О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 29/1
- Қабылданған күні
- 02.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2016 99352_54125.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16P000291A
- ЭКБ идентификаторы
- 99352
- Редакция идентификаторы
- 99352_54125
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:40
0 Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы «Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары туралы» № 20/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3158 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 наурызда «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған);
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі «Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» № 223/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4688 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Регион» газетінде жарияланған).
2 2. «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына жіберілуін;
осы қаулының мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.