Об утверждении Правил формирования бумажного и электронного архивов обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования бумажного и электронного архивов обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий
- Атауы (қаз.)
- Мерзімді баспсөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 20.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2018 99293_371035.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013126
- ЭКБ идентификаторы
- 99293
- Редакция идентификаторы
- 99293_371035
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:02
0 Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 13-3) тармақшасына
сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қaзaнғaп):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
бұйрығымен бекітілген
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 36
Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының
қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру
қағидалары
1 1. Жалпы ереже
1
1. Осы Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру тәртібін анықтайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1 1) бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;
2 2) бұқаралық ақпарат құралының өнімі – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;
3 3) бұқаралық ақпарат құралы өнімін тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио-, телебағдарламаларды эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру;
4 4) мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі – мерзімді баспасөз басылымдарын иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі;
5 5) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
6 6) мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
7 7) оператор – уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін толтықтыруға және сүйемелдеуге жауапты қызметкері.
3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру бұдан әрі бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау мәніне олардың мониторинг жүргізуі мақсатында жүзеге асырылады.
4 4. Мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесімен мiндеттi тегiн даналарын беру мерзімін бұзу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 454-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
2 2. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз архивін қалыптастыру тәртібі
5 5. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз архивін қалыптастыру тәртібі қағаз архиві уәкілетті органның мекенжайына жіберілген мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының негізінде қалыптастырылады.
6 6. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналары мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі уәкілетті органның заңды мекенжайына пошталық байланыс арқылы жіберіледі.
7 7. Дана уәкілетті органға түскен кезде оператор мерзімді баспасөз басылымы өнімінің жіберу күнін және таратуын бастау күнін салыстырады.
8 8. Салыстырғаннан кейін оператор мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз нұсқасын цифрлеуден өткізеді және оның нысанын мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивіне енгізеді.
3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру тәртібі
9
9. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі уәкілетті органның archive@miс.gov.kz электрондық поштасының мекенжайына жіберетін бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолымен куәландырылған және оператор даналардың қағаз нұсқаларын цифрлаған мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық-цифрлық нысандары негізінде қалыптастырылады.