Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области сельского хозяйства

Бұйрық · № 18 · қабылданған 22.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99461/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области сельского хозяйства Қолданыста Бұйрық ·№ 18 ·22.01.2016
20.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области сельского хозяйства

Қолданыста Бұйрық ·№ 18 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области сельского хозяйства
Атауы (қаз.)
Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
22.01.2016
Көрсетілген редакция
20.07.2023 99461_646298.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013155
ЭКБ идентификаторы
99461
Редакция идентификаторы
99461_646298
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:55

0 Ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2

2. «Агроөнеркәсіп кешені саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № 20/255 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8546 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 268 (28207) санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 22 қантардағы
№ 18 бұйрығымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

1 1.Жалпы ережелер

1

1. Осы Ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 139-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2 2. Қызметшiлердi аттестаттау – қызметшілердің кәсiптiк және бiлiктiлiк даярлығының, iскерлiк қасиеттерiнiң деңгейiн айқындау жөнінде кезеңдеп жүзеге асырылатын рәсiм.

3 3. Аттестаттау кезiнде негiзгi бағалау өлшемшарты қызметшiлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау қабiлетi болып табылады.

4 4. Жүктi әйелдерден басқа барлық қызметшiлер аттестаттаудан өтедi.

5 5. Қызметшiлер азаматтық қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес аттестаттаудан өтедi.

Бала күтiмi бойынша демалыста жүрген қызметшiлер қызметке шыққаннан кейiн алты айдан кейiн аттестаттаудан өтеді.
Қызметшiлердi олардың өтiнiшi бойынша аттестаттау жоғарыда белгiленген мерзiмдер өткеннен кейін өткiзіледі.

6 6. Аттестаттау мынадай кезекті кезеңдерді қамтиды:

1 1) аттестаттауды өткізуге дайындау;

2 2) аттестаттауды өткізу;

3 3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

2 2. Аттестаттауды өткiзуге дайындау

7 7. Аттестаттауды өткiзуге дайындықты басшының тапсырмасы бойынша аттестаттайтын ұйымның кадр қызметi ұйымдастырады және ол мынадай iс-шараларды қамтиды:

1 1) аттестаттауды өткiзу кестесiн әзiрлеу;

2 2) аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау;

3 3) аттестаттау өткiзудiң мақсаты мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру.

8 8. Кадр қызметi осы Қағидалардың 4, 5 – тармағына сәйкес аттестаттауға жататын қызметшiлердi алты ай iшiнде бiр рет айқындайды.

9 9. Ұйымның басшысы кадр қызметiнiң ұсынысы бойынша бұйрық шығарады, сол бұйрықпен аттестатталатын адамдардың тiзiмi, аттестаттауды өткiзу кестесi және аттестаттау комиссиясының құрамы бекiтiледi.

10 10. Кадр қызметi аттестаттауды өткiзу мерзiмдерi туралы оны өткiзудiң басталуына кемiнде бiр ай қалғанда қызметшiлердi жазбаша хабардар етедi.

11 11. Аттестатталуға тиiс қызметшiнiң тiкелей басшысы қызметтiк мiнездеменi рәсiмдеп, оны кадр қызметiне жолдайды.

12 12. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметшінің кәсіби, жеке қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген, шынайы бағасын қамтуға тиiс.

13 13. Кадр қызметi аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн кемiнде үш апта бұрын қызметшiнi оған берiлген қызметтiк мiнездемемен таныстыруға тиіс.

14 14. Қызметшi өзiне берiлген қызметтiк мiнездемемен келiспейтiн жағдайда кадр қызметiне жазбаша түрінде ол туралы өтінішті және қосымша өзiн сипаттайтын ақпаратты ұсынады.

15 15. Кадр қызметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге жататын азаматтық қызметшінің аттестаттау парағын ресімдейді.

16 16. Кадр қызметi жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.

17 17. Аттестаттау комиссиясы комиссия мүшелерінен және хатшысынан тұрады. Ұйымның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң iшiнен төраға тағайындайды.

18 18. Аттестаттау комиссиясының төрағасы отырыстарда төрағалық етеді, қабылданатын шешiмдерiне жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.

19 19. Аттестаттау комиссиясының құрамына бөлiмшелердiң, оның iшiнде кадр және заң қызметтерiнiң басшылары, ұйым қызметкерлерінің өкiлi енгiзiледi.

20 20. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерiн алмастыруға жол берiлмейдi.

21

21. Аттестаттау комиссиясының хатшысы кадр қызметiнiң өкiлi болып табылады, оны кадр қызметінің басшысы айқындайды. Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиiстi материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейiн хаттама ресiмдейдi. Хатшы аттестаттау комиссиясына техникалық қызмет көрсетедi және дауыс беруге қатыса алмайды.

22 22. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi аттестаттаудан жалпы негiзде өтедi.

23 23. Құрамының кемінде үштен екісі қатысқан аттестаттау комиссиясының отырысы заңды деп есептеледi.

24

24. Дауыс берудің нәтижелері аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағын толтыру қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

25 25. Аттестаттау комиссиясы мүшесiнiң ерекше пiкiрі жазбаша түрде жазылып, хаттамаға қоса беріледі.

3 3. Аттестаттауды өткізу тәртібі

26 26. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді.

Аттестаттаудан өтуші аттестаттау комиссиясы отырысына орынды себеп бойынша келмеген жағдайда хаттамаға тиісті жазба енгізіледі және бекітілген кестеге сәйкес аттестаттау өткізудің жаңа мерзімі белгіленеді.

27 27. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді және аттестатталатын қызметшiні тыңдайды.

Аттестатталатын қызметшiге берілетін сұрақтар оның кәсіби біліктілігінің, құзыреттілігінің, дағдылық және шеберлік деңгейін анықтауға бағытталады.
Аттестатталатын қызметшiнің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін талқылау объективті, сыпайы және жанашырлық жағдайда өткізіледі.

28 28. Ұсынылған материалдарды зерделеу және қызметшімен әңгімелесу нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2 2) қайтадан аттестатталуға жатады;

29 29. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына кіретін аттестаттаудан өтушi қызметшi өзiне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

30 30. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткеннен кейiн осы Қағидаларда айқындалған тәртiппен өткізіледi. Қайта аттестаттауды өткізгеннен кейін аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2 2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

31 31. Аттестаттау комиссиясы қызметші атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген шешім қабылдаған жағдайда, оған Кодекстің 52-бабы қолданылады.

32 32. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің және хатшының қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді.

33 33. Азаматтық қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылады.

34 34. Азаматтық қызметшінің аттестаттау парағы және қызметтік мінездемесі оның жеке іс қағазында сақталады.

35 35. Азаматтық қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

1 Ауыл шаруашылығы саласында

қызметін жүзеге асыратын азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
Нысан
Аттестаттау түрі: кезекті – _________________; қайталап – __________________
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу)

1 1. Аты, әкесінің аты (бар болса), тегi:

__________________________________________________________________________

2 2. Туған күнi _______жылғы «___» _______.

3 3. Бiлiмi, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау туралы мәлiметтер (қашан және қандай

оқу орнын тәмамдаған, бiлiмi бойынша мамандығы және біліктілігі, бiлiктiлiгiн
арттыру, қайта даярлау, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, берiлген күнi туралы
құжаттар):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

4 4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күнi:

__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

5 5. Жалпы еңбек өтiлi: _________________________________________

6 6. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстары:

__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

7 7. Аттестатталушының ой-пiкiрi:

__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

8 8. Аттестатталушының қызметтiк мiнездемесiне сәйкес азаматтық қызметшiнiң

қызметiн тiкелей басшысының бағалауы:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

9 9. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшелері қатысты.

10 10. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын қоса берілген бағалау парағына

сәйкес дауыс беру нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы саласында қызметін жүзеге
асыратын азаматтық қызметшінің қызметінің бағасы:

1 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) ________;

2 2) қайтадан аттестатталуы тиіс (дауыс саны) ____________;*

3 3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) _______.**

Қорытынды баға ____________________________________________________________
___________________________________________________________________________

11 11. Аттестаттау комиссиясының ұсыныстары (дәлелдемелерімен қоса):

___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

12 12. Ескертпелер: ____________________________________________________________

___________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелерi: ___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
Аттестаттаудың өткiзiлген күнi 20___жылғы «___»__________
Ұйым басшысының аттестаттау қорытындылары бойынша шешiмi:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым: _____________________________________________
(азаматтық қызметшінің қолы және күні)
Ұйым мөртаңбасының орны
Ескертпе:
* қайтадан аттестаттаудан өткен кезде бағасы қойылмайды;
** бағасы қайтадан аттестаттаудан өткен кезде ғана қойылады.

2 Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшіні бағалау парағы (аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)

Ауыл шаруашылығы саласында
қызметін жүзеге асыратын
азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша
Нысан
Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшіні бағалау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)
Аттестаттау түрі: кезекті – ___; қайтадан өту – ___
(керектісін Х белгісімен белгілеу керек)
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде):_________________________________________
________________________________________________________________________________
Лауазымы: ______________________________________________________________________
Аттестатталуышының бағасы:
________________________________________________________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлық емес)
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі (төмендегінің бірі: атқаратын лауазымына
сәйкес, қайталап аттестациялауға жатады*, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді**):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясы мүшелері шешімінің негіздемесі:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшесі: ______________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: _____________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Күні 20__ жылғы «___» ____________
Ескертпе:
* қайтадан аттестаттаудан өткен кезде шығарылмайды;
** қайтадан аттестаттаудан өткен кезде ғана шығарылады

Қолданыстағы