Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального, послесреднего образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального, послесреднего образования
- Атауы (қаз.)
- Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру саласындакөрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 01.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2019 99371_423243.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16D0003724
- ЭКБ идентификаторы
- 99371
- Редакция идентификаторы
- 99371_423243
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:41
0 Техникалық және кәсіптік
орта білімнен кейінгі білім
беру саласындакөрсетілетін
мемлекеттік қызметтер
регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»;
2 2) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін.
2
2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Алматы облысы әкімдігінің
2016 жылғы «01»ақпан № 39
қаулысымен бекітілген
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әзірленген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Алматы облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық болып табылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылатын:
ауыстыру туралы өтініш (еркін нысандағы).
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
ауысу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап -бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей.
Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа мекенжайғакөшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі;
қайта қабылдау үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырғансәттен бастап екі апта ішінде;
оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған білім алушы төлемақы бойынша берешегін өтеген жағдайда;
оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде, төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес- процестерінің анықтамалығында» келтірілген.
21 «Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарындағы білім алушыларды
ауыстыру және қайта қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығы
22 Алматы облысы әкімдігінің
2016 жылғы «01» ақпан № 39 қаулысымен бекітілген
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әзірленген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Алматы облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім оқу орындарыжүзеге асырады.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылатын:
стандарттың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі анықтаманы беру туралы ұйым басшысының атына өтініш.
6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1 1) көрсетілетін қызметтіберушіге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беру ұйымдарындағы білім алушылар (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы)құжаттар топтамасынтапсырған сәттен бастап–3 жұмыс күні;
2 2) көрсетілетін қызметті алушыныңқұжаттар топтамасынтапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3 3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес- процестерінің анықтамалығында» келтірілген.
39 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығы