Об утверждении Правил ведения учета уведомлений, направляемых органами контроля и надзора в уполномоченный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции статистическую деятельность в области правовой статистики и специальных учетов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения учета уведомлений, направляемых органами контроля и надзора в уполномоченный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции статистическую деятельность в области правовой статистики и специальных учетов
- Атауы (қаз.)
- Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 27.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2019 99414_409785.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013198
- ЭКБ идентификаторы
- 99414
- Редакция идентификаторы
- 99414_409785
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:52
0 Бақылау және қадағалау органдары өз
құзыреті шегінде құқықтық статистика
және арнайы есепке алу саласында
статистикалық қызметті жүзеге асыратын
уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың
есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 19) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берілген Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сонымен қатар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет минстрілігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми жариялануын;
2 2) осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
27 қаңтар 2016 жылғы № 15
бұйрығымен бекітілген
Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заның, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заның орындау үшін әзірленді.
2
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабына сәйкес тіркелуге жатпайтын бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу тәртібін анықтайды.
3 3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1
1) бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу (бұдан әрі – хабарлардың есебін жүргізу) – құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына жолданатын мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу туралы хабарларды есепке алу, сонымен қатар тиісті ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну жөніндегі іс-шаралар кешені;
2
2) есепке алу субъектілері – жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың филиалдарының және өкілдіктерінің қызметіне тексеру және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдары уәкілеттік берген мемлекеттік органдар;
3 3) тексерілетін объектілер – бақылауға және қадағалауға жататын, тексерілетін субъектіде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде болатын мүлік;
4 4) тексерілетін субъектілер – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
5 5) уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті іске асыратын, бақылау және қадағалау органдары жолдайтын хабарлардың есебін жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орган;
6 6) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – ЭАЕҚ) – мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алудың деректері қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпаратты электрондық түрде тасымалдаушы.
4
4. Хабарларды есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізген тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары нәтижесінде қалыптасқан сенімді және жеткілікті құқықтық статистикалық ақпаратты жинау, есепке алу, талдау және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну мақсатында жүзеге асырылады.
5 5. Хабарларды есепке алу рәсімі келесіні қамтиды:
1 1) бақылау және қадағалау органдары уәкілетті органға жолдайтын хабарларды уәкілетті органда есепке алу;
2 2) электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну.
2 2. Бақылау және қадағалау органдарының уәкілетті органға жолданатын хабарларын есепке алу тәртібі
6 6. Бақылау және қадағалау органдары жолдайтын хабарларды есепке алуды тексерілетін субъектінің (объект) орналасқан жері бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
7 7. Хабарларды есепке алу бақылау және қадағалау органдары уәкілетті органға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жолдайтын ЭАЕҚ қою арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі– №1-У карточкасы).
8 8. Уәкiлеттi органның қызметкері №1-У карточкасын алған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей есепке алу субъектілеріне есепке алу нөмірін көрсете отырып, хабарлардың есебін жүргізу туралы хабарлама жолдайды.
9
9. Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 8-тармағына сәйкес есеп жүргізудің субъектілері бақылаудың нәтижелері туралы актіні дайындағаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей бақылау және қадағалаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері туралы деректерді № 1-У карточкасын толтыру арқылы Тексеру субъектілері және объектілерінің бірыңғай тізілімі (ТСОБТ) деректер қорына енгізеді.
10 10. № 1-У карточкасының деректемелерін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүеге асыратын адам толтыруы тиіс.
№1-У карточкасының сандық ақпараттық, соның ішінде сөздік деректемені қамтитын көрсеткіштерінде уәкілетті орган белгілеген кодты белгілердің нөмірлері көрсетіледі.
Енізілген мәліметтердің сенімділігін, тұтастығын, объективтілігі мен уақытылы болуын қамтамасыз ету мемлекеттік органның басшысына және №1-У карточкасын толтырған жауапты тұлғаларға, ал алқалы мемлекеттік органдарда осы бағытқа жетекшілік ететін алқалы мемлекеттік органдардың мүшелеріне және №1-У карточкасын толтырған жауапты тұлғаларға жүктеледі.
