Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня открытых данных Министерства энергетики Республики Казахстан, размещаемых на интернет-портале открытых данных

Бұйрық · № 25 · қабылданған 25.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99485/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня открытых данных Министерства энергетики Республики Казахстан, размещаемых на интернет-портале открытых данных Күшін жойған Бұйрық ·№ 25 ·25.01.2016
16.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня открытых данных Министерства энергетики Республики Казахстан, размещаемых на интернет-портале открытых данных

Күшін жойған Бұйрық ·№ 25 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня открытых данных Министерства энергетики Республики Казахстан, размещаемых на интернет-портале открытых данных
Атауы (қаз.)
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25
Қабылданған күні
25.01.2016
Көрсетілген редакция
16.04.2021 99485_519812.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013107
ЭКБ идентификаторы
99485
Редакция идентификаторы
99485_519812
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:55

0 Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің

ашық деректер тізбесін бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар
және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2016 жылғы 25 қаңтар

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика Министрінің
2016 жылғы 25 қаңтардағы
№ 25 бұйрығымен
бекітілді
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ашық деректер тізбесі
р/с№
Ашық деректер жиынтығының атауы
Жаңартып отыру кезеңі
Ұсыну мерзімі
Дереккөзі (ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы)
Жауапты
1.
Қазақстан Республикасында мұнай өндіру көлемі
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын
Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы («Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі)
Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті

(техникалық бөлігі бойынша
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)
2.
Қазақстан Республикасында газ өндіру көлемі
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын
Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы («Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі)
Газ өнеркәсібін дамыту департаменті

(техникалық бөлігі бойынша
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)
3.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларынының тауарлары, жұмыстары және көрсетілетін қызметтеріндегі жергілікті қамту
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын
Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы («Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі)
Жер қойнауын пайдалану департаменті

(техникалық бөлігі бойынша
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)
4.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларының тауарларындағы жергілікті қамту
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын
Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы («Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі)
Жер қойнауын пайдалану департаменті

(техникалық бөлігі бойынша
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)
5.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларының көрсететін қызметтеріндегі жергілікті қамту
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын
Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы («Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі)
Жер қойнауын пайдалану департаменті

(техникалық бөлігі бойынша
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)
6.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларының жұмыстарындағы жергілікті қамту
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын
Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы («Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі)
Жер қойнауын пайдалану департаменті

(техникалық бөлігі бойынша
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)
7.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларының кадрларындағы жергілікті қамту
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын
Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы («Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі)
Жер қойнауын пайдалану департаменті

(техникалық бөлігі бойынша
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)
8.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларының 1-санатты кадрларындағы (басшылық құрам) жергілікті қамту
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын
Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы («Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі)
Жер қойнауын пайдалану департаменті

(техникалық бөлігі бойынша
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)
9.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларының 2-санаттағы кадрларындағы (жоғары және орта кәсіби білімді мамандар) жергілікті қамту
Тоқсан сайын
Тоқсан сайын
Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы («Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі)
Жер қойнауын пайдалану департаменті

(техникалық бөлігі бойынша
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)
10.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларынының 3-санатты кадрларындағы (білікті жүмыскерлер) жергілікті қамту

Қолданыстағы