Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп»

Қаулы · № 11/1 · қабылданған 19.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99341/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп» Күшін жойған Қаулы ·№ 11/1 ·19.01.2016
03.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп»

Күшін жойған Қаулы ·№ 11/1 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп»
Атауы (қаз.)
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/1
Қабылданған күні
19.01.2016
Көрсетілген редакция
03.12.2020 99341_496350.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16P0004931
ЭКБ идентификаторы
99341
Редакция идентификаторы
99341_496350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:04

0 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік

тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.В.Дычкоға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 11/1 қаулысымен бекітілді
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді болып табылады.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1110 бұйрығымен бекітілген «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініш пен қажетті құжаттар түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеуден өткізеді, өтінішті қабылдаған күнді, оны қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді, бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді - 20 (жиырма) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштаманы қояды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына береді - 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкес тексереді, үзіндіні дайындайды - 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы үзінді қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 20 (жиырма) минут.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді беру болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процеісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

8 8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану ескерілмеген.

22 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамасы

«Туристік маршруттар мен
соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен
үзінді» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді»
мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамасы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы