Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в Алакольском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в Алакольском районе
- Атауы (қаз.)
- Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 02.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2020 99361_474296.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DE003693
- ЭКБ идентификаторы
- 99361
- Редакция идентификаторы
- 99361_474296
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:40
0 Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңының 28- бабының 6-тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алакөл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. «Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сүлейменов Марат Бекбосынұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімде баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Меңлібаева Салтанат Дәулетханқызына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алакөл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «02» ақпан
«Алакөл ауданында үгіттік
баспа материалдарын
орналастыру үшін
орындарды белгілеу туралы»
№ 21 қаулысына қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1 1. Үшарал қалалық округі бойынша:
1 1) Үшарал қаласы, Бөгенбай батыр көшесі № 148, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Үшарал қаласы, Қонаев және С. Құсайын көшелерінің қиылысындағы тақта;
3 3) Үшарал қаласы, Абылайхан және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы тақта.
2 2. Бескөл ауылдық округі бойынша:
1 1) Бескөл бекеті, Достық көшесі № 33/1, теміржол вокзалы ғимараты жанындағы тақта;
2 2) Бұлақты ауылы, Б. Момышұлы және Уалиханов көшелерінің қиылысындағы тақта;
3 3) Сахзавод елді мекені, А. Бейсеуов көшесіндегі № 15 үйдің жанындағы тақта;
4 4) Заготзерно елді мекені, Амангелді көшесіндегі № 10 үйдің жанындағы тақта.
3 3. Қабанбай ауылдық округі бойынша:
1 1) Жамбыл ауылы, Б. Момышұлы көшесі № 28, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы тақта;
2 2) Қабанбай ауылы, Абылайхан және Әлімжанов көшелерінің қиылысындағы тақта;
3 3) Қабанбай ауылы, Абылайхан көшесі № 86, Қабанбай батыр атындағы тарихи өлкетану мұражайы ғимараты жанындағы тақта.
4 4. Достық ауылдық округі бойынша:
1 1) Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі № 11, Достык бекеті теміржол вокзалы ғимараты жанындағы тақта;
2 2) Достық ауылы, Абай және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы тақта;
3 3) Достық ауылы, Момышұлы көшесі № 14, «Нұрлы Таң» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты жанындағы тақта.
5 5. Ақтүбек ауылдық округі бойынша:
1 1) Ақтүбек ауылы, Байтұқбаев және Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта;
2 2) Ақтүбек ауылы, Тастанбек және Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта;
3 3) Ақтүбек ауылы, Жамбыл және Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта;
4 4) Ақтүбек ауылы, Алекеев көшесі № 5, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимараты жанындағы тақта.
6 6. Ынталы ауылдық округі бойынша:
1 1) Ынталы ауылы, Қабанбай және Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы тақта.
7 7. Жанама ауылдық округі бойынша:
1 1) Жанама ауылы, Ақбаев және Қонаев көшелерінің қиылысындағы тақта;
2 2) Қарабұлақ ауылы, А. Оразұлы көшесі № 6, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы стенд.
8 8. Еңбекші ауылдық округі бойынша:
1 1) Еңбекші ауылы, Алтынсарин және Ауезов көшелерінің қиылысындағы тақта.
9 9. Жағатал ауылдық округі бойынша:
1 1) Қазақстан ауылы, Жансүгіров және Шуақов көшелерінің қиылысындағы тақта.
10 10. Арқарлы ауылдық округі бойынша:
1 1) Арқарлы ауылы, Уалиханов көшесі № 1, «Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
11 11. Қайнар ауылдық округі бойынша:
1 1) Қайнар ауылы, Қабанбай батыр көшесі № 4, Қайнар ауылдық клуб ғимараты жанындағы тақта;
2 2) Қайнар ауылы, Қабанбай батыр және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы тақта.
12 12. Жайпақ ауылдық округі бойынша:
1 1) Жайпақ ауылы, Қабанбай және Тайботанов көшелерінің қиылысындағы тақта.
13 13. Қызылащы ауылдық округі бойынша:
1 1) Ж. Балапанов ауылы, С. Оразбеков және М. Бейсенбай көшелерінің қиылысындағы тақта;
2 2) Ж.Балапанов ауылы, С. Оразбеков көшесі № 19, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы тақта.
14 14. Ырғайты ауылдық округі бойынша:
1 1) Ақши ауылы, Сейфуллин көшесі № 48, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы тақта;
2 2) Көктұма ауылы, Бектуров көшесі № 1, «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.