
2
2) Успен ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы «Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы» № 48/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 ақпанда № 3715 болып тіркелген, «Апта айнасы» газетінде 2014 жылғы 28 ақпандағы № 9 номерінде жарияланған);
3
3) Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы «Успен ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 130/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 29 маусымда № 4556 болып тіркелген, «Аймақ ажары» газетінде 2015 жылғы 11 шілдедегі № 27 номерінде жарияланған).