Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги «Аккредитация юридических лиц, осуществляющих технический надзор и техническое обследование по объектам первого и второго уровней ответственности»

Бұйрық · № 72 · қабылданған 12.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99504/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги «Аккредитация юридических лиц, осуществляющих технический надзор и техническое обследование по объектам первого и второго уровней ответственности» Күшін жойған Бұйрық ·№ 72 ·12.02.2016
04.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги «Аккредитация юридических лиц, осуществляющих технический надзор и техническое обследование по объектам первого и второго уровней ответственности»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 72 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги «Аккредитация юридических лиц, осуществляющих технический надзор и техническое обследование по объектам первого и второго уровней ответственности»
Атауы (қаз.)
«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72
Қабылданған күні
12.02.2016
Көрсетілген редакция
04.02.2021 99504_509687.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013210
ЭКБ идентификаторы
99504
Редакция идентификаторы
99504_509687
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:32

0 «Бірінші және екінші

жауапкершілік деңгейіндегі
объектілер бойынша
техникалық қадағалауды және
техникалық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отрыған «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 12 ақпандағы
№ 72 бұйрығымен
бекітілді
«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық
қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері 20-40 минут.

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8 8. Жұмыс кестесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

2

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

9 9. Қызметті алушы (өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1 1) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі техникалық қадағалау жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сұрау;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

2

2) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстары жөніндегі қызметті көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сұрау;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстары жөніндегі жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;
инженер-геодезист дипломының электрондық көшірмесі.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10 кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не болмаса Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

11 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

12 12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Көрсетілетін қызметті берушінің.

13 13. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.kds.miid.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

1 АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Аккредитация туралы осы куәлік __________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы )
_____________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжай)
____________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі
(тиісті жауапкершілік деңгейі)
техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді
Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін
Уәкілетті орган _______________________________________
қала ___________          20__ж. « » ___________

2 АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Осы аккредиттеу туралы куәлік ______________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы )
_____________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжай)
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.
Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін
Уәкілетті орган _______________________________________
қала ___________          20__ж. « » ___________

3 ӨТІНІШ

«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
ӨТІНІШ
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі
(тиісті жауапкершілік деңгейі)
техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Филиалдар (өкілеттіктер, объектілер, пунктер, учаскелер) ____________________
______________________________________________________________________
(орналасқан орны және деректемелері)
Банк шоты ____________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _________________________________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
толтырылған күні: 20 жылғы « »___________

4 Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық
күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

1 1) Техникалық қадағалау сарапшысының тиісті аттестаты бар қызметкерлері туралы мәліметтер

Р/с №
Те­гi, аты, әкесiнiң аты (болған жағ­дай­да), Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Са­рап­шы ат­те­ста­ты­ның №, бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
Ат­те­стат бой­ын­ша ма­ман­да­нуы
Ди­плом бой­ын­ша ма­манды­ғы
Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды
жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша мә­лі­мет
Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды
жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дың бо­луы
Объ­ек­ті­нің ата­уы
(са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес)
Тап­сы­рыс бе­ру­ші
Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру ба­стал­ған/ аяқ­тал­ған
кү­ні
Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілері техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді

2 2) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының болуы туралы мәліметтер

Р/с

Өл­шеу және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­ның мар­ка­сы мен ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Пай­да­ла­ну
мер­зі­мі
Тек­се­ру мер­зім­де­рі
Ес­керт­пе

3 3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік құжаттарының болуы туралы мәліметтер

Р/с

Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Ес­керт­пе

4 4) Меншік құқығындағы немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәліметтер

Р/с

Зерт­ха­на­ның
ата­уы
Зерт­ха­на­ны ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ат­те­стат­тың № және бе­рі­л­ген кү­ні
Ак­кре­дит­теу са­ла­сын си­паттау
Мен­шік­тік құқық­ты рас­тай­тын құ­жат неме­се өзге заң­ды негіз­де­ме
Зерт­ха­на ор­на­лас­қан жер
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны
Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытында хабарлауға міндеттеме аламын.
Дұрыс емес ақпарат ұсынғаным үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген жауаптылықта болатыныма хабардармын.
Басшы __________________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

5 ӨТІНІШ

«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
ӨТІНІШ
______________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.
Мекенжайы _________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай)
нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Филиалдар (өкілеттік, объекті, пункті, учаске) ____________________________________
(орналасқан орны және деректемелері)
Банк шоты __________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _________________________________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20 жылғы « »___________

6 Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша
Нысан
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі
объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын
ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

1

1) Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарды жүзеге асыру бойынша, қала құрылысы, конструктивтік бөлім бойынша маманданған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы бойынша тиісті аттестаты бар және инженер-геодезист дипломы бар қызметкерлер туралы мәлімет
№ р/с
Те­гi, аты, әкесiнiң аты (болған жағ­дай­да), Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Са­рап­шы ат­те­ста­ты­ның №, бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
Ат­те­стат бой­ын­ша ма­ман­да­нуы
Ди­плом бой­ын­ша ма­манды­ғы
Тех­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­уды
жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша мә­лі­мет
Тех­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­уды
жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дың бо­луы
Объ­ек­ті­нің
ата­уы
Тап­сы­рыс
бе­ру­ші
Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді

2 2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасының болуы туралы мәлімет

Р/с

Әкім­ші­лік-тұр­мыстық үй-жай­дың функ­ци­о­нал­дық құ­рам бө­лі­гі
Ала­ңы
Мен­шік­тік құқық­ты рас­тай­тын құ­жат неме­се өзге заң­ды негіз­де­ме
Ме­кен­жайы және ка­дастр­лық нө­мі­рі

3

3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы туралы мәлімет
Р/с

Өл­шеу және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­ның, ком­пью­тер­лер­дің, ли­цен­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың мар­ка­сы мен ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Пай­да­ла­ну
мер­зі­мі
Тек­се­ру мер­зім­де­рі
Ес­керт­пе

4 4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік құжаттарының болуы туралы мәлімет

Р/с

Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Ес­керт­пе

5 5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәлімет

Р/с

Зерт­ха­на­ның
ата­уы
Зерт­ха­на­ны ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ат­те­стат­тың № және бе­рі­л­ген кү­ні
Ак­кре­дит­теу са­ла­сын си­паттау
Мен­шік­тік құқық­ты рас­тай­тын құ­жат неме­се өзге заң­ды негіз­де­ме
Зерт­ха­на ор­на­лас­қан жер
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны
Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытында хабарлауға міндеттеме аламын.
Дұрыс емес ақпарат ұсынғаным үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген жауаптылықта болатыныма хабардармын.
Басшы ______________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Қолданыстағы