Об определении администратора и регистратуры доменных имен
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении администратора и регистратуры доменных имен
- Атауы (қаз.)
- Домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 64
- Қабылданған күні
- 26.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2018 99460_305475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013204
- ЭКБ идентификаторы
- 99460
- Редакция идентификаторы
- 99460_305475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:53
0 Домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендік аттардың әкімшісі болып «Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі;
2 2) Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендік аттардың тіркеуішісі болып «Қазақ желілік ақпарат орталығы» мекемесі айқындалсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.