Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 4 · қабылданған 06.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99439/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 4 ·06.01.2016
15.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 4 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
06.01.2016
Көрсетілген редакция
15.09.2016 99439_110654.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VF004370
ЭКБ идентификаторы
99439
Редакция идентификаторы
99439_110654
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:15

0 Мүгедектер үшін жұмыс

орындарының квотасын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес, жұмыспен қамту саясатын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.

2

2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 19 қаңтардағы нөмірі 17 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3702 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы нөмірі 17 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы