Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов

Бұйрық · № 1191 · қабылданған 09.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99510/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов Күшін жойған Бұйрық ·№ 1191 ·09.12.2015
01.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1191 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов
Атауы (қаз.)
Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1191
Қабылданған күні
09.12.2015
Көрсетілген редакция
01.10.2020 99510_484850.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012989
ЭКБ идентификаторы
99510
Редакция идентификаторы
99510_484850
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:10

0 Инновациялық гранттар беру

кезінде технологиялық даму
саласындағы ұлттық даму
институты қызметтеріне ақы төлеу
қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2015 жылғы
29 қазандағы 100-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.

2

2. «Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 140 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11311 болып тіркелген, 2015 жылы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпараттық орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында ресми жариялауды;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ ______________
2015 жылғы 23 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ _______________
2015 жылғы 21 желтоқсан

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар

және даму министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1191 бұйрығымен бекітілді
Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық
даму саласындағы ұлттық даму институты
қызметтеріне ақы төлеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

100-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1 1) грант алушы – инновациялық грант алған жеке немесе заңды тұлға;

2

2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);

3 3) технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты

– индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға және инновациялық даму үрдістерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты;

4 4) инновациялық грант – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;

5 5) өтінім беруші – инновациялық грантты алуға арнаған өтінім берген жеке және (немесе) заңды тұлға.

2 2. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу тәртібі

3. Инновациялық гранттарды беру жөніндегі технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу тиісті қаржы жылына бюджеттік бағдарламамен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтерiнiң құны мыналарға:

1 1) өтінімдер қабылдау, оларды беру тәртібі туралы жұртшылықты хабардар етуге, әлеуетті өтінім берушілермен консультациялар және түсіндіру жұмыстарына;

2 2) инновациялық гранттарды беру рәсімін ұйымдастыруға;

3 3) гранттар берілген индустриялық-инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізуге.

4 4. Инновациялық гранттарды беру жөніндегі технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасындағы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде жүргізіледі.

Қолданыстағы