Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи

Бұйрық · № 105 · қабылданған 28.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99592/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи Қолданыста Бұйрық ·№ 105 ·28.01.2016
12.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи

Қолданыста Бұйрық ·№ 105 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи
Атауы (қаз.)
Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
105
Қабылданған күні
28.01.2016
Көрсетілген редакция
12.07.2024 99592_710739.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013296
ЭКБ идентификаторы
99592
Редакция идентификаторы
99592_710739
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:44

0 Телекоммуникациялар мен

пошта байланысының
әмбебап көрсетілетін қызметтері
саласындағы табиғи монополиялар
субъектілерінің қолданысқа енгізілген
активтердің реттелетiн базасына келетін
пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi
нұсқаулықты бекiту туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 114) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 105 бұйрығымен бекiтiлген
Телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің
қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулық

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 114) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Нұсқаулық телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеуді нақтылайды.

3 3. Нұсқаулық телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы негiздi есептеу мен алу мүмкiндiгi мақсатында әзiрлендi.

4 4. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негiзгi ұғымдар:

1

1) леверидж - қаржыландырудың жалпы құрылымындағы субъектiнiң заемдық және жекеменшiк капиталының арақатынасын сипаттайтын шама, яғни негiзгi құралдарға жүргiзiлген соңғы қайта бағалауды ескерiп барлық капитал құрылымындағы (меншiк және заемдық капиталдың сомасы) нақты қарызға алынған қаражаттардың үлесi. Леверидждiң деңгейi нөлден кем емес шама болып табылады. Субъектiнiң жеке капиталының теріс мәнi жағдайында, леверидж деңгейi бiрге тең шама ретiнде қабылданады;

2

2) қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасы – меншiкте және өзге де заңды негіздерде орналасқан, телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы оператордың бухгалтерлік теңгерімінде көрінетін және қызметтердi өндiру және (немесе) көрсету кезiнде пайдаланылатын активтердiң құны;

3 3) қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесі - телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы оператор капиталының құнына сәйкес келетiн операциялық пайданың нормасы.

2 2 тарау. Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу тәртібі

5 5. Субъектінің іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі табыс нормасын айқындайтын, қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлеуге тиіс капиталдың орташа өлшенген құнының әдісі арқылы айқындалады.

Капиталдың орташа өлшенген құнының экономикалық есептеу мағынасы инвестициялық жобаның ең төменгі табыс деңгейін (пайдалылық, рентабельділік) есептеуден тұрады. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесі, бұл инвестор қаржыландыруды тарта алатын пайыз мөлшерлемесі.

6 6. Қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі мына формула бойынша айқындалады:

rd = rf + БС,
мұндағы:
rd – қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі;
rf – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып айқындалатын тәуекелсіз мөлшерлеме;
БС (борыштық сыйақы) – Субъект шығарған және егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алған болса, айналымдағы сол мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты айналымдағы борыштық міндеттемелерге арналған сыйақы негізінде айқындалатын Субъект бойынша тәуекелге арналған борыштық сыйақы. Бұл ретте, ол телекоммуникациялар және почта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы қызмет түрімен айналысатын және Қазақстан Республикасының аумағында осындай кредиттік рейтингі бар субъектілердің тәуекелі үшін борыштық сыйақыларды ескере отырып айқындалады.

Қолданыстағы