Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление дополнительного образования для взрослых по повышению квалификации педагогических кадров»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление дополнительного образования для взрослых по повышению квалификации педагогических кадров»
- Атауы (қаз.)
- "Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарлама бойынша курстарды) ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 15.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2020 99318_476184.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013082
- ЭКБ идентификаторы
- 99318
- Редакция идентификаторы
- 99318_476184
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:08
0 «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсетулер» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» жіберілуін;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) и 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 ҚР Білім және ғылым министрінің
15 қаңтар 2016 жылғы
№ 27 бұйрығымен
бекітілген
Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 630 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12385 болып тіркелген) «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: тиісті бағдарлама бойынша жеке үлгіде және/немесе белгіленген нысанда сертификат беру.
2 2.Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастауға Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ұсынған өтініші мен құжаттар топтамасы (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) негіз болады.
5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметті алушылардың құжаттарын қабылдайды және өтінішін тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді (күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде);
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарастырады (күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде).
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны құжаттарды қабылдау немесе кері қайтару туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының сауалнамасындағы қызметтік мәлімет бойынша хабарлайды (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);
4 4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін құрады (күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);
5 5) көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);
6 6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыларды Курсқа қабылдау бойынша бұйрық шығарады (Курс басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);
7 7) көрсетілетін қызметті беруші Курсты келесі күнтізбелік жылдың басынан бастап бекітілген оқыту кестесіне сәйкес жүргізеді (күнтізбелік 7 (жеті) мен 270 (екі жүз жетпіс) күн ішінде);
8 8) көрсетілетін қызметті беруші Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың дайындық деңгейін қорытынды бағалауды өткізеді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде);
9 9) көрсетілетін қызметті беруші сәтті бағалау қорытындысы бойынша сертификат береді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде);
6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің әрбір рәсімінің (әрекетінің) нәтижелері:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің кіріс нөмірі;
2 2) көрсетілетін қызметті алушылардың құрылған тізімдері;
3 3) көрсетілетін қызметті алушылардың бекітілген тізімдері;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы;
6 6) бекітілген оқыту кестесі;
5 5) қорытынды бағалау хаттамасы;
6 6) сертификат беру.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысады:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
4 4) көрсетілетін қызметті беруші.
8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттары мен өтінішін қабылдап, жауапты орындаушыға жібереді (1 (бір) күнтізбелік күн ішінде) жібереді;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарастырады (1 (бір) күнтізбелік күн ішінде);
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны құжаттарды қабылдау немесе кері қайтару туралы ақпаратты қызметті алушының сауалнамасындағы қызметтік мәлімет бойынша хабарлайды (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);
4 4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін құрады (күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);
5 5) көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);
6 6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыларды Курсқа қабылдау бойынша бұйрық шығарады (Курс басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);
7 7) көрсетілетін қызметті беруші Курсты келесі күнтізбелік жылдың басынан бастап бекітілген оқыту кестесіне сәйкес жүргізеді (күнтізбелік 7 (жеті) мен 270 (екі жүз жетпіс) күн ішінде);
8 8) көрсетілетін қызметті беруші Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың дайындық деңгейін қорытынды бағалауды өткізеді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде);
9 9) көрсетілетін қызметті беруші сәтті бағалау қорытындысы бойынша сертификат береді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде).
9 9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы Регламент қосымшасына сәйкес қызмет көрсетушілердің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) өзара әрекеттестігі блок-сызбасында берілген.
51 Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттестігі бойынша блок-сызба
«Ересектерге педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру бойынша
қосымша білім беруді ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттестігі бойынша блок-сызба