Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги "Аккредитация негосударственных аттестационных центров по аттестации инженерно-технических работников, участвующих в процессе проектирования и строительства"

Бұйрық · № 75 · қабылданған 12.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99417/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги "Аккредитация негосударственных аттестационных центров по аттестации инженерно-технических работников, участвующих в процессе проектирования и строительства" Күшін жойған Бұйрық ·№ 75 ·12.02.2016
04.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Аккредитация негосударственных аттестационных центров по аттестации инженерно-технических работников, участвующих в процессе проектирования и строительства"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 75 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги "Аккредитация негосударственных аттестационных центров по аттестации инженерно-технических работников, участвующих в процессе проектирования и строительства"
Атауы (қаз.)
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
12.02.2016
Көрсетілген редакция
04.02.2021 99417_509674.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013211
ЭКБ идентификаторы
99417
Редакция идентификаторы
99417_509674
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:32

0 «Жобалау және құрылыс салу

процесіне қатысушы
инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау
жөніндегі мемлекеттік емес
аттестаттау орталықтарын
аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 75
бұйрығымен бекітілді
«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1 1) құжаттар топтамасын тапсырылған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауы тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – куәлік) немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

7 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8 8. Жұмыс кестесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

2

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды жібереді.

10 10. Көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіз болады.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10 кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не болмаса Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

12 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

13 13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Көрсетілетін қызметті берушінің.

14 14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.kds.miid.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

1 АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
№ 00000
Осы аккредиттеу туралы куәлік __________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжай)
жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау құқығын жүзеге асыруға берілді
және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.
Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін
Уәкілетті орган _______________________________________
қала ___________ 20__ж. « » ___________

2 ӨТІНІШ

«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
ӨТІНІШ
_________________________________________________________ -ге
(уәкілетті органның толық атауы)
________________________________________________________-ден
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру
нөмірінің деректемелері)
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуді өтінемін
Мекенжай ___________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Банк шоты ___________________________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) ______________________________
____________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілетін құжаттар _______________________________________________
____________________________________________________________________
___ парақ қоса беріледі
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _____________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________

3 Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарын аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары

«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау
жөніндегі аттестаттау орталықтарын аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары
Р/с

Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры
Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1
бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­ға жа­у­ап­ты оқы­ту­шы­лық құ­рам­ның бо­луы
осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 4-қо­сым­ша­ға­сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны, ди­плом­дар­дың кө­шір­ме­ле­рі, жұ­мыс өті­лі­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі, өті­ніш бе­ру­ші­мен ең­бек қа­ты­на­ста­рын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі
2
ат­те­стат­тау жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты тех­ни­ка­лық құ­рам­ның бо­луы
осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны, өті­ніш бе­ру­ші­мен ең­бек қа­ты­на­ста­рын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі
3
оқы­ту және ат­те­стат­тау жүр­гі­зу үшін мен­шік құқы­ғын­да неме­се өзге де заң­ды негіз­де, са­ни­та­ри­я­лық та­лап­тар­ды қа­на­ғат­тан­ды­ра­тын, ала­ңы ке­мін­де 100 (жүз) шар­шы метр әкім­ші­лік-тұр­мыстық үй-жай­лар­дың бо­луы, бұл рет­те те­сті­леу және оқы­ту өт­кізу­ге ар­нал­ған үй-жай­лар ке­мін­де 45 (қы­рық бес) шар­шы метр бо­луы қа­жет.
Бұл рет­те те­сті­леу және оқы­ту өт­кізу­ге ар­нал­ған үй-жай­лар бі­рік­ті­рі­луі мүм­кін
осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны.
Әкім­ші­лік-тұр­мыстық үй-жай­лар болған кез­де: жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сін тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі, тех­ни­ка­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі. Өзге де заң­ды негіз­дер ке­зін­де: жал­дау шар­ты­ның кө­шір­ме­сі, жал­ға бе­ру­ші­нің жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сін тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі, тех­ни­ка­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі
4
оқы­ту және ат­те­стат­тау жүр­гі­зу үшін са­ни­та­ри­я­лық та­лап­тар­ды қа­на­ғат­тан­ды­ра­тын ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жа­рақ­тан­ды­ру­дың, оның ішін­де ке­мін­де 10 (он) орын­ның бо­луы
осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны
5
ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық жұ­мыс­кер­лер­ді ат­те­стат­тау үшін бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің бо­луы
осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны
6
нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық және әдіс­на­ма­лық әде­би­ет­тер­дің бо­луы
осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны
7
оқы­ту және ат­те­стат­тау өт­кі­зу үшін бе­кі­ті­л­ген тест сұ­рақ­та­ры­ның, бе­кі­ті­л­ген іш­кі қа­ғи­да­лар мен ре­гла­мент­тер­дің бо­луы
осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны

4 Мәліметтер нысаны

«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
Мәліметтер нысаны

1 1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________

2 2) Лауазымы _________________________________________________________

3 3) Осы ұйымда жұмыс жасайды ________________________________________

(тұрақты немесе уақытша көрсету)

4 4) Жұмыс өтілі ______________________________________________________

(мамандық бойынша және атқаратын лауазымында көрсету)

5 5) Оқу орнының атауы ________________________________________________

6 6) Бітірген жылы _____________________________________________________

7 7) Диплом бойынша біліктілігі _____________________________________

8 8) Диплом бойынша мамандығы ______________________________________

9 9) Мекенжайы __________________________________________________

___________________________________________________________________

10 10) Үй-жайдың сипаттамасы, алаңы ______________________________

11 11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________

___________________________________________________________________

12 12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________

13 13) Атауы _____________________________________________________

___________________________________________________________________

14 14) Өлшем бірлігі _____________________________________________

15 15) Саны ______________________________________________________

___________________________________________________________________

16 16) Пайдалану мерзімі _________________________________________

17 17) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы ______________

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

18 18) Атауы: ____________________________________________________

___________________________________________________________________

19 19) Өлшем бірлігі _____________________________________________

20 20) Саны_______________________________________________________

___________________________________________________________________

21 21) Пайдалану мерзімі _________________________________________

___________________________________________________________________
Нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы мәліметтер

22 22) Атауы: ____________________________________________________

___________________________________________________________________

23 23) Өлшем бірлігі _____________________________________________

24 24) Саны ______________________________________________________

___________________________________________________________________

25 25) Атауы: ____________________________________________________

___________________________________________________________________

26 26) Өлшем бірлігі _____________________________________________

27 27) Саны ______________________________________________________

___________________________________________________________________

28 28) Ескертпе __________________________________________________

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қолданыстағы