11
11. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бірыңғай нысанда және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша № 1-У карточкаларының мәліметтері негізінде «Бақылау және қадағалау органдарының уәкілетті органға жолдайтын хабарларды есепке алу туралы» № 1-У нысанды есеп құрастырады (бұдан әрі - №1-У есеп) (Excel электрондық кесте форматында).
Әр аймақ бойынша және мемлекеттік орган бойынша № 1-У есептерді тоқсан сайын үдемелі қоытындымен құрастырылады және есептік кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне қағаз және электрондық түрде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің осы есептерінің деректері негізінде уәкілетті органның орталық аппараты өңірлер мен субъектілер бөлінісінде жиынтық есепті құрастырады.
Уәкілетті орган республика бойынша № 1-У жиынтық есебін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне ұсынады.
1 Бақылау және қадағалау органдары уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу бойынша мәліметтерді №1-У-нысанды есепке алу карточкасы
Бақылау және қадағалау органдары өз
құзыреті шегінде құқықтық статистика
және арнайы есепке алу саласында
статистикалық қызметті жүзеге асыратын
уәкілетті органға жолдайтын
хабарлардың есебін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Бақылау және қадағалау органдары уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу бойынша мәліметтерді №1-У-нысанды есепке алу карточкасы
1. Хабарды жіберген мемлекеттік органның атауы: [органның коды бойынша сөздік деректер]
2. Мемлекеттік органның деңгейі: [республикалық -1, аймақтық – 2, қалалық -3, аудандық – 4, ауылдық – 5]
3.Тексерілетін субъектінің түрі: [1-жеке тұлға; 2-заңды тұлға; 3-жеке кәсіпкердің субъектісі, сонымен қатар: 3-1 – шағын кәсіпкерлік, 3-2 – кіші кәсіпкерлік, 3-4 – орта кәсіпкерлік, 3-5 – үлкен кәсіпкерлік; 4 – мемлекеттік мекемелер, соның ішінде: 4-1 –мемлекеттік орган, 4-2 – мемлекеттік кәсіпорындар; 5 –коммерциялық емес мекемелер]
3.1. Ұйымдастыру – құқықтық нысан: [сөздік дерек]
3.2.Тексерудегі субъект қызметінің түрі (негізгі): [қызмет саласы бойынша сөздік дерек]
3.3. Тексерудегі субъектінің ЖСН/БСН: [нөмір]
3.4. Тексерілетін субъектінің атауы: [мәтін]
3.5. Тексерілетін субъектінің мекен-жайы: [мәтін]
4. Тексерілетін субъектінің қызметінің түрі: [қызмет саласы бойынша сөздік дерек]
4.1. Тексерілетін объектінің атауы: [мәтін]
4.2. Тексерілетін объектінің мекен-жайы: [мәтін]
4.3. Объектінің тұрған учаскесінің алаңы: [мәтін]
5. Тексерілетін субъектінің қауіп дәрежесі(объектінің): [тәуекел топтары бойынша сөздік деректемесі]
6. Хабар субъектісінің тіркеу нөмірі: [нөмір]
7. Хабар күні: [күні]
8. Бақылау және қадағалау жүргізудің өзге нысанының (мемлекеттік) мерзімі – : [күні] бастап
8.1. [күні] дейін
9. тексерілетін мерзім – [күні] бастап
9.1. [күні] дейін
10. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның қолы (тұлғалардың) лауазымы А.Т.Ә. [мәтін]
11. Хабар негізі (ХХХ): [1ХХ – тексерілетін субъектілерге (объектілер) бару арқылы бақылау мен қадағалаудың басқа нысандарын жүргізу; 2 – бағыттау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген хабарлар]
11.1. Олардың арасында тексерілетін субъектілерге (объектілер) бару арқылы бақылау мен қадағалаудың басқа нысанын келесі негізде жүргізеді: [1 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 1)-тармақшасы, 2 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасы, 3 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасы, 4 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 4)-тармақшасы, 5 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 5)-тармақшасы, 6 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 6)-тармақшасы, 7 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасы, 8 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 8)-тармақшасы, 9 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 9)-тармақшасы, 10 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 10)-тармақшасы, 11 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 11)-тармақшасы, 12 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 12)-тармақшасы, 13 - бюджет заңнамасы]
11.2. Хабарлар бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу аясы, оны бағыттау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген : [заңнама саласы бойынша сөздік деректеме]
12. Бақылаудың басқа түрін жүргізбеген себебі: [1 – бас тарту, 2 – тоқтату, 3 – (заңсыз) жарамсыз деп тану, 4 - басқа]
12.1. Шешім қабылдады: [1 – мемлекеттік орган, 2 – сот, 3 – прокурор, 4 – уәкілетті орган]
12.2. Шешім күні: [күні]
13. Хабарлар бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері туралы мәліметтер, оларды бағыттау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген: [1 - бұзушылықтар анықталған жоқ; 2 - бұзушылықтар анықталды]
14. Мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қорытынды құжат әзірленді: [1- анықтама, 2 – қол қою, 3 – қорытынды, 4 – басқа]
Уәкілетті органның қызметкері толтырады
15. Уәкілетті органның бөлімшесі: органның коды бойынша сөздік деректемесі]
16. Хабарлардың есебін жүргізу күні: [күні]
17. Есептің реттік нөмірі: [нөмір]
18. А.Т.Ә., лауазымы, хабарды қабылдаған уәкілетті органның қызметкерінің қолы: [мәтін]
2 «Бақылау және қадағалау органдарының уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу туралы»
Бақылау және қадағалау органдары өз
құзыреті шегінде құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
саласында статистикалық
қызметті жүзеге асыратын уәкілетті
органға жолдайтын хабарлардың
есебін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
«Бақылау және қадағалау органдарының уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу туралы»
Нысан
Барлық келіп түскен хабарлар
жеке кәсіпкерліктің субъектілері
2-ші бағаннан
жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар
мемлекеттік кәсіпорындар
мемлекеттік мекемелер
Олардың ішінен мемлекеттік органдар (9-шы бағаннан )
коммерциялық емес ұйымдар
соның ішінде кіші кәсіпкерліктің объектілері
олардың ішінен микро кәсіпкерліктің субъектілері (3-ші бағаннан)
соның ішінде орта кәсіпкерліктің объектілері
соның ішінде ірі кәсіпкерліктің объектілері
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Бақылау мен қадағалау органдары уәкiлеттi органға жолдайтын хабарлар шығарылған тексерілетін субъектілер (объектілердің) саны
1
Соның ішінде олар бойынша бара отырып бақылау және қадағалаудың өзге нысандарын жүргізу туралы хабарлар шығарылған тексерілетін субъектілердің (объектілердің) саны (1-ші жолдан)
2
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізілмеген деп есептен алынған тексерілетін субъектілер (объектілер) саны
(1-ші жолдан)
3
Олардың ішінен бара отырып мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары жүргізілмеген деп есептен алынған тексерілетін субъектілер (объектілер) саны
(3-ші жолдан)
4
Олар бойынша бұзушылықтар анықталған тексерілетін субъектілер (объектілер) саны (1-ші жолдан)
5
Соның ішінде олар бойынша бара отырып бақылау және қадағалаудың өзге нысандары нәтижесі бойынша бұзушылықтар анықталған тексерілетін субъектілер (объектілер) саны
(6-шы жолдан)
6
Кестенің жалғасы
Бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарының түрлері
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 1)-тармақшасы
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасы
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасы
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 4)-тармақшасы
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 5)-тармақшасы
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 6)-тармақшасы Предпринимательского кодекса
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасы
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 8)-тармақшасы
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 9)-тармақшасы
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 10)-тармақшасы кодекса
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 11)-тармақшасы кодекса
Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 12)-тармақшасы кодекса
Бюджет заңнамасын сақтау
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24