Құжат мәтініне өту

Об образовании Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан

Жарлық · № 198 · қабылданған 18.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99328/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об образовании Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 198 ·18.02.2016
19.01.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об образовании Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 198 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
198
Қабылданған күні
18.02.2016
Көрсетілген редакция
19.01.2023 99328_619706.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1600000198
ЭКБ идентификаторы
99328
Редакция идентификаторы
99328_619706
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:26

0 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 18-бабының 7-тармағына және 38-2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) құрылсын.

2 2. Академияға жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі берілсін.

3 3. Академия қызметінің негізгі бағыттары:

1 1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

2 2) судьяларды және сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

3 3) ғылыми қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып:

1 1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының мүлкін Академияға беруді қамтамасыз етсін;

2 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7 7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­зи­ден­ті­нің
2016 жы­л­ғы 18 ақ­пан­да­ғы
№ 198 Жар­лы­ғы­мен
БЕ­КІ­ТІ­Л­ГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 1, 1-құжат):

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы 55 бірлікті құрайды.".

2 2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
мына жол:
"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Со­ты­ның жа­нын­да­ғы Сот­тар­дың қыз­ме­тін қам­та­ма­сыз ету де­пар­та­мен­ті (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Со­ты­ның ап­па­ра­ты) оның ішін­де:
об­лы­стар­да­ғы, аста­на­да­ғы және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­да­ғы аумақ­тық ор­ган­дар (сот кең­се­ле­рі)
6221
5993
мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Со­ты­ның жа­нын­да­ғы Сот­тар­дың қыз­ме­тін қам­та­ма­сыз ету де­пар­та­мен­ті (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Со­ты­ның ап­па­ра­ты) оның ішін­де:
об­лы­стар­да­ғы, аста­на­да­ғы және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­да­ғы аумақ­тық ор­ган­дар (сот әкім­ші­ле­рі)
6203
5975
".

3 3. "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат):

1-тармақтың 11) тармақшасы "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына;" деп жазылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына ерекше мәртебе берілсін.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына қолданылмайтын, Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекітсін;".

4

Қолданыстағы