Об утверждении Регламента Северо-Казахстанского областного маслихата Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 12/7 шешімімен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралың Қазақстан Республикасы заңының 9-шы бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Екінші сайланған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының жұмыс регламенті бекітілсін, қосымшаға сәйкес.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Солтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасында 1999 жылғы 25 наурызда тіркелген №4728-У-е Жұмыс регламенті күшін жойды деп есептелеін.
Басқа 3
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты РЕГЛАМЕНТІ
Тарау 1. 1. ТАРАУ
1. ТАРАУ Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихат облыс халқы сайлайтын, халықтың еркін білдірстін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жүзеге асыру үшін шаралар белгілейтін және олардың орындалуын бақылайтын сайланбалы орган.
Тармақ 2
2. Мәслихат қызметінің негзгі түрі – мәслихат сессиясы. Облыстық мәслихаттың және оның органдарының қызмет тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралың», «Қазақ ССР халық депутаттары жергілікті кеңестерінің тұрақты комиссиялары туралың «Қазақ ССР халық депутаттарының мәртебесі туралың заңдармен және осы регламентпен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихат аппараты облыстық мәслихаттың және оның органдарының ұйымдастырушылық, құқұықтық материалдық-техникалық және басқа қамтамассыз етілуін жүзеге асырады, депуттатар өкілеттіктерін жүзеге асыруда оларға көмек көрсетеді.
Тарау 2. 2. ТАРАУ
2. ТАРАУ Облыстық мәслихат сессиясын шақыру және жұмыс тәртібі
Тармақ 4
4. Жаңа сайланған облыстық мәслихатының бірінші сессиясын облыстық сайлау комиссияның төрағасы облыстық мәслихат депуттатары тіркелген күннен бастап 30 күндік мерзімнен кешіктірмей Солтүстік қазақстан облыстық мәслихаты үшін белгіленге депутаттар санының төртен үші қатысқанда шақырады. Обыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мәслихаттың сайлаудан кейінгі бірінші сессиясын ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейңн оны жүргізіп отырады. Облыстық мәслихаттың одан кейінгі сессияларын қажеттігі бойынша, бірақ жылына төрт реттен кем етпей сессиялардың төрағалары шақырады.
Тармақ 5
5. Сессия төрағасының кезекті сессияны шақыру туралы шешімі ол ашылғанға дейін 15 күннен кешіктірілмей сессияның күн тәртібі көрсетіліп қабылданады. Кезекті сессияның күн тәртібі оның алдындағы сессияда қалыптастырылады. Мәслихаттың қарауына мәселелерді мәслихат сессиясы тқрағасы, тұрақты және басқа комиссиялар, депутат топтары мен депутаттар, облыс әкімі енгізе алады. Сессияның күн тәртібіне ұсыныстарды сессия төрағасына төменгі тұрған мәслихаттар, билік пен басқарудың жоғары тұрғаг органдары, азаматтар өкілдерінің жиналыстары, қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Сессия күн тәртбі оны талқыланған кезде толықтырылады және өзгертілуі мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіту туралы мәслихат шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар санының үштен бірінің, осндай-ақ облыс әкімінің инициативасы боййынша, сессияның ашылуына 5 күн қалғанда дейіннен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда тек қана оны шақыру үшін негіз болатын міселелер қаралады.
Тармақ 7
7. Облыстық мәслихат ссесиясы өткізілстін уакыт және орын туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында оның ашылуына 10 күн, кезектен тыс сессия — 3 күн қалғанға дейіннен кешіктірілмей жарияланады,
Тармақ 8
8. Облыстық мәслихат хатшысы депутаттар мен әкімді мәслихат сессиясының қарауына енгізілетің негізгі мәселелер бойынша шешімдердің жобаларымен және басқа қажетті материалдармен сессия ашылуына 5 күн, ал кезектен тыс сессиға 3 күн қалғанға дейіннен кешіктірмей қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Мәслихат сессиясы пленарлық мәжілістер түрінде өткізіледі. Облыстық мәслихат сессиясы, егер оған сайланған денутаттар санының үштен екісі қатысса құқылы болады.
Тармақ 10
10. Сессия жұмысын ұиымдастыруды қамтамасыз ету үшін депутаттар ішінен сессия секретариаты кемінде үш адам — басшы мен мүшелер құрамында сайланады. Сессия секретариаты түскен Жазбаларды қарайды, сөйлегісі келгендерді, депутаттық сұрауларды, сессияны жүргізу тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертпелерді, басқа депутаттық инициативаларды тіркейді, сессия атына түскен азаматтар өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады.
Тармақ 11
11. Сессияда талқыланып жатқан мәселелер бойынша депуататтардан түскен ұсыныстарды және ескертпелерді толық есепке алу және жинақтау үшін мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу және нақтылау жөнінде сессия редакциялық комиссия құра алады. Комиссия төрағасы комиссия мәжілісінде сайланады.
Тармақ 12
12. Дауыс беру (ашық немесе жасырын) нәтижелерін анықтау үшін ссссия депутаттар ішінен есеп комиссиясын сайлайды. Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссия төрағасы мен хатшысын сайлайды. Есеп комиссиясының шешімі комиссия мүшелері дауысының көпшіпігімен қабылданады.
Тармақ 13
13. Мәслихат ссссиясы және оның органдарының мәжілісі, әдеттегідей, жариялы жүргізіледі және ашық сыпатта болады. Жабық сессиялар өткізуге мәслихат шешімі бойынша жол беріледі, ол шешім мәслихат сессиясының төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша егер ол үшін қатысын отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі берсе кабылданады. Әкім немесе оның орнына келген адам, мәслихаттың және оның органдарының кез келген, соның ішінде жабық мәжілістеріне қатысуға қақылы. Сессия шешімдері олар толық көлемде әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден откізілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Мәслихат сессиясы торағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыс аумағында орналасқан басқа ұйымдардың басшылары мен басқа лауазымды адамдары мәслихатты жүргізуге қатысты мәселелер бойынша ақпарат беру үшін мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Тармақ 14
14. Облыстық мәслихат сессиясында жұмыс мемлекеттік немесе орыс тілдерінде іліспе аудармамен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Сессия мәжілестері әдеттегідей, таңертенгі 11 сағатт басталады және 60 минут түскі үзіліспен, әрбір 1,5-2 сағат жұмыс істегеннен кейін 10-15 минут үзілістермен жүргізіледі. Жұмыс уақыты шектелмейді. Сессия шешімі бойынша сессия мәжілістерінің басталу және аяқталуының басқа уақыты белгілен 15 календарлық күннен аспайтын мерзімге оның жұмысында үзіліс жасалуы да мүмкін.
Тармақ 16
16. Сессияларда баяндамалар үшңн 45 минут, қосымша баяндамалар үшін – 15 минутқа дейін, жарыссозде сөйлеушілер үшңн – 10минутқа дейін, қайта сөйлеу, сондай –ақ мәжілісті жүргізу тәртібі, дауыс беру жөнінде сөйлеу, сұраулар, ұсыныстар, хабарламалар және аңықтамалар үшін – 3 минутқа дейін шамасында уақыт беріледі. Депутаттар көпшілігінің келісімімен сөз беріледі сессия төрағасы сөйлеушілер үшін уақытты ұзарта алады. Шақырылғандарға депутаттардың келісімімен сөз беріледі.
Тармақ 17
17. Депутатардың және сессияға басқа қатысушылардың жарыссөзде сөйлеу үшін сөз беру туралы өтініштері секретариатқа жіберіледі, ал олар тіркеу жасағаннан кейін сессия төрағасына береді.
Тармақ 18
18. Депутат бір мәселе бойынша жарыссөзде екі реттен артық сөйлей алмайды. Баяндамашыларға сұрақтар жазба түрде жіберіледі немесе залда орнатылған микрофондар арқылы орнынан беріледі.
Тармақ 19
19. Облыстық мәслихат сессиясында төрағалық етуші мәжілісті ашады және жабады, баяндамалар және сөйлеушілер үшін сөз береді, жарыссөз ұйымдастырады, қаралған мәселелер бойынша шешімдер жобаларын және депуттар ұсыныстарын дауысқа қояды және ашық дауысқа қою нәтижелерін жариялайды, секретариатқа түскен депутаттық сұрауларды, сұрақтарды, аңықтамаларды, өтініштер мен ұсыныстарды оқып береді. Депутаттардан түскен ұсыныстарды сессияда төрағалық етуші олардың түсу тәртібімен жария етеді. Ол регламенттің, мәжілістер залында тәртіптің сақталуын қамтамассыз етеді.
Тармақ 20
20. Депутат өзіне төрағалық етуші сөз бергеннен кейін сойлей алады. Егер сөйлеуші талқыланып жатқан тақырыптан аутқып кетсе сессияның төрағалық етушісі оны талқыланып отырған мәселеге көшуге шақырады. Сессияда сөйлеуші жалпыға ортақ этика нормаларын сақтауы тиіс. Бұл нормаларды бұзғанда төрағалық етуші ескерту жасауға қақылы. Қайталап ескерту жасалғаннан кейін сөйлеуші сөзден тоқтатылады.
Тармақ 21
21. Егер сөйлеу үшін тіркелген депутаттар өзінің сөйлеуін өтініп тұрмаса, қаралап отырған мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылады, бұл туралы ашық дауыс берумен шешім қабылданады.
Тармақ 22
22. Жарсысөзде сөйлей алмаған депутат өз сөзінің мәтінің, сондай-ақ сессияда талқыланған мәселе бойынша жазбаша түрде баяндалған ұсыныстары мен ақ ұсыныстар мен ескерпелер сессия хаттамасына енгізіледі, сессия, сессия шешімдерін өңдегенде және қабылданғанда ескеріледі және қаралады.
Тарау 3. 3 ТАРАУ
3 ТАРАУ Облыстық мәслихат сессиясы шешімдерін қабыддау тәртібі
Тармақ 23
23. Сессияда дауыс беру, адеттегідей, ашық жургізіледі. Жасырын дауыс беру, егер оны сайланған депуататтардың жалпы санының кемінде үштен бірі талап етсе, мәселе бойынша өткізілуі мүмкін. Шешімдер мәслихат депутаттарының көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 24
24. Бір мәселе бойынша дауыс бергенде әрбір депутат бір дауысқа ие болады және оны ұсынысты «Қолдаймын, оған «Қарсымын деп береді немесе дауыс беруден «Қалысң қалады. Депутат сессия мәжілісіне келгені туралы тіркеуден өтіп, алайда дауы беру кезінде уақытша болмай қалса, немесе дауыс беруге дер кезінде қатыспаса онда оның даусы «Қалысң ретінде есептеледі.
Тармақ 25
25. Ашык, дауыс берудің дауыстарын есептеу аяқталғаннан кейін есеп комиссиясының төрагасы сессия мәжілісінде дауыс бсру нәтижелерін жария етеді; «Қолдаймынң, «Қарсымынң және «Қалысң деп дауыс бергендер саны, ал сессияда төрағалық етуші ұсыныс қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлайды. Жасырын дауыс беру нәтижелерін есеп комиссиясының төрағасы жария етеді, дауые беру нәтижелерін бектіу туралы шешім қабылданады.
Тармақ 26
26. Сессияға қатысып отырған депутаттардын жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыспен мына шешімдер қабылданады: сессияның ашылуы және жабылуы туралы; күн тәртібін бекіту туралы; сессияның жұмыс органдарын сайлау туралы; жарыссөзді тоқтату туралы; сөз сөйлеуді жалғастыру туралы; сессияда туындаған басқа процедуралық мәселелер бойынша.
Тармақ 27
27. Сайланған депутаттардың қарапайым көпшілік дауысымен: облыстық мәслихат хатшысы сайланады және босатылады; тұрақты және тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелері сайланады және босатылады; облыстық мәслихат хатшысын өз тілегі бойынша босату туралы шешім қабылданады. сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.
Тармақ 28
28. Облыстық мәслихат шешімі орындаушыларға дейін ол мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап онкүндік мерзімнен кешіктірілмей жеткізіледі.
Тарау 4. 4. ТАРАУ
4. ТАРАУ Мәслихат сессиясы торағасы
Тармақ 29
29. Облыстық мәслихат сессияның торағасы оз қызметін негізгі жұмысынан босатылмаған негізде атқарады. Кезекті сессияның төрағасы мәслихаттың мұның алдындағы мәжілісінде мәслихат жұмысының жоспары ескеріліп сайланады. Депутат календарлық мерізім ішінде мәслихат сессиясының төрағасы болып екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 30
30. Маслихат сессиясы төрағасы егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттар даусы тең бөлінее шешуші дауыс құқығымен пайдаланады. Сессия төрағасы мәслихаттың кезекті мәжілісің шақыру туралы шешім қабылдайды, сессияның күн тәртібін қалыптастырады және сессияны жәнс оның талқылауына ұсынылатын мәселе-лерді әзірлеуте басшылық жасайды.
Тармақ 31
31. Төраға мәслихат сессиясының мәжілісін жүргізеді, мәслихаг регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мәслихат сессиясында қабылданған немесе қол қойылған шешімдерге, хаттамаларға, басқа құжаттарға қол кояды.
Тармақ 32
32. Сессия төрағасы болмағанда оның окілеттігін облыстық мәслихат хатшысы жүзеге асырады
Тарау 5. 5. ТАРАУ
5. ТАРАУ Облыстық мәслихат хатшысы
Тармақ 33
33. Мәслихат хатшысы лауазымды тұлға болып табылады, ол тұрақты негізде жұмыс істейді және мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады. Лауазымға сайлауды және одан босатуды мәслихат сессиялда ашық немесе – жасырын дауыс берумен депутаттардың жалпы санынан көпшілік дауыспен жүзеге асырады
Тармақ 34
34. Дауыс беру үшін тізімге енгізілген кандидаттар санына байланысты дауыс беру бір немесе екі турда өткізілсді. Егер дауыс беру үшін тізімге екеуден аса кандидаттар енгізілсе және бірінші тур нәтижесінде үміткерлердік бірде-бірі сайлану үшін қажетті дауыс санын ала алмаса, онда дауыс берудің екінші туры өткізіледі. Мұнын өзінде дауыс беру үшін тізімге дауыстар санының ең көбін алған екі кандидатура енгізіледі. Екінші турда дауыс беруге қатысқан депутаттардың басқа кандидатқа карағанда көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
Тармақ 35
35. Облыстық мәслихат хатшысы лауазымына кандидаттар ұсынулы депутат топтары тұрақты комиссиялар немесе жекелеген депутаттар тиісті ұсыныстармен Облыстық мәслихат хатшысы лауазымына сайлану үшін кандидаттар сессия алдында алдағы кызметінің бағдарламасы туралы еөз сөйлейді.
Тармақ 36
36. Облыстық мәслихат хатшысышың өкілетгігі облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар шешімімен немеес хатшының өзінің сүрауымен мерзімінен бұрын тоқтатыла алады.
Тармақ 37
37. Мәслихат хатшысы. мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады; сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, басқа құжаттарға қол қояды; депутаттардың өз окілеттіктерін жүзеге асыруында оларға көмектеседі; мемлекеттік органдармен, үйымдармен, жергілікгі өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық ұйымддрмен қарым-қатынаста мәслихаттың өкілі болады; Мәслихаттың тұракты комиссияларының және басқа орагандарының жұмысын үйлестіреді; мәслихаттың бекітіуне мәслихат аппаратының құрылымын енгізеді, оның қызметшілерін лауазымға тағайындайды және одан босатады; өз құзырындағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады; мәслихат шешімі бойынша басқа қызметтер атқарады.
Тармақ 38
38. Мәслихат хатшысы мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға қақылы емес.
Тармақ 39
39. Мәслихат хатшысы болмағанда оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша тұрақты комиссиялардың бірінің төрағасы уақытща атқарады.
Тарау 6. 6 ТАРАУ
6 ТАРАУ Облыстық мәслихаттың тұрақты, тексеру және басқа комиссиялары
Тармақ 40
40. Мәслихат оз сессиясында депутаттар ішінен тұрақты комиссиялар құрады, олардың саны жетуден аспауы тиіс, олар қажетілігіне қарай қайта құрылады, таратылады, жаңалары құрылады.
Тармақ 41
41. Тізім және сан құрамы маслихат сессиясында бекітіледі. Сессияда тұрақты комиссиялар құрамы және төрағалары сайланады. Тұрақты комиссиялар өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша секторлар құра алады. Комиссиялар жылына бір реттен сиретпей өз кызметі туралы мәслихат алдында есеп береді.
Тармақ 42
42. Комиссиялар мәжілістері қажеттілігіне қарай шақырылады жәнс егер мәжілістерге олардың құрамына кіретін депутаттарың жалпы санынан жартсынан астамы катысса құқылы деп есептеледі, мәжілістердің қорытындылары бойынша , қаулылар қабылданады. Тұрақты комиссиялардың қаулылары комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен кабылданады. Мәжіліске қатысып отырған басқа тұракты комиссиялардың депутаттары кеңесші дауыс құқығымен пайдаланады. Комиссия, ,егер комиссия мәжілісінде депутаттар дауысы тен боліңген жагдайда, шешуші дауыс құкығымен пайдаланады.
Тармақ 43
43. Комиссия мәжілісінің қаулысы мен хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше комиссиялар бірлескен мажіліс откізген жағдайда тиісіз тұрақты комиссиялардын төрағалары кол қояды.
Тармақ 44
44. Тұрақты комиссиялар сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге, мәслихат сессиясының қарауна енгізілетін мәселелер бойынша баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға қақылы.
Тармақ 45
45. Мәселелерді әзірллеу үшін комиссиялар мәслихаттың басқа депутаттарын, сондай-ақ мемелкеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін мен азаматтарды тарта алады.
Тармақ 46
46. Тұрақты комиссиялар әкімияттан, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінең, жергілікті атқарушы органдардаң өз құзырындағы мәселелер бойынша қажетті ақпараттар сұрауға қақылы.
Тармақ 47
47. Тұрақты комиссиялар өз инициативасы немесе мәслихат шешімі бойынша осы комиссиялардың кеңейтілген мәжілістері түрінде ашық тыңдаулар қткізе алады
Тармақ 48
48. облыстық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне облыстық бюджеттің орындалынбақылау үшін тексеру комиссиясын сайлайды. Оның мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясын төрағасын мәслихат депутаттары ішінен сайлайды және ол қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде атқарады. Сессияда облыстық бюджеттін орындалуы туралы есептер қарағанда тексеру комиссиясы қосымша баяндама ұсынады.
Тармақ 49
49. тексеру комиссиясы өз қарауы бойынша кез келген уақытта тексеру жүргізеді, бірақ жылына бір реттен кем болмайды. Тексеру облыстық мәслихатттың, яқи оның хатшысының шешімі бойынша, сайланған депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің талабы бойынша, сондай –ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа жағдайларда жүргізіледі. Комиссия жұмысына мәслихат депутаты болып табылмайтын адамдар келісім негізінде тартыла алады. Тексеру нәтижелері туралы тескеру комиссиясы акт жасайды, ол туралы мәслихатты және әкімиятты хабардар ететді.
Тармақ 50
50. Тәслихаттың қарауына жататын мәселелерді сессияда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат, яқи мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға қақылы. Уақытша комиссиялар құрамы, міндеттері өкілеттік меррзімдері мен құқықтарыоларды құрғанда белгіленеді. Уақытша комиссиялар өз құзырындағы мәселелербойынша қорытындылар қабылдайды.
Тарау 7. 7. ТАРАУ
7. ТАРАУ Мәслихат депутаты
Тармақ 51
51. Мәслихат депутатының өкілетттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутаты ретінд тіркеген сәттен басталады және мәслихат өкілеттігі тоқтатылған сәттен тоқтатылады.
Тармақ 52
52. Депутат мәслихат сессиясы төрағасын, мәслихат хатшысының, тексеру комиссиясы төрағасын, тұрақты комиссия төрағасын немесе мүшесін, мәслихаттың басқа органдарын сайлауға жіне оларға өзі сайлануға қақылы. Әрбір депутатқа өкілеттігін бөгетсіз және тиімді жүзеге асыру, оның құқықтарын, әр-ожданың және беделін қорғау үшін жағдайлар кепілдендіріледі. Депутат мәслихаттың және ол құратын органдардың қызметіне оның белсенді қатысуын қамтамасыз ететін құқықтардың бәріне толық ие болады, мәслихат және оның органдары алдында міңдеттер алады, олардың тапсырмаларын орындайды. Мәслихат сессиясында, тұрақты комиссияларда және басқа органдарда қарау үшін мәселелер ұсынады, жергілікгі атқарушы органдарға және ұйымдарға сұраулар жібереді және өтніштер жолдайды, тиісті әкімият мәжілістерінің жұмысына катысып, жергілікті атқарушы органдарының және ұйымдардың лауазымды адамдарының есептерін сессияда тыңдау туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 53
53. Депутат міндетті: мәслихаттың және оның өзі құрамына сайланған органынын жұмысына қатысуға; Өзіне түскен өтініштерді қарауға, азаматтарды жеке кабылдау жүргізуге; Оз округінің сайлаушыларымен ұдайы байланыс жасауға, оларды мәслихаттың және органдарының жұмысы туралы хабардар етуге, мәслихат шешімдерін орындауға бақылау үйымдастыруға катысуға.
Тармақ 54
54. Мәслихат депутатының өкілеттігі депутат өз міндеттерін үдайы орындамаған, соның ішінде дәлелді себепсіз мәслихат сессиясының пленарлык мәжілістеріне қатарынан үш реттен аса қатыспаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 55
55. Депутаттар саяси партиялардың депутат топтары түрінде депутат бірлестіктерін құруға кақылы. Құрамында кемінде бес депутат болуы тиісті топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүргізіледі. Сессиялар карсаңында депутат топтарының мүшелері күн тәртібі, шешімдердін жобалары, талкылауға енгізілетін басқа кұжаттар бойынша ұсыныстар жасау мақсатында кеңес алады, шешімдердің баламалы жобаларын сессиялар жұмысы басталғанға дейін 20 күннен кешіктірмей енгізетін болады, сессияларда талқыланатын мәселелер бойынша өз айқындамасымен өтініш және мәлімдеме жасай алады. Топтар өз партиялары мен сайлаушыларынын мудделерін және өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекетгік басқару туралың, «Саяси партиялар туралың заңдарға және осы регламентке сәйкес жүзеге асыра алады.
Тармақ 56
56. Мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және басқа органдарының мәжілістерін өткізу кезенінде, депутаттык өкілеттіктерін жүзеге асыру уақытында қызметтік міндеттерін орыттдаудан босатылады, оған сессия өткізілген Мерзімге жолдағы уақыты ескеріліп. іссапарлар шығыны төленеді.
Тарау 8. 8. ТАРАУ
8. ТАРАУ Сессияға енгізілетін мәселелерді қарау
Тармақ 57
57. Сессияға енгізілетін облыс дамуынның жоспарларын, экономикалық және әлеіметтік бағдарламаларын, бюджетті, олардың орындалуы туралы есептерді, басқа мәслихатқа облыс әкімияты алдын ала танысу және олар бойынша облыстық мәслихат тұрақты және тексеру комиссияларының қорытындыларын әзірлеу үшін кезекті сессиялар жұмысы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 58
58. Тұрақты және тексеру комиссиялары сессия қарсаңында экономикалық реформа, бюджет, салыктар мен қаржылар мәселелері жөніндегі комиссияға жылдық бюджетті қалыптастыру бойьшша өз ұсыныстары мен қорытындыларын енгізеді.
Тармақ 59
59. Облыстын, экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарлары мен бағдарламаларының және бюджеттің жобалары, олардын орьндалуы туралы есеп және басқа мәселелер олар комиссиялар мәжілістерінде қаралғаннан кейін облыстық мәслихат сессиясында талқылау үшін ұсынылады. Олар бойынша тиісті шешімдер қабылдананды.
Тарау 9. 9. ТАРАУ
9. ТАРАУ Облыстық мәслихаттың бақылау өкілеттерін жүзеге асыруы
Тармақ 60
60. Облыстық мәслихат тікелей және ол құратын органдар арқылы облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспарларының. Бағдарламаларының, облыстық бюджеттің және мәслихаттың құзырына жататын басқа мәселелердің шуына бақылауды жузеге асырады.
Тармақ 61
61. Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралың Заңға сәйкес облыс әкімі облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуыньщ жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы туралы, жергілікті бюджеттің орындалуы туралы облыстық мәслихат алдында есеп береді.
Тармақ 62
62. Облыстық мәслихат депутаттары тиісті мәслихат аумағында орналасқан органдарға және ұйымдарға мәслихат құзырына жататын мәселелер бойынша сураулар жасауға және өтініштер жіберуге қақылы. Сұрау сессияда жазбаша немесе ауызша түрде енгізілсді. Жазбаша түрде енгізілген сұрауды сессияда оның төрағасы немесе сұрауды енгізген депутат жариялауға тиісті. Сұрау арналған атқарушы орган, лауазымды адам ол бойынша мәслихат сессиясында ауызша немесе жазбаша жауап беруге міндетгі. Жазбаша жауап мәслихат белгілеген мерзімде, бірақ бір айдак асырылмай, ұсынылады және сессияда жария етіледі Сұрауға жауап бойынша жарыссөз ашылуы мүмкін- Сұрау берген депутат сұрауға жауапқа өзінің қөзқарасын білдіругс құқылы. Сұрауға жауап бойынша шешім қабылданады. Облыстық мәслихат хатшысы депутаттардың түскен сұраулары мен өтініштерінін қаралуын бақылап отырады.
Тармақ 63
63. Сессияның кун тәртібі онда мәжіліс соңында сұрау салулар мен сұрақтарға уақыт резерві козделетіндей етіліп белгіленеді.
Тармақ 64
64. Сессияда депутаттар айтқан немесе жазбаша түрде секретариатқа, сессияда төрағалық етушіге берілген ұсыныстар мен ескертпелер облыстық мәслихат сессиясында каралады, яки тиісті органдарға және лауазымды адамдарға карауга жіберіледі.
Тармақ 65
65. Облыстық мәслихат атқарушы органдар басшыларының есептерін қарайды және оның шешімдерін орындамаған жағдайда мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың лауазымды адамдарын жауапкершілікке тарту туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізеді. Ұсыныстарды карау нәтижелері бір ай мерзімінен кешіктірілмей облыстық мәслихатқа хабарлануы тиіс.
Тармақ 66
66. Облыстық мәслихат аппараты депутат бөлмесінде заңдарды, Үкімет қаулыларын, Казақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, сондай-ақ облыстық мәслихаттың және оның органдарының хаттамаларын депутаттар танысу үшін жинақтайды.
Тарау 10. 10. ТАРАУ
10. ТАРАУ Қорытынды ереже
Тармақ 67
67. Мәслихат қызметін қамтамасыз ету шығындары, мәслихат аппаратының құрылымы және оны ұстау шығыны мен материалдык-техникалық қамтамасыз ету мәслихат сессиясында заңнамамен белгіленген адам саны және қаржы лимиті мөлшерінде бекітіледі. 68.Мәслихатты жәнс оның органдарын, депутаттарды ұйымдастыруды, техникалык, және басқа қызметпен қамтуды облыстық мәслихат аппараты қамтамасыз етеді.
Тармақ 69
69. Сессиялар жұмысы барысында осы регламентке тұрақты комиссиялар алдын ала қарамайынша, олардың қорытындылары алмайынша және регламентке өзгерістер белгіленген тәртіппен енгізілмейінше өзгерістер енгізімейді, оның жекелеген талаптарының күшін уақытша тоқтату жөнінде шешім кабылданбайды.
Тармақ 70
70. Облыстық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамаға сәйкес келмейтін процедуралық істері мен шешімдері мәслихаттың өзімен яқи тәртібімен тоқтатылады.
Тармақ 71
71. Осы регламент оны қабылдаған сәттен күшіне енеді